Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletti_1187_shpory_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.1 Кб
Скачать

31.Ойлау туралы түсінік

Ойлау дегеніміз- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс –қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Ойлау-өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс.Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады.Ойлау сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның сән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады.

32.Ойлау түрлері және формалары

1. Ойлау формасы бойынша үш түрге бөлінеді:1) Нақты әрекеттік ойлау;

2) Нақты бейнелік ойлау;3)Абстрактылы логикалық ойлау-ең негізгі қасиеттері б-ша ойлау.2. Мәселелерге қатысты екі түрге бөлінеді:1)Теориялық ойлау; 2)Практикалық ойлау.3. Анықталуына қатысты екі түрге бөлінеді:1)диструктивті ойлау-логикалық дәлелдеу арқылы;2) интуитивті ойлау- сезімге жүгіну.

4. Оригиналдылығына байланысты екі түрге бөлінеді:1)репродуктивті ойлау-қайта жаңғыртушы (Мысалы, 2х2=4)2)продуктивті ойлау - жасампаз ойлау (2х Х=4).затты-әрекеттік- қалыптасқан жағдайды жаңалай өзгертуге бағытталған іс-әрекет. (3 жасқа дейінгі балаға тән).Көрнекі бейнелі-ойлау заттар мен құбылыстардың өздері емес, пайымдаумен орындалады. абстрактілі-логикалық-ойлау тілдік құралдарға сүйенеді. Практикалық-теориялық ойдың іске асырудың бастауы.Дискурсивтілік-өз кең кезегімен дамыған ойлау.Интутивтілік-Мазмұны толық ұғынылмаған ойлау процесі.Репродуктивті-дайын білімдерді қолданып, ескі сүрлеумен жүреді.

Продуктивті-жаңа идеяларды туындатуға бағытталады.Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қортындысы.Ұғым - біртекті бір атаулы заттар мен құбылыстарды түсіндіреді. Пікір – заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстардың бекітілуі (қыс келді-қар жауды). Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы - ой қорытындылары деп аталады. Ой қорытындыларының үш түрі болады:

1.Дедукциялық - жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.

2.Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы.

3. Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.

33.Ойлау операциялары

Салыстыру- шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция. Анализ-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Осылай бөлу арқылы анализ заттың қасиеттерін, түсін, формасын, процестің жылдамдығын және т.б. білуге мүмкіндік береді. Синтез- ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету. Ол анализге қарама-қарйшы операция жерде жатқан затты көріп, біз оны түсінеміз. Оның қалай жұмыс істейтінін білеміз. Анализ бен синтез негізінде салыстыру пайда болады. Ойлау операцияларының күрделі түрі-абстракция мен нақтылау. Абстракция-шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Нақтылау- жеке нәрселер мен заттар туралы ой. Мысалы: қандайда бір затты елестету керек болса, біз оны алуан түрлі белгілерімен елестетеміз.Мысалы, «үстел» десе, жазбаша үстел, жұмыс үстелі т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]