Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы құқығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.33 Кб
Скачать

Тақырып 3. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.

МАҚСАТЫ: Қайта құру кезеңіне дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылмады. Бүгінгі лекцияның мақсаты мемлекеттік ақша жүйесінің құқықтық негіздерінің түсінігі және ақша түсінігін айырмашылығын, қолма-қол ақша түсінігін анықтау болып табылады.

1. Ақшаның ұғымы және функциялары. Тарихи пайда болатың ақша жүйелері. Биметализм және монометализм, оның түрлері.

2. Ңарықтық және жоспарлау экономикасымен мемлекеттердің ақша жүйелерінің өзгешілік белгілері.

3. Ақша жүйесінің ұғымы, қағидалары, элементтері. Ақша жүйесінің тұрақтану әдістері.

5. Валюта реттеунің ұғымы, міндеттері және әдістері және валюталық бақылау.

Ақша айналысы деп – қолма қол ақшалардың қозғалысы танылады.

Ақша айналамы деп – ол қолма қол және қолма қолсыз ұғымын сипаттайды. Бұл қолма қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма қолсыз ақша өндіріс қаражатының бөлінуін қарастырады.

Ақша белгілері әртүлі жағдайларда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол теңге тұтыну заттары мен қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма қолсыз теңге бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

Мұндай жүйе тек қана орталықтанылған жоспалы экономика жағдайында ғана мүмкін болады. Себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі болған.

КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншіктің мемлекеттің игілігіненалынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып қалады.

Ақша айналысының объективтік негізітауар өндірісімен тауар айналысы б.т.

Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алуы үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыстаболуына мүмкіндік жасайды.

Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналысы әрқашан жүреді.

Ақша айналыста жүре отырып, ол әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады.

Сонымен, тауар саудадан түскене ақша қарызды өте жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды өтеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.

Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 ж. ж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұрғысында енгізілген дерективті саясаттың орнына республикмызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістердің алғышарттары жасалды.

Дамыған елдерде бұл процесс кеңінен дами түсті: оларда қолма-қол ақша айналысы өріс алып жатыр.

АҚШ-та халықтың есеп айырылысуының 25-27 ℅ ғана қолма-қол ақшамен , ал қалғаны чек, несиелік карточкалар т.б. көмегімен жүргізіледі.

Өмірлік тәжірибе көрсеткендей ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түре шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймайды.

Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және екрісінше өтеді. Сонымен, бүкіл ақша айналысы қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондайақ:

- өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысуларымен байланысты ақша аналымы;

- ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несте ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.

Валюта – еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөніндегі атқаратын, мемлекет тарапынан аталып белгіленген ақша.

Ұлттық валюта жүйесі – халықаралық валюталық құқық нормаларын есепке ала отырып ұлттық валюталық заңдармен бекітілген валюталық қатынастарды реттеу және ұйымдастыру нысанын айтамыз.

Ұлттық валюта жүйесі халықаралық валюта жүйелерімен тығыз өзара қарым-қатынаста және еліміздің экономикаыс және сыртқы экономикалық байланыстиарының даму дәрежесіне тәуелді болды. Халықаралық валюталық жүйелердің тарихи даму кезеңдеріне орай мынандай түрлері болды:

  1. тарихи валюталық жүйесі:

  2. генуя валюталық жүйесі;

  3. Британ валюталық жүйесі;

  4. Ямайка валюталық жүйесі

  5. Европа валюталық жүйесі

Ұлттық валюта айналысына – ақша шетелдік валютаға қатысты мемлекет тарапынан белгіленіп қойылған шектеулер валюта айналысының режимі деп аталады.

Валюталардың түрлері:

  • толығымен айналыста болатын

  • жартылай айналатын

  • айналысқа түспейтін.

Қазақстан валютасы жартылай айналыста болатын валюталар қатарына жатады.

Валюталық монополия валюталық құндалақтармен мәлім жасау жөніндегі тек мемлекеттің құзырындағы нарықтық айрықша қатынастар мен халықаралық валюталық қордың талаптарына сәйкес шектелген құқық болып табылады.

Қазақстандағы валюталық құндылықтар:

  • шетелдік валюта

  • номиналдары шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттары мен бағалы қағаздар

  • толығымен тазалау процесінен өткен алтын құймасы және резиденттері мен резидент еместердің арасындағы операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ұлттық валюта

  • номиналдары ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлемдік құжаттар жатады.

Мемлекеттің валюталық монополиясының объектілері ретінде мынандай төлемдік құжаттар мен бағалы қағаздар:

  1. шетелдік банктердің чектері, аккредативтері және пластикалық карталары

  2. шет елдік банктердің депозитивтік сертификаттары

  3. шет мемлекеттердің заемдық облигациялары

  4. шет мемлекеттің қазыналық балдары мен вексельдері

  5. шетелдік акционерлік қоғамдар мен компаниялардың акциялары

  6. шет елдік заңды тұлғалар облигациялары түрінде көрініс табады.

Мемлекеттік қаржы саласындағы басқару мемлекеттік қаржыларға қатысты тиісті қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік және арнайы қаржылық органдардың жүйесін айқындайтын, сондай-ақ олардың осы саладағы құзыреттерін белгілейтін қаржылық құқық болып табылады.

Мемлекеттік қаржы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесінде:

А) мемлекеттегі өкілдік билік органдар:

1) жоғарғы заң шығарушы және өкілді орган

2) жергілікті өкілді органдар

Б) мемлекеттің атқарушы билік органдары:

1) жалпы құзіретті орталық атқарушы орган

2) орталық салалық құзіретті орган

3) Жалпы құзыретті жергілікті атқарушы органдар

4) жергілікті салалық және функционалдық органдар

5) министрліктер мен ведомствалық аумақтық органдар

6) жергілікті әкімдіктердің бөлімдері мен басқармалары

В) мемлекеттің арнайы мамандандырылған қаржылық – экономикалық органдары:

1) ҚР қаржы министрлігі, оның құрлымдары мен аумақтық бөлімшелері

2) ҚР Ұлттық банкі

3) ҚР экономикалық және бюджеттік жоспарлау министрлігінде көрініс тапқан.

Әдістері:

  1. валюталық реттеу объектілерін анықтау

  2. валюталық операцияларды жүргізудің қағидаларын белгілеу

  3. мемлекеттің валюталық монополияларының объектілерін айқындау

  4. мемлекеттің валюталық монополияларының объектілерімен жасалынатын операцияларды халықаралық хақы бар мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу

  5. валюталық операцияларды, оның ішінде шетелдік валютамен жасалынатын операцияларды жүзеге асрыу хақы бар заңды тұлғаларды мемлекеттік тірекеу

  6. валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметтерді лицензиялау

  7. валютамен жасалынатын операцияларға бақылау жүргізу.