
- •1.Металдар.Металдардың механикалық қасиеттері.Металдарды топтау,металдық күй.
- •3.Металдың орнықтылығы.
- •4. Кристалдық тор, қарапайым ұя, кристалдарды қарапайым ұя пішініне байланысты топтау.
- •5. Металдардың механикалық қасиеттері
- •6. Кристалдық тор турлері ....
- •7. Металлдарды созу диаграммасы. Материалдығы кернеудің ....
- •8. Қорытпалар туралы түсініктер
- •9.Қатты ертінді
- •10. Металды созу мақсатымен .....
- •11. Металдың қаттылығын анықтау.Бринел әдісі
- •12.Виккерс әдісі
- •13.Көміртекті және легірленген болаттар
- •14. Механикалық қоспа
- •2.5 Сурет - Механикалық қоспаның микроқұрылымының сұлбасы
- •15.Роквелл әдісі
- •16.Химиялық қосылыс
- •2.4 Сурет - Химиялық қосылыстың кристалл торы
- •17.Пластикалық массалар. Ағаштар
- •18. Фазалар ережесі. Жүйе. Фаза
- •19. Асыл металдар. Титан
- •20. Екі компонентті жүйенің күй диаграммасы. Күй диаграммасын термиялық анализ және жүйенің еркін энергиясы әдістерімен тұрғызу
- •21. Темір және оның негізіндегі қорытпалар. - темір, поиморфтық қаситтері
- •22. Қорытпаның қасиеттері мен күй диаграммасының арасындағы байланыс
- •4.1 Шойынның графиттену процесі
- •4.2 Ақ шойын
- •45. Сұр шойын
- •4.4 Аса берік шойын
- •4.5 Соғылғыш шойын
- •4.6 Арнайы шойындар
- •52.Метал қасиеттері және оларды анықтау тәсілдері
- •53. Көміртекті болаттарды топтау және маркалау
- •54. Механикалық қоспа
- •2.5 Сурет - Механикалық қоспаның микроқұрылымының сұлбасы
3.Металдың орнықтылығы.
Молекула аралық өзара әсер – электрлік қасиеті жағынан бейтарап молекулалар немесе атомдар арасындағы өзара әсер. Молекула аралық өзара әсер молекула аралық қашықтыққа (r) тәуелді және өзара әсердің потенциалдық энергиясы U(r) арқылы өрнектеледі. Заттардың көптеген қасиеттері мен агрегаттық күйі осы U(r)-дің шамасы арқылы анықталады. Молекула аралық өзара әсер ұғымын (1873) голланд ғалымы Я. Д. Ван-дер-Ваальс нақты газдар мен сұйықтықтардың қасиетін түсіндіруге қолданды. Оның болжамы бойынша бір-біріне жақын орналасқан молекулалар арасында тебіліс күштері әсер етеді де, ал молекула аралық қашықтық (r) артқанда бұл күштер тартылыс күштерімен алмасады. Осы болжамдарды пайдалана отырып ол нақты газдардың күй теңдеуін (Ван-дер-Ваальс теңдеуін) қорытып шығарды. Молекула аралық өзара әсердің табиғаты электрлік және ол тартылыс күштері (ориентац., индукц., дисперс.) мен тебіліс күштерінен тұрады. Ориентациялық күштер полюсті молекулалар (дипольдік және квадрупольдік эл. моменттері бар) арасында әсер етеді. Ориентац. Молекула аралық өзара әсердің потенциалдық энергиясы Uор(r) p1p2r–6, мұндағы p1, p2 өзара әсерлесетін молекулалардың дипольдік моменттері. Осыған сәйкесті өзара әсерлесу күші Fор=–Uор/rr–7. Индукциялық (поляризациялық) күштер полюсті және полюссіз молекулалардың және сонымен қатар полюсті молекулалардың да арасында әсер етеді.
4. Кристалдық тор, қарапайым ұя, кристалдарды қарапайым ұя пішініне байланысты топтау.
Кристалдар (гр. krys-tallos – алғашқы мағынасы мұз) – атомдары мен молекулалары кристалдық тор түзетін қатты денелер. Кристалдар қатты денелердің тепе-теңдік күйі болып табылады.
Барлық металдардың қалыпты жағдайда атомдары белгілі тәртіппен орналасып кристалл тор құрайды. Осыдан металдар атомдары бей-берекет орналасқан аморф денелерден ерекшеленеді. Жазықтықта металл атомдары белгілі тәртіппен орналасқан сүзгіні, ал кеңістікте атомдық кристалдық торды құрайды (1.2 суретті қара).
1.2 сурет - Кристалдық тордың жазықтықтағы және кеңістіктегі көріністері
Сызбада сызықтар көршілес атомдарды қосып тұр. Шын мәнісінде ешқандай сызықтар болмайды, әрбір атом кристалдық торда өзінің тепе-теңдік нүктелері айналасында тербеліп отырады.
Кристалдық тор түрлері әрқилы болады. Қарапайым тор кристалдың түзілу ерекшеліктерін сипаттайды. Тордың қабырғаларын а, b, с және қабырға арасындағы бұрыштарын α, β, γ деп белгілейік (1.3 суретті қара). Сонда жеті түрлі кристалдық жүйе келесідей тор түрлеріне сәйкес келеді:
Триклинді а≠b≠с және α≠β≠γ≠900;
Моноклинді а≠ b≠с және α=γ=900; β≠900;
Ромбалы а≠ b≠с және α=β=γ=900;
Гексаногалды а=b≠с және α=β=900; γ=1200;
Ромбоэдрлі а=b=с және α=β=γ≠900;
Тетрагоналды а=b≠с және α=β=γ=900;
Кубтық а=b=с және α=β=γ=900.
1.3 сурет - Кристалдық тор сұлбасы
Кристалдың негізгі параметрлері:
- Қарапайым тор қабырғасының өлшемдері, а, b, с – тор периоды, бір-біріне жақын орналасқан атомдардың ара қашықтығы. Тор периоды – бұл қарапайым тор қабырғасы бойынша орналасқан атомдардың ара қашықтығы, нанометрмен өлшенеді (1 нм = 10-9 м = 10 Å).
-
Координациялық сан
берілген атомнан бірдей аралықта
орналасқан басқа атомдар санын көрсетеді.
Мысалы, кубтың көлемі бойынша шоғырланған
торда әрбір атом үшін көршілес атомдар
саны 8 (К=8). Қарапайым кубтық тор үшін
координациялық сан 7 тең (К=7). Кубтың
жағы бойынша шоғырланған торда
координациялық сан 13 (К=13). Гексаногалды
тор үшін координациялық сан 16 тең
(К=16). Координациялық сан неғұрлым үлкен
болса, соғұрлым торда атомдар тығыз
орналасады.
- Тор базисі – бір қарапайым тор ұяшығындағы атомдар саны.
Металдардың кристалдық торларының ең көп кездесетін негізгі түрлері: кубтың көлемі бойынша шоғырланған (Сr, Mo, W, V т.б.), кубтың жағы бойынша шоғырланған (Ni, Al, Cu, Pb т.б.), гексаногалды (Be, Cd, Zn, Mg т.б.) (1.4 суретті қара).
а ә б
а) кубтың көлемі бойынша шоғырланған
ә) кубтың жағы бойынша шоғырланған
б) гексаногалды
1.4 сурет - Металдардың кристалдық торлары