
- •Жұө мен жіө, инфляция және жұө дефляторы арқылы түсіндіріңіз.
- •Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as үлгілер көмегімен түсіндіріңіз.
- •Ақша нарығындағы тепе-теңдiк өзгерісін is-lm үлгiсі арқылы анықтаңыз, өз жауабыңызды графикалық түрде негіздеңіз.
- •Тұтынушы бағалар индексін сипаттаңыз және инфляция қарқынын есептеу әдістерін көрсетіңіз.
- •Экономикалық өсудің үлгілерін талдаңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз, мысал келтірініз.
- •Жұө мен жіө, инфляция және жұө дефляторы арқылы түсіндіріңіз.
Жұө мен жіө, инфляция және жұө дефляторы арқылы түсіндіріңіз.
Елде инфляция деңгейлерін сипаттайтын жалпыға бірдей танылған статистикалық көрсеткіш тұтыну бағалар индексі (бұдан әрі – ТБИ) болып табылады. Халықаралық статистикалық тәжірибеде оның құрылысымен және оның ақпараттық ағындар негізінде әр түрлі мақсаттар үшін арналған бағалардың туынды және субагрегат индекстерін қалыптастыру қарастырылады. «Негізгі индекстің қасиеттерін түсіндіретін және кейбiр қолданушылар үшiн маңызды қызығушылық болып көрінетін дәйекті және тиімді болып табылатын қосымша индекстер жариялымы»
Инфляция — елдегі жалпы бағалар деңгейінің ұзақ және тұрақты өсуі. Осыдан тауармен қызметтің барлық түріне баға міндетті өспейді: бірқатар тауар түрлері өзгермейді тіпті төмендеуі де мүмкін. Бастысы инфляцияда жалпы немесе орташа баға деңгейі өседі. Маңыздысы инфляцияда баға өсуі тауар топтары бойынша біркелкі емес, яғни салыстырмалы бағалар секіріп, әртүрлі өзгереді.
инфляция қарқыны — бағаның жалпы деңгейінің өзгеру қарқыны.
Инфляция деңгейі мына формуламен есептелінеді:
,
Тұтынушы баға индексін (ТБИ) тұтынушы тауарлары мен қызметтің стандартты қоржынын сатып алуға кеткен уақытпен өлшенеді. Бұл индексті қолдану арқылы инфляция қарқынын келесідей өлшеуге мына формула көмектеседі
. Инфляциялық күту — инфляцияның болашақ қарқыны немесе болашақ деңгейі туралы нарық субьектілерінің көзқарастары.
Олар адаптивті және рационалды деп бөлінеді.
Адаптивті инфляциялық күтулер мына формуламен анықталады:
Рационалды инфляциялық күту мына фомуламен анықталады:
ЖІӨ дефляторынан басқа бір индекс тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ) де аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оның құрамына тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің бағалары кіреді. Бұл жерде тұтынушылық тауарлар мен қызметтер құрамының жиынын «тұтыну себеті» (потребительская корзина) деп атайды. Тұтыну себеті адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және олардың өмір сүруінің негізі болып табылатын бірінші қажеттіліктегі ең маңызды заттарды есепке алады. Мәселен, АҚШ-та ТБИ тұтыну себетінің құрамына кіретін 300-ден астам тауарлар мен қызметтердің бағаларын есепке алады. ТБИ-дың ЖІӨ дефляторынан басты айырмашылығы мынадан көрінеді, яғни ТБИ нарықтық тұтыну себетінің құрамын тұрақты, өзгермейді деп болжайды. Жылдан жылға тауарлар мен қызметтердің құрылымы өзгеріссіз қалады. Ал ЖІӨ дефляторы нарықтық тұтыну себетінің құрамы жылдан жылға өзгеріп отырады деп болжайды.
ЖҰӨ өзгерісін сипаттайтын көрсеткіштерге критикалық баға беріңіз. Жалпы ұлттық өнім – экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады. Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:
Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.
өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.
Жалпы ұлттық өнім экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлттық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып-үйренуіміз керек. Осы екі көрсеткіш арасындағы үш негізгі айырмашылықтары бар:
ЖҰӨ дефляторы барлық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің құнын көрсетеді, ол тұтыну бағасының индексі тек тұтынушы тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасын есептейді. Сонымен, фирмалар мен мемлекет тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасының ЖҰӨ ін алуға болады.
Жалпы ұлттық өнім дефляторы тек қарастырылып отырған мемлекеттің азаматтары өндірген тауарларды есепке алады. Басқа елдерден импортталатын тауар ЖҰӨ дефляторында да көрсетілмейді. Сол себепті Жапонияда жиналып, АҚШ та сатылған «тойота» құнының өсуі, тек тұтыну бағасының индексінде көрсетіледі, моны Америкалық тұтынушылар тұтынады, бірақ ЖҰӨ дефляторында көрсетілмейді.
