Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
материаловедения.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367.11 Кб
Скачать

14. Механикалық қоспа

Егер қорытпаны құрайтын элементтер бір-бірінде қатты күйінде ерімесе және бір-бірімен жаңа қосылыс беретін химиялық реакцияға түспесе, онда жеке элементтің атомдарынан жеке кристалдық тор пайда болады, осы қоспаға кіретін кристалдардан (дәндерден) механикалық қоспа (эвтектика) түзіледі. Механикалық қоспада компоненттер өз кристалдық торларын өзгертпей сақтайды. Механикалық қоспа таза компоненттерден, қатты ерітінділерден, химиялық қосылыстардан т.б. тұруы мүмкін. Егер қорытпа компоненттерінің кристалдық торларының параметрлеріндегі айырмашылық 15% - дан асып кетсе, онда мұндай қорытпа қатайғанда механикалық қоспа құрайды (2.5 суретті қара).

2.5 Сурет - Механикалық қоспаның микроқұрылымының сұлбасы

15.Роквелл әдісі

Металдарды жаппай сынау кезінде бұл әдістер қиындау, сондықтан Роквелл әдісі кеңінен қолданылады. Роквелл әдісімен жұмсақ және қатты металдардың қаттылығын, айшықтың ауданын өлшемей- ақ бірден прибордың шкаласы арқылы анықтайды. Сыналатын металл үлгісінің бетіне төбесіндегі бұрышы 1200 тең, алмаздан жасалған конус немесе диаметрі 1,59 мм шынықтырылған болаттан жасалған шарик, белгілі күшпен батырылады, алдындағы әсер ететін күштің мәні - Р0 (1.12, а суретті қара) және соңғы рет әсер ететін күштің мәні- Р1 (1.12, б суретті қара). Барлық жағдайда алдын ала түсетін күш Р0 = 10 кгс-қа тең болады, ал соңғы рет (кейін түсетін) күш Р1, металдың материалына байланысты өзгеріп отырады, сондықтан жалпы шарикке немесе конусқа түсетін күш Р = Р0 + Р1 төмендегідей болып анықталады:

  • шыныққан болат шарикті (d = 1,588 мм ) үлгіге батырғанда ақтық күш Р1 = 90 кгс (900 Н), онда жалпы күш Р = Р0 + Р1 = 100 кгс. Бұл жағдайда металдың қаттылығын прибордың В шкаласы анықтайды;

  • алмаз конусты үлгіге батырғанда ақтық күш Р1 = 140 кгс (1400Н), ал жалпы күш Р = Р0 + Р1 = 150 кгс (С шкаласы);

  • алмаз конусты үлгіге батырғанда Р1 = 50кгс (500Н) , ал Р = Р0 + Р1 = 60 кгс (А шкаласымен металдың қаттылығы анықталады).

Металдың қаттылығы айтылған әдісте бірден Роквелл приборының индикатор шкаласымен анықталады. Индикаторда үш шкала қатар орналасқан (А,В,С шкаласы). Егерде сыналатын металл өте қатты және морттық қасиеті жоғары болса, онда олардың қаттылығы А шкаласы (қара түсті) бойынша анықталады, немесе келесі формуламен есептеледі:

. (1.11)

С шкаласы (қара түсті) бойынша аса көміртекті болаттар мен қорытпалардың қаттылығын анықтайды, немесе (1.12) – формуласымен есептеледі:

. (1.12)

В шкаласы (қызыл түсті ) бойынша жұмсақ аз көміртекті болаттар мен қортпалардың қаттылығын анықтайды немесе (1.13) – формуласымен есептеледі:

, (1.13)

Мұндағы h0 –бастапқы Р0 күштің әсерінен пайда болатын үлгідегі іздің тереңдігі, мм; h –ақтық күш әсерінен пайда болатын үлгідегі іздің тереңдігі, мм.