Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы құқығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.33 Кб
Скачать

1. Бюджетті жоспарлау негіздері

Мемлекеттік жоспарлау жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:

1) республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы;

2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;

3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;

4) операциялық жоспарлар.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды.

2. Бюджетті әзірлеу негіздері

Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметіне және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесінен тыс бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.

Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу тәртібі:

  1. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгiзедi.

  2. Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.

  3. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешiктiрмей ұсынады.

Облыстық бюджет туралы,  республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу тәртібі:

1. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзедi.

2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiнен кешiктiрiлмей аяқталады.

3. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешiктiрмей ұсынады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу тәртібі:

1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзедi.

2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.