Бағаның әр түлі болуында.Тұтыну баға индексі есептегенде, әр түрлі тауар бағалары тұрақты салмақты болады, ал ЖҰӨ дефляторы есептегенде ауыспалы салмақ қолданылады. Басқа сөзбен айтсақ тұтыну баға индексі өзгермейтін тауарлар жиынында есептелінеді, ал ЖҰӨ дефляторы тауарлар жиынының өзгеруіне байланысты болады, яғни ЖҰӨ құрамының өзгерісіне байланысты болды.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) есеп-шотын есептеудің мақсаты мынада: а) қоғам экономикасының жай-күйін бақылау; ә) экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау; б) мемлекеттік саясатты қалыптастыру. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) БҰҰ-ның методологиясы бойынша статистикалық органдар есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. ЖҰӨ өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың(с1) амортизациясын (тозуын), материалдық өндіріс саласының таза өнімін (v+m)және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табысты (m)- енгізеді:
ЖҰӨ= c1+ (v+ m)+ m
ЖҰӨ- нің көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстанда ЖҰӨ-ні экономикалық есептеу тәжірибесі 1988-ші жылы енгізбейді., сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды.
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өнімнен (ЖҚӨ) айырмашылығы сол, ол еңбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын ендірмейді. Қайталанған есеп-шоттың енбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді.
Ұлттық шоттар жүйесін үлгі түрде түсіндіріңіз, жауабыңызды негіздеңіз. Ел ішіндегі барлық субъектердің экономикалық қызметінің жиынтық нәтижелерін өлшеу үшін ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз белгілі уақыт аралығында (жыл, тоқсан) елдің территориясында өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құны. Ал жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) осы елдің тұрғындары иемденетін өндіріс факторларын пайдалану арқылы алынған барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді. Мысалы, Қазақстан территориясында шетелдік компания шығарған мұнайдың құны еліміздің ЖІӨ есептеліп, оның ЖҰӨ ескерілмейді. ЖҰӨ = ЖІӨ + шетелден түсетін таза факторлық табыстар Жабық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі. Әріқарай біз осы екі шаманың біреуін қана қарастырамыз.Жалпы ішкі өнімді өлшеуінің үш тәсілі белгілі. Шығыстар бойынша есептегенде ЖІӨ экономикадағы барлық түпкілікті сатып алулар сомасы түрінде анықталады: ЖІӨ = С + I + G + NX, мұндағы С – үй шаруашылықтарының жеке тұтынушылық шығыстары, I – жалпы инвестициялар, G – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу, NX – экспорт (X) пен импорттың (Z) айырмасына тең тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.Бұл теңдік сонымен қатар негізгі макроэкономикалық теңдестік деп аталады.ЖІӨ кірістер (табыстар) бойынша есептеу. ЖІӨ барлық факторлық табыстардың, сонымен бірге амортизациялық аударымдар мен таза жанама салықтардың сомасы ретінде анықталады. Таза салықтар дегеніміз субсидияларды есептемегендегі салықтар.ЖІӨ = Ұлттық табыс+Таза жанама салықтар + Амортизация Ұлттық табыс (NI) келесі компонентерден құрылады:
- Еңбекақы (жалақы, сыйақы),
- Меншік иелерінің (шағын фирмалар, дүкендер)табыстары,
- Рента (қозғалымсыздықтан түсетін табыс),
- Корпорациялардың пайдасы (жұмысшылар мен несиегерлерге төлегеннен кейін қалған),
- Таза пайыздар.
Корпорациялардың пайдасы үш бөлікке бөлінеді:
-корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, дивидендтер, бөлінбеген пайда. ЖҰӨ мен амортизацияның айырмасы таза ұлттық өнім (ТҰӨ) деп аталады, ал ТҰӨ мен жанама салықтардың айырмасы ұлттық табысқа (NI) тең. Қосылған құн тәсілі бойынша ЖҰӨ есептеу барысында өндірістің әрбір кезеңіндегі қосылған құндар қосылады, яғни қос есепті болдырмау мақсатында өндірістің белгілі кезеңінде қолданылған шикізат, дүмбіл, электрэнергия құны есептелмейді. Сондықтан бұл тәсіл өндірістік тәсіл деп де аталады. Сонымен қатар ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштері белгілі. Жеке табес дегеніміз үй шаруашылықтары және шағын, корпорацияланбаған, кәсіпорындардың алатын табысы. Оны келесідей есептеуге болады: Жекетабыс(PI)= Ұлттық табыс (NI) – Корпорациялардың пайдасы + Дивидендтер – Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған жарналар + Трансферттік төлемдер - Таза пайыздар + Пайыз түріндегі жеке табыс Жеке табыстың негізінде басқа маңызды көрсеткіш анықталады. Қолдағы жеке табыс (DI) = Жеке табыс (PI) – Жеке салықтық және салықтық емес төлемдер
Бұл салықтар мен салықтық емес төлемдерді төлегеннен кейін үй шаруашылықтары мен ұсақ меншік иелерінің қолында қалатын табыс. Жеке қолдағытабыс(DI) = Тұтыну + Жинақтар
Жиынтық сұранысты Кейнстік үлгіде қарастырыңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз.Жиынтық сұраныстың классикалық, кейнстің және кейнстің шектік тәсілдемелері арқылы экономикада макроэкономикалық тепе-теңдік AD және AS қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады.
Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан бағалар деңгейінде артық сұранысты тудырады. Сонан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі w/P нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижеде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуі арқасында еңбек нарығында тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен AD жаңа қисығының қиылысуымен анықталады
Классикалық жағдайдағы AD-ASмоделі
Кейнстің жағдайында, атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген атаулы жалақы w шартында нақты жалақы w/P төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижеде шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан экономикада бағалар деңгейінің де, шығарылымның да өсуі байқалады
Кейнстің жағдайындағы AD-ASмоделі
Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейінің өзгеруісіз шығарылымның өзгеруін тудырады.