Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
материаловедения.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367.11 Кб
Скачать

53. Көміртекті болаттарды топтау және маркалау

Болатты көптеген қасиеттеріне байланысты топтайды.

  1. Химиялық құрамы бойынша:

  • Көміртекті;

  • Легірленген.

  1. Көміртегінің мөлшеріне байланысты:

  • Аз көміртекті, көміртегінің мөлшері 0,25 % дейін;

  • Орташа көміртекті, көміртегінің мөлшері 0,3÷0,6 %;

  • Жоғары көміртекті, көміртегінің мөлшері 0,6 % жоғары.

  1. Бірқалыпты құрылымына байланысты:

  • эвтектоидқа дейінгі;

  • эвтектоидты

  • эвтектоидтан кейінгі.

  1. Сапасына байланысты. Сапаның сандық көрсеткішіне зиянды қоспалардың мөлшері жатады, яғни күкірт пен фосфордың мөлшеріне байланысты:

  • 0,04 ≤ S≤0,06%, 0,04≤Р≤0,08% – кәдімгі сапалы көміртекті болаттар;

  • Р, S = 0,03÷0,04% - сапалы болаттар;

  • Р, S ≤ 0,03% - жоғары сапалы болаттар.

  1. Қолданылуына байланысты:

  • конструкциялық – машиналар мен механизмдердің бөлшектерін жасау үшін қолданылады;

  • инструменттік – түрлі инструменттерді жасау үшін қолданылады;

  • арнайы – ерекше қасиетті болаттар: электртехникалық, ерекше магнитті қасиетті және т.б.