
- •Қаржы құқығы (дәріс) Тақырып 1. Мемлекеттік қаржы қызметі Жоспар
- •Тақырып 2. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жүйесі Жоспар
- •Тақырып 3. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •Тақырып 4. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері Жоспар:
- •Тақырып 5. Бюджет жүйесі және құрылымы Жоспар
- •1. Бюджетті жоспарлау негіздері
- •2. Бюджетті әзірлеу негіздері
- •3. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негіздері
- •4. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату негіздері
- •Тақырып 7. Қаржы-құқықтық категориясы ретіндегі салық
- •Тақырып 8. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері. Жоспар
- •Тақырып 9,10. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері. Жоспар
Тақырып 4. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері Жоспар:
1. Қаржылық бақылау түсінігі, маңызы
2. Қаржылық бақылау түрлері, мақсаты
3. Қаржылық бақылаудың топтастырылуы
4. Қаржылық бақылаудың негізгі әдістері
5. Қаржылық бақылау органдары, құзіреттері
1.Қажылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретінде есептелінеді, сондай-ақ экономикалық категория ретінде де қаржыларға бақылау функциясы тән болады. Осы бақылау функциясы мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру , бөлу және пайдалануын ұйымдастыру процестерінің заңды негізде және мақсатқа сәйкес жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.Қаржылық бақылаудың мына келесідей міндеттері болады: қаржылық қызметтің барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттің ақша қаржаттарының орынды және тиімді түрде пайдалануын қамтамасыз ету; кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерінің орындалуын тексеру; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық операцияларының тиімді және белгілі мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру; мемлекеттік емес шаруашылық субьекетілерінің ақшалай операцияларының заңды негізде жүзеге асырылуын тексеру; қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық тәртіп бұзушылықтың алдын алу және жою. Қаржылық бақылау мақсаты:
1) Қаржылық заңды бұзу фактілерін анықтау және қаржылық қызмет қатысушыларының өз міндеттерін дұрыс орындау фактілерін анықтау.
Кінәлілерді анықтау және оларды жауапкершілікке тарту .
Қаржылық тәртіп бұзуды жою, яғни мемлекеттің қаржылық мүдделерін қорғау болып табылады және қаржылық қызмет қатысушылары өз міндеттерін толық қатаң сақтау.
2.Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің маңызды бағыты және ол келесі элементтерден тұрады:Бақылау объектісі, Бақылау субъектісі, Бақылау пәні, Бақылау мақсаты
Бақылауды жүзеге асыру тәсілдері .Бұл элементтердің мазмұнын келесі сұрақтар бойынша шешуге болады.Кім тексереді?Кімді тексереді?Нені тексереді?Не үшін тексереді?Қалай тексеріледі?Қаржылық бақылау субъектілері тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес органдар мемлекеттің тапсырмасы бойынша жұмыс істейді.
Қаржылық бақылау объектілері мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, мемлкеттік емес заңды тұлғалар және жеке азаматтар.Бақылау пәні бұл бақылау объектісінің өз міндеттерін орындау кезіндегі іс - әрекеттері болып табылады. Ол бақылау обьектісімен анықталады. Қаржылық бақылау қатысушылары екіге бөлінеді:
Басқару субьектісі және басқару обьектісі . Қаржылық бақылаудың негізгі обьектісі бұл шартты жүргізуші субьектілер және олар қаржылық бақылау сферасы қаржылық қызмет сферасымен байланысты .
3. Қаржы заңдылығының орындалуын және қаржы тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету құралдары: Құқық бұзушыларға қаржылық құқықтық санкцияларды қолдану; Азаматтарды қаржы органдарынан және заңды тұлғалардың лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту;Лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту;Қылмыстық жауапкершілікке тарту.Қаржылық санкциялар:- Мемлекеттік нормативті актілермен бекітілетін.Қаржылық құқықтық шартқа негізделген белгілі бір көптеп кездесетін қаржылық санкциялар:Айыппұл Қаржылық құқықтық өсім Жәбірленушінің пайдасына шығындаР өндіру Бюджеттк қаржыларды тоқтата тұру және бюджеттен тыс алынған қаржыны қайтару Несиелерді тоқтата тұру және берілген несиені уақытынан бұрын қайтару Шаруашылық жүргізуші субьектінің ақша операцияларын тоқтата тұру Лицензиясын қайтарып алу Мәмілені жарамсыз деп тану Кәсіпорында банкрот деп тану Қаржылық бақылаудың тәсілдері дегеніміз оны жүзеге асыруда қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер. Қаржылық бақылауды жүзеге асыру үш сатыдан тұрады: Ақпараттар жинау Ақпаратты бағалау Жинаған ақпараттарға әсер ету. Ақпараттарды жинау тәсілдері: Қаржылық жоспарды есептеп талдау Қаржылық документацияны тексеру, талдау Алғашқы қаржылық документтерді тексеру Ақша қаражаттарын және тауарлық- материалдық құқықтарды түгендеу Құқық қорғау органдарына түсетін ақпараттарды қорытындылау Лауазымды тұлғалардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алу Банк және басқа мекемелерге ресми сұраныс жасау Ревизия
Ревизия дегеніміз бұл кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің заңдылығын алғашқы құжаттармен бухалтерлік жазбалар арқылы тексеруге негізделген әдіс. Қамту аймағына байланысты: толық кешенді сипаттағы тексеру; ішінара бөлшектеп тексеру
Тексеру обьектісіне байланысты:1.документациялық тексеру, яғни құжаттар тексеріледі 2.нақты тексеру, яғни құжаттар тексеріледі және инвентаризация жүргізіледі.
Ұйымдастыру белгісіне қарай: жоспарлары және жоспардан тыс тексеру.
Ревизия нәтижесі ревизия актілерінде жазылады және оған қосымша анықтамалар, кестелер, құжаттар, түсініктемелер тіркеледі.
Сонымен, қаржылық бақылау дегеніміз мемлекеттік органдардың қаржылық қызметке қатысушылардың өз міндеттемелерінің орындауын тексеру жөніндегі әрекет болып табылады.