Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletti_1187_shpory_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.1 Кб
Скачать

34.Сөйлеу туралы түсінік

Сөйлеу – басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау үшін адамның тілді практикада қолдануы.Тіл – қарым-қатынас құралы. Сөйлеудің қасиеттері:1)Мазмұндылығы-шындықпен байланысы; 2)Түсініктілігі- сөйлемнің дұрыс болуы; 3) Әсерлігі-эмоцияға байланысты ;

Ықпалдылығы–бұйрық, өтініш, кеңес, нұсқау түрінде көрінеді

35.Сөйлеу түрлері функциялары

Сөйлеудің қызметтері:1)Көрсету функциясы-өзнің адамға сезімін, эиоциясын т.б. көрсету.2)Әсер ету функциясы-;3)Тағайындау функциясы-ат қою;4)Ақпараттау функциясы

Сөйлеудің түрлері:1)Монологты сөйлеу бір адамның сөзі, жүйелі, мақсатты, жоспарланған.2)Диалогты сөйлеу-бұл ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі, екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.;3)Ауызша сөйлеу-сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан, оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады.;4)Жазбаша сөйлеу- сөйлеудің ерекше түрі. Арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі; 5)Іштей сөйлеу-тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады.

36.Қиял туралы түсінік

Қиял дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Қиял-жаңа елестетулер негізінде құралған елестің іске асу процесі. Қиял- шынайы өмірмен байланысты, содан алынады. Қиял еңбек процесінде пайда болған деп саналады, яғни адам іс-әрекетінің іске асу қажеттілігінен туған. Мысалы: көзалдымыздағы бір еңбек затын көрсе, адам онымен еңбек іс-әрекетін орындауға қажетті басқа бір зат туралы ретінде ойлап қарастырады. Содан кейін адамның тарихи даму барысында қиялды іс-әрекеті еңбекте ғана емес, сонымен қатар адамның фантазиясындағы және арманында да көріне бастады. Қиялдау процесі әрқашан үздіксіз бойланыста -2 психикалық процеспен, яғни ес және ойлаумен жүреді. Қиял іс-әрекеті адамның эмоционалды бастан кешірулерімен тығыз байланысты. Қалаған тілекті елестету адамда позитивті сезімдерді тудырады.

37.Қиял түрлері.Олардың жасалу тәсілдері

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді.Пассив қиялдың шегі- түс көру. Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның ояу кезінде де туып отырады.Адам алдында ешбір мақсат қоймаса да, оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп жатады.Мысалы адам аспандағы бұлтқа, үй қабырғасындағы түрлі көлеңкелерге қарап, оларды бір нәрсеге ұқсатады. Бұл айтылғандардың бәрі ырықсыз қиялдың мысалдары.Актив қиял-қиялдың шарықтап дамуының жоғарғы сатысы, адамның творчестволық әрекетімен тығыз байланысып жатқан түрі.Актив қиял кейде ырықты қиял деп те аталынады.Ол қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып үшке бөлінеді.Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Бұл үшін түрлі сипаттау, схема сызықтарын дұрыс түсіне білумен қатар, адамда өмірден алынған көрнекті образдардың жеткілікті қоры болуы қажет. Оны тәрбиелеудің басты жолы- көркем әдебиет кітаптарын оқу. Творчестволық қиял өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, ғалымның, композитордың т.б. қиялы творч.қиялға жатады.Творчеств. қиял қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Арман дегеніміз- өз қалауынша жаңа образдар жасау.Мұның творч. Қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі.Арман творч. Әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творч. Қиялдың бірінші дайындық сатысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]