Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
modeli_voprosy_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
878.98 Кб
Скачать
  1. Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as үлгілер көмегімен түсіндіріңіз.

Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан бағалар деңгейінде артық сұранысты тудырады. Сонан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі w/P нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижеде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуі арқасында еңбек нарығында тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен AD жаңа қисығының қиылысуымен анықталады.

Классикалық жағдайдағы AD-AS моделі

Кейнстің жағдайында, атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген атаулы жалақы w шартында нақты жалақы w/P төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижеде шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан экономикада бағалар деңгейінің де, шығарылымның да өсуі байқалады.

Кейнстің жағдайындағы AD-AS моделі

Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейінің өзгеруісіз шығарылымның өзгеруін тудырады.

Кейнстің шектік жағдайындағы AD-AS моделі

Жиынтық ұсыныстың кенет өзгеруі жиынтық ұсыныстың талықсытпасы (шоктары) деп аталады. Шоктар жағымды және жағымсыз болады. Олар жаңалық ашу, мұнайға әлемдік бағалардың кенет өзгеруі арқасында пайда болуы мүмкін.

  1. IS-LM үлгiсiнің негізгі шарттары мен байланыстарын түсіндіріңіз.IS–LM үлгісі – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, қысқа мерзімдегі экономикалық өзгерістерді айқындайтын, экономикалық саясаттың салдарын талдайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі болып табылады. Оның теңдеулері келесідей:

  1. Y = C + I + G + Xn – негізігі макроэкономикалық тепе-теңдік.

  2. C = a + b(Y – T) – тұтыну функциясы;

  3. I = ed×i – инвестиция функциясы;

  4. Xn= gm×Yn×i – таза экспорт функциясы.

  5. – ақшаға сұраныс функциясы

  • Үлгінің ішкі айнымалылары: Ү – табыс, С – тұтыну, І – инвестиция, Хn – таза экспорт, i – пайыздық мөлшерлеме.

  • Үлгінің сыртқы айнымалылары: G – мемлекеттік шығындар, MS– ақша ұсынысы, T – салық мөлшерлемесі.

  • Эмпирикалық коэффициенттер: (a, b, e, d, g m, n, k, h) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.

IS және LM қисықтарының қиылысуы А нүктесін белгілейді, онда бір мезгілде тауарлар мен қызметтер нарығы мен ақша нарығында тепе-теңдік орнайды.

(Үe,ie) тепе-теңдік жұпты, G мемлекеттік шығыстар, T салықтар, M ақша жиыны мен P бағалар деңгейінің берілген мәндері шартында, Ү және і жөнінде

екі теңдеу жүйесін шығару арқылы есептеуге болады.

Осы тауарда біз экзогенді айнымалылардың өзгерісі эндогенді айнымалыларға қандай жолмен әсер ететінін IS–LM үлгісінде зерттейміз. Себебі ақша-несие және бюджет-салық саясаттары экзогенді айнымалылардың арасында орын алады және IS–LM үлгісі қысқа мерзімді кезеңде экономикаға осы айнымалылардың әсерін көрсетеді.

i

IS-LM моделі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]