Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
материаловедения.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367.11 Кб
Скачать

19. Асыл металдар. Титан

Асыл металдар – алтын, күміс, платина, палладий, иридий, родий, осмий, рутений. Бұларға сонымен қатар «жартылай асыл» мыс жатады. Коррозияға төзімді металдар жатады.

Титан (Tіtanіum), Tі – элементтердің периодтық жүйесінің IV тобындағы хим. элемент, атомдық нөмірі 22, атомдық массасы 47,88. Табиғатта массалық саны 46 – 50 болатын 5 тұрақты және жасанды жолмен алынған 5 радиоактивті изотоптары бар. Титанды алғаш ТіО2 түрінде ағылшындық әуесқой-минеролог У.Грегор ашқан (1790). 1795 ж. неміс химигі М.Г. Клапрот (1743 – 1817) Грегор тапқан “менакит” элементі металдың табиғи тотығы ТіО2 екендігін анықтады, ал таза күйіндегі титанды нидерландық зерттеушілер А. ван Аркел мен де Бур алды (1925). Бос күйінде кездеспейді, тек оксидтер түрінде болады. Титан кең тараған элемент, жер қыртысындағы салмақ мөлшері 0,57%.

20. Екі компонентті жүйенің күй диаграммасы. Күй диаграммасын термиялық анализ және жүйенің еркін энергиясы әдістерімен тұрғызу

Күй диаграммасы деп қорытпалардың фазалық және құрылымдық күйін оның компоненттерінің өзара мөлшеріне, температурасына байланысты графикпен бейнелеуді айтады

Күй диаграммасын қолдану арқылы тетіктерді термиялық өңдеуге қажетті режимдерін белгілеуге, металдарды қысым арқылы өңдеу температурасының интервалын анықтауға болады. Диаграмма әр түрлі құрамды қорытпаларды барлық жағынан зертханалық сынау нәтижесінде салынады. Сонымен қатар күй диаграммасы арқылы қорытпаның механикалық және физикалық қасиеттерін анықтауға болады. Диаграмманы салу және зерттеу үшін көбінесе негізінен термиялық әдісті қолданады.

Диаграмманың ординаталар осі температураны, абциссалар осі қорытпаны құраушы компоненттің концентрациясын көрсетеді. Координаттар жүйесінің бас нүктесінде А компонеті 100%, ал соңында 0% құрайды. Керісінше осы кезде В компонентінің мөлшері 100% болады.

Қорытпа, оның компоненттерінің сұйық күйінде, салқындаған кезде өзара әсерлесуі нәтижесінде алынатын күрделі зат. Қорытпа компоненттері болып, таза элементтер немесе орнықты химиялық қосылыстар саналады. Қос қорытпалардың күй диаграммасын тұрғызу үшін 2.8 суретте көрсетілген координаттық жүйе қолданылады.

21. Темір және оның негізіндегі қорытпалар. - темір, поиморфтық қаситтері

Таза темір – күміс түсті, жылтыр металл, атомдық салмағы 88,85. Техникалық таза темірдегі барлық қоспалар саны 0,1÷0,15 %. Зертханада алынған ең таза темірде 99,9917% Fе болады. Темірдің балқу температурасы 15390С (±50С) және тығыздығы 7,85 г/см3. Темірдің қаттылығы мен беріктігі онша жоғары емес НВ = 80кгс/мм2, σ=25 кгс/мм2, =12 кгс/мм2 және салыстырмалы созылғыштығы δ = 50 % , 80%. 3.1-кестеде темірдің механикалық қасиеттері келтірілген.

3.1-к е с т е. Темірдің механикалық қасиеттері

Механикалық қасиеттері

Техникалық темір

Темір

Созылудағы беріктік шегі, кгс/мм2

25

20

Аққыштық шегі, кгс/мм2

12

10

Ұзаруы, %

50

60

Тарылуы, %

85

90

Қаттылығы, HB

80

70