
- •Қаржы құқығы (дәріс) Тақырып 1. Мемлекеттік қаржы қызметі Жоспар
- •Тақырып 2. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жүйесі Жоспар
- •Тақырып 3. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •Тақырып 4. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері Жоспар:
- •Тақырып 5. Бюджет жүйесі және құрылымы Жоспар
- •1. Бюджетті жоспарлау негіздері
- •2. Бюджетті әзірлеу негіздері
- •3. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негіздері
- •4. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату негіздері
- •Тақырып 7. Қаржы-құқықтық категориясы ретіндегі салық
- •Тақырып 8. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері. Жоспар
- •Тақырып 9,10. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері. Жоспар
3. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негіздері
Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiне ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:
1) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамын;
2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын;
3) соңғы есеп берген күнгi мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жай-күйі туралы деректерді;
4) республикалық бюджет жобасында енгізілген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.
Республикалық бюджет ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей, әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы палаталардың бөлек отырысында бекітіледі.
Егер Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Қазақстан Республикасының Президентi кезекті қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджет туралы заңды Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады.
Кезекті қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бiр бөлiгі көлемiнде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешiктiрiл-мей бекiтiледi.
Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекiтiлген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекiтiлуге тиiс.
Жергiлiктi бюджеттiң жобасын қарау және бекіту тәртібі:
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей енгізедi.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешiктiрмей енгiзедi.
Жергiлiктi атқарушы орган жергiлiктi бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:
1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамын;
2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын;
3) жергілікті бюджет жобасына енгізілген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.
Тиісті мәслихаттар облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бекiтедi.
Мәслихат ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн облыстық бюджеттi бекiту туралы облыстық мәслихаттың шешiмiне қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бекiтедi.
Егер мәслихат белгiленген мерзiмде жергiлiктi бюджет туралы шешiмдi қабылдамаған болса, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы кезекті қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы қаулы шығаруға құқылы, ол мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткенге дейiн қолданылады.
Кезекті қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет болжамының төрттен бiр бөлiгi көлемiнде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi.
Жергiлiктi қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары бекiтiлген жағдайда, осы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешiктiрiлмей бекiтiлуге тиiс.
Өкiлдi органдар бюджеттердің жобаларын қарау кезінде мынадай принциптердi ұстанады:
негiздiлiк принципi;
бюджеттiң теңгерімділігін сақтау принципi.