
- •Қаржы құқығы (дәріс) Тақырып 1. Мемлекеттік қаржы қызметі Жоспар
- •Тақырып 2. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жүйесі Жоспар
- •Тақырып 3. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •Тақырып 4. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері Жоспар:
- •Тақырып 5. Бюджет жүйесі және құрылымы Жоспар
- •1. Бюджетті жоспарлау негіздері
- •2. Бюджетті әзірлеу негіздері
- •3. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негіздері
- •4. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату негіздері
- •Тақырып 7. Қаржы-құқықтық категориясы ретіндегі салық
- •Тақырып 8. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері. Жоспар
- •Тақырып 9,10. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері. Жоспар
Тақырып 5. Бюджет жүйесі және құрылымы Жоспар
Бюджеттің ұғымы.
Бюджеттердің түрлері.
Бюджет құрылымының ұғымы. Қазакстан Республикасының бюджет жүйесі және оның құрылымы.
Қазақстан Республикасынның бюджет жүйесі құрылымының қағидалары.
Бюджеттік реттеу және оның әдістері.
1.Бюджет дегеніміз – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органның шешімімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтың, міндетті төлемдер, алымдар капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен орталықтандырылған ақша қоры. Ал қысқаша айтқанда, бюджет дегеніміз – ақша қорларының нысанын айтамыз. Мемлекеттік бюджет – Қазақстан Республикасындағы қаржылық қызмет үшін тағайындалатын бюджет қаражатын қалыптастыру және бөлу және тиісті қаржылық жылға сәйкес негізгі қаржылық заңның мәртебесіне ие мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары, қаржылық ресурстары орталықтандырылған қорын білдіреді.Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында ақшалынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады.
3. Бюджет құрылымы бұл бюджеттің әр. түрлерінің құрамдас бөлігінің өзара әрекетінің және мемлекеттің бюджет жүйесінің ұйымдастырушылық құрылыМын анықтайтын институт. Бюджет қызметінің нәтежесінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры құрылады. Бюджет жоспарын ұйымдастыруды мемлекет ақшасынан түсетін және мемлекеттік звено құрылысының басқа да ақша қаражатын алушылар арасында бөлінуін есептеуге мүмкіндік береді. Бюджет нақты анықталған мақсаттарға бағытталған ақша қаражатын ұсыну болып табылады. Мемлекетіміздің бюджет жүйесі әр деңгейде және әртүрлі орын алады. Олар республикалық бюджет, қала-аудандық бюджеттер және т.б. болып бөлінеді. Негізінен бюджет жүйесі күрделі құрылым болып табылады және көптеген құрамдас элементтердің жиынтығынан тұрады. Сондықтан бюджет жүйесі деп мемлекетіміздегі бюджеттердің, оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерінің, бюджеттерді әзірлеу қарау бекіту және атқару тәсілдері мен жолдарының бюджеттік қатынастарының тиісті қаржылық құқықтық актілерді бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық және басқа мемлекеттік өкілетті органдарының бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын айтамыз.
4.Бюджет құрылымы жүйесінің ұйымдастыру құру принциптері бюджет құқығының екі элементінен тұрады:
бюджет жүйесі;
бюджет жүйесін құру қағидалары.
Кез келген елдің бюджеттік құқығы мемлекеттік және әкімшілік аумақтық бөліністеріне байланысты анықталады ҚР-ң бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттен тұрады осы екеуі бірігіп мемлекеттік құрылысын құрайды. Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу; 5) дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;
7) басымдық принципi - бюджеттiк процестi республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;
9) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.
5. Мемлекеттің бюджет қызметі әртүрлі әдістермен іске асырады:
а) Бюджетті қалыптастыру әдістері:
1. Салықтарды анықтау (алым, баж, төлем ақы, салықтық емес табыстар);
2. Капитал мен операциялары табыстарын тарту;
3. Алынған ресми трансферттерді пайдалану;
4. Ерікті қайтарымсыз негізде ақша қаражатын тарту;
5. Эмиссия.
б) Бюджет бөлу әдістері:
1. Бюджеттік мемлекеттік қаржылық кәсіпорындарды қаржыландыру;
2. Мемлекеттік мекемелерді бюджеттік қаржыландыру (сметалық);
3. Бюджет аралық қаржыландыру;
4. Сыртқы және ішкі мемлекеттік қарыздарды өтеу;
5. Бюджеттік бағдарламаларға кеткен әкімшіліктердің шығындары;
6. Президенттің, парламенттің, конституциялық кеңестің, орталық сайлау комиссиясының қызметтерін қаржыландыру;
7. Әлеуметтік экономикалық сфераны қорғаныспен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сот жүйесін, ғылым мен білім, мәдениетті қаржыландыру;
8. Ақылы және қайтарымды негізде бюджетті несиелеу.
в) Бюджетті пайдалануды ұйымдастыру әдістері:
1. Бюджетті орындау тәртібін анықтау.
2. Бюджет ресурстарын бөлуге нормативтерді анықтау.
3. Бюжеттік ресурстарды бөлуді жоспарлау.
4. Бюджеттік ресурстарды мақсатты және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға.
Тақырып 6. Бюджет процесі
Жоспар:
1. Бюджетті жоспарлау негіздері
2. Бюджетті әзірлеу негіздері
3. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негіздері
4. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату негіздері