
- •Қаржы құқығы (дәріс) Тақырып 1. Мемлекеттік қаржы қызметі Жоспар
- •Тақырып 2. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жүйесі Жоспар
- •Тақырып 3. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •Тақырып 4. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері Жоспар:
- •Тақырып 5. Бюджет жүйесі және құрылымы Жоспар
- •1. Бюджетті жоспарлау негіздері
- •2. Бюджетті әзірлеу негіздері
- •3. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негіздері
- •4. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату негіздері
- •Тақырып 7. Қаржы-құқықтық категориясы ретіндегі салық
- •Тақырып 8. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері. Жоспар
- •Тақырып 9,10. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері. Жоспар
4. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзу немесе оның күшін толық немесе ішінара жою туралы жарлықтары төтенше мемлекеттiк бюджеттi әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату үшін негiз болып табылады.
Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында бір мезгілде төтенше жағдайды енгізу төтенше жағдайдың салдары республиканың ұлттық мүддесі мен экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болған жағдайда ғана төтенше мемлекеттiк бюджетті енгізу үшін негiз болып табылуы мүмкін.
Тақырып 7. Қаржы-құқықтық категориясы ретіндегі салық
Жоспар:
1. Салық түсінігі
2. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
5. Салықтық қатынастар
Салық салу саласындағы қатынастар материалдық және ұйымдастыру салықтық қатынастары болып екіге бөлінеді:
Материалдық салықтЫық қатынастар өздерінің мынадай:
мемлекет болмысының мызғымас берік материалдық ірге тасын қалаушы;
жалпы ұлттық табысты бөлу нәтижесінде салықтық кірістің біржақты ағымдарын (қаражаттарын) мемлекет пайдасына бағдарлайтын;
мемлекет болмысына байланысты туындайтын айрықша экономикалық әрі базиСтік;
мүліктік-заттай сипатта болатын және оларға қатысты мЕншік құқығының алмасуын (мемлекет меншігіне айналуын) көрсететін;
мемлекеттік бюджет жүйесінің негізін құрайтын экономикалық қатынастар сипатындағы айрықша қаржылық-бөлу;
ақшалай нысандағы (кейде заттай күйіндегі) құнның біржақты қозғалысын білдіретін;
салықтық міндеттемелердің нақты белгіленуіне қарай жекелей-айқындалған;
көбінесе тұрғылықты-тұрақты көрініс табатын;
тек құқықтық нысанда болатын қатынастар түріндегі сипаттамасымен ерекшеленеді.
Ал ұйымдастыру салықтық қатынастары:
салық салу саласында жүргізілетін фискальдық мониторингке қатысты;
мемлекеттің салықтық құрылымы мен салық жүйесін қалыптастыруға және олардың тиісінше жұмыс істеуін атқаруларын қамтамасыз етуге байланысты;
материалдық салықтық қатынастардың ойдағыдай қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуге байланысты;
салықтық қызмет процедураларын белгілеуге және қолдануға байланысты;
мемлекет пен салық органдарының, салық органдары мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының арасындағы вертикальдық және горизонтальдық байланыстарға қатысты;
мемлекеттік стратегиялық салықтық жоспарлау мен болжамдау процестеріне қатысты және т.б. материалдық салықтық қатынастардың тиімділігін көздейтін қатынастарға байланысты туындайды.
Сонымен, салықтық қатынастарды құқықтық реттеу салықтық құқық субъектілерінің құқықтық мәртебелерін айқындауды, салықтық заңи фактілерге байланысты салықтық құқықтық қатынастардың туындауын, сондай-ақ салықтық қатынастарды құқықтық реттеу негізінде жатқан салық заңдарының императивтік, ұйымдастыру-құрылыстық және дИспозитивтік нормаларын қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының ұйымдастыру қызметтері болып табылады.
Салықтық заңдар мемлекеттің салық салу саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексі салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, есептеу және төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салықтық міндеттемелерді орындауға байланысты қатынастарды, яғни, салық салу саласында туындайтын біртектес, бірақ өздеріне тән экономикалық және құқықтық мән жайларына қарай ерекшеленетін қоғамдық қатынастарды айтарлықтай толық әрі жүйелі түрде реттеуді қамтамасыз ететін, бірыңғай, жинақталған және қисындылық тұрғысынан іштей үйлестірілген кодификацияланған нормативтік құқықтық акт ретінде Қазақстан Республикасы салық жүйесінің толыққанды (тиімді) жұмыс істеуінің бірден бір құқықтық негізі болғандықтан өтпелі кезең жағдайында өркениетті және ұтымды көрініс тапқан.