
- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1. Теледидарлық хабарлар типологиясы.
- •2. Республика деңгейінде бақ жүйесіндегі теледидардың орны.
- •5. Қазақстандағы және әлемдегі продюсерлік және таралым телекомпаниялары.
- •7. 1968 Жылдан кейінгі отандық публицистикадағы дағдарыс («Праж көктемі» және оның зардабы).
- •8. «Қайта құрудағы» 1985-1991 жж. Теледидар режиссурасының рөлі.
- •9. 1991 Жылдан кейінгі Қазақстандағы тд-ның коммерциалануы.
- •10. Қазақстандағы және әлемдегі «Алтын жұлдыз» және басқа да телебағдарламалар конкурсы.
5. Қазақстандағы және әлемдегі продюсерлік және таралым телекомпаниялары.
Қарама-қарсы көзқарастар туралы түсінік телережиссер жұмысының дұрыстығы.
6. 60-жылдардағы отандық телепублицистиканың дамуының әлеуметтік-тарихи алғы шарты. ТД – орталық
Ғылыми еңбектерде зерттеушілер эволюция ұғымын белгілі бір жүйенің бір қалыптан екінші қалыпқа келуі, оның бұрынғы қалпының айтарлықтаймерзімде біртіндеп өзгеруі нәтижесінен болады деп түсіндіреді. Сондықтан, жанр эволюциясы да газет пен радиодағы өз қалпы мен пішінін өзгерте, түрлендіре, экран заңдылығына ыңғайлана отырып, баийды, өзгереді деп түйіндейік. М. Барманқұлов жанрлар эволюциясы: а) жойылу (декрет, мәлімдеме, манифест, декларация), ә) қайта келу (репортаж, сұхбат), б) қайта түрлену және жаңа мазмұнмен толығу (публицистикалық шолу), в) дәстүрлі жанрлардағы өзгеріс; г) жанрдың басқаша мағынаға ие болуы», — деп түсіндірді. Жанр эволюциясын дабіріншіден, уақытпен, екіншіден, бейнелеушіқұралдармен, үшіншіден, жанрдың атқаратын функциясымен байланыстыра қарастыру керек деп байлам жасайды.
Телеэкран заңдылығына ыңғайланған жанрлар мен пішіндер бірте-бірте көрермендерге