
- •Жұө мен жіө, инфляция және жұө дефляторы арқылы түсіндіріңіз.
- •Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as үлгілер көмегімен түсіндіріңіз.
- •Ақша нарығындағы тепе-теңдiк өзгерісін is-lm үлгiсі арқылы анықтаңыз, өз жауабыңызды графикалық түрде негіздеңіз.
- •Тұтынушы бағалар индексін сипаттаңыз және инфляция қарқынын есептеу әдістерін көрсетіңіз.
- •Экономикалық өсудің үлгілерін талдаңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз, мысал келтірініз.
- •Жұө мен жіө, инфляция және жұө дефляторы арқылы түсіндіріңіз.
Ақша нарығындағы тепе-теңдiк өзгерісін is-lm үлгiсі арқылы анықтаңыз, өз жауабыңызды графикалық түрде негіздеңіз.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныстың теңдігімен анықталады: (М/Р)D=(М/Р)S немесе L(r,Y)=M/P.
LM-қысқа мерзімдегі тепе-теңдікті көрсетеді
L
M
қисығы: алгебралық шығарылым.LM
қисығы деген ақша нарығындағы тепе-теңдік
болып табылады,яғни Орталық банктің
ұсынған ақша жиын көлеміндегі ақшаға
сұраныс функциясын қанағаттандыратын
Y пен r барлық үлестірілімдерін тіркейді.
LM қисығының барлық нүктелерінде ақшаға
деген сұранысы олардың ұсынысына тең
болады.
LM қисығының алгебралық шығарылымы:
r=
Y-
*
Y=
*
+
r
k\h коэффиецитенті LM қисығының Y осіне қатысты көлбеуін сипаттайды,ол фискалды және монетарлы саясаттарының салыстырмалы тиімділігін анықтайды. ЛМ қисығы жатықтау болады, егер: 1) ақшаға сұраныстың нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына сезімталдығы жоғары болса; 2) ақшаға сұраныстың ЖІӨ динамикасына сезімталдығы төмен болса.
LM қисығының графигін шығару.LM қисығы деген ақша нарығындағы тепе-теңдік болып табылады,яғни Орталық банктің ұсынған ақша жиын көлеміндегі ақшаға сұраныс функциясын қанағаттандыратын Y пен r барлық үлестірілімдерін тіркейді. LM қисығының барлық нүктелерінде ақшаға деген сұранысы олардың ұсынысына тең болады.
Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдіктіAD-AS үлгілері арқылы түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз.Тауарлар мен қызметтер нарығындағы байланысты түсіну үшін игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдікті қарастыру қажет. Оны IS қисығы арқылы көрсетуге болады. Ол тауарлар мен қызметтер нарығында пайда болатын пайыздық мөлшерлеме мен табыс көлемі арасындағы байланысты көрсетеді. Сондықтан игіліктер нарығы макроэкономикалық моделдердің орталық элементі болып табылады.
Экономика жабық және таза экспорт нөлге тең деп алайық, сонда E жоспарланған шығыстарды, C тұтыну, I жоспарланған инвестиция мен G мемлекеттердің шығыстарды сомасы деп қарастыруға болады: E=C+I+G.
Экономика
нақты шығындар жоспарланған шығындарға
тең болғанда тепе-теңдікте болады.
.
Көптеген фирмалар үшін тепе-теңдікке қол жеткізуде қор басты орын алады.
Е
гер
фирма тауарды тұтынушылар сұранысынан
артық өндірсе, онда олар өздерінің
тауарлық-материалдық қорын өсіреді.
Яғни,
– артықшылық. Егер керісінше, фирмалар
тұтынушылар сұранысынан кем өндірсе,
онда олар қордағы тауарларды сатып,
қорды қысқартып отырады. Яғни,
– тапшылық.
Макроэкономикалық бюджет-салық саясатын IS-LM үлгісінде қарастырыңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз.IS қисығының әрбір нүктесі берілген пайыздық мөлшерлеме кезінде табыстың деңгейін көрсетеді. Фискалды (бюджет-салықтық) саясат – инфляция жоқтығы және экономиканың толық жұмысбастылығы жағдайында бюджеттің шығыстары мен кірістерін макроэкономикалық тепе-теңдікке жету мақсатында мемлекеттік бюджетті бақылау және реттеуді меңзейтін мемлекеттік экономикалық саясат түрі.
Дискреционды бюджет-салық саясатының негізгі құралдары:
Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар (G) көлемдерінің өзгерісі;
Салық салулар (T) сомаларының өзгерісі.
G мен T тұрақты деп алсақ, бюджет-салық саясатының өзгеруі IS қисығын жылжытады. Салықтардың азаюы, мемлекеттік шығындардың өсуі табысты өсіреді, ол IS қисығын оңға жылжытады. Салықтардың өсуі, мемлекеттік шығындардың азаюы табысты азайтып, IS қисығын солға қарай жылжытады.
Тауарлар мен қызметтерге сұранысты өсіретін бюджет-салық саясатының өзгерісі IS қисығын оңға жылжытады. Ал сұранысты кемітетін бюджет-салық саясатының өзгерісі IS қисығын солға жылжытады.
Жоғарыда келтірілген графикте мемлекеттік макроэкономикалық саясаттардың IS қисығын жылжыту формалары көрсетілген.
Өндірістегі еңбек нарығы үлгісін сипаттаңыз және ерекшеліктерін анықтаңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз.Экономика көптеген фирмалардан құралған. Олар өндіріс үшін капитал мен еңбекті пайдаланады. Еңбекақының жоғары дәрежеде болуы, үй шаруашылығы ұсынғысы келген еңбек ұсынысанан артып кетеді. Оны мына формула арқылы өрнектеуге болады:
Сурет 1 – нақты еңбекақының еңбек ұсынысна әсері; Еңбектің ұсыныс қисығы. Әрқашан еңбекті ұсыну еңбекақының жоғарлауына байланысты емес, ол үй шаруашылығының талғамына және нақты еңбекақының көлеміне (салықты алып тастағанда) байланысты болуы мүмкін. Еңбектің шекті өнімділігі (MPL) – бұл еңбектің қосымша бір бірлігін пайдалану нәтижесінде өндірістік өнімнің қосымша көлемі. Егер фирма қосымша бір сағат еңбекті сатып алатын болса, онда шығарылым көлемі МРЬ (Ь еңбек бірлігі) бірлікке өседі. Мұны өндірістік функцияны пайдалана отырып, алгебралық түрде былай жазуға болады: MPL = F(K, L + l) - F(K, L).
Көптеген өндірістік функциялар кемімелі шекті өнім қасиетіне ие.
Еңбектің шекті өнімін еңбек шығынының функциясы арқылы график түрінде (үлгі) түсіндіріңіз, жауабыңызды негіздеңіз.Еңбек күші көп болған сайын, оның өнімділігі (MPL) төмендей түседі. Төмендегі суреттен көретініміз, капиталдың фиксирленген көлемінде еңбек күшін арттыратын болсақ, еңбектің шекті өнімділігі өндірістік функциясының графигімен берілген. Еңбек күші өскен сайын, өндірістік функцияның графигі көлбеу болып, шекті өнімнің төмендеуін көрсетеді.Бәсекеге қабілетті, пайдасын максмалдайтын фирма қосымша еңбек бірлігін жалдау керек па, жоқ па деп ойлайды. Фирма еңбек бірлігін арттырғанда, қосылған еңбек бірлігінің жалақысын алып тастағанда түсетін қосымша пайдасын есептейді. Еңбектің қосымша бірлігінің өнімділігі MPL бірлік өндірсе, одан шығарылған тауар Р бағаға сатылса, қосымша түсімдер құрайды PxMPL.
Сурет - Өндірістік функция
Бұл қисық тұрақты капитал көлемінде, пайдаланатын еңбек көлемінің шығарылатын өнім көлеміне қалай әсер ететіндігін көрсетеді: MPL= F(K, L+l)-F(K,L)
Қосымша еңбек бірлігіне кеткен шығын еңбекақы көлеміне тең болып табыладыW. Сәйкесінше, қосымша еңбекті енгізгендегі пайданың өзгеруі құрайды:
А пайдалар = Д түсім – Д шығындар = (Р х MPL) - W.
А символы (дельта деп оқылады) айнымалының өсуін білдіреді.
Енді бастапқы қойылған: фирма қанша еңбекті пайдаланады? Деген сұраққа жауап бере аламыз. Фирма басшысы қсымша түсімдер Р х MPL еңбекақыдан W артық болғанда, қосымша еңбек бірлігі пайданы арттырады. Сәйкесінше, басқарушы MPL еңбекақыға тең болғанынша, қосымша еңбек бірлігін жалдайтын болады. Фирманың еңбекке сұранысы былай анықталады:
Р х MPL = W.
Біз мұны былай да жаза аламыз:
MPL = W/P.
W/P – нақыт еңбекақы. Нақты еңбекақы – бұл фирманың әрбір еңбек бірлігіне төлейтін, сатып алу қабілеттідігі.
Сурет 3-де еңбектің шекті өнімділігі пайдаланатын еңбек көлеміне тәуелділігін көрсетеді (капиталдың фиксирленген көлемінде). Нақты еңбекақының белгілі бір көлемінде фирма MPL-дің нақты еңбекақы көлеміне тең болғанға дейінгі нүктесінде қосымша еңбек күшін жалдайтын болады. Сәйкесінше, MPL графигі фирманың еңбекке сұранысын көрсетеді.
Сурет – шекті еңбек өнімділігінің графигі
Еңбектің шекті өнімділігі (MPL) пайдаланатын еңбек көлеміне байланысты. График MPL графигі төмен көлбеу жатыр, себебі MPL L өскен сайын төмендейді. Бұл график сонымен қатар, фирманың еңбекке сұранысын көрсететін қисық болып табылады.Қорыта келген, пайдасын арттыруға ұмтылған бәсекелі фирма қанша еңбек және капитал пайдалану керек деген сұрақта, мына ережеге сүйенеді: өндіріс факторларының әрқайсысына, осы факторлардың шекті өнімділігі оның нақты бағасына тең болғанынша, сұраныс жасайды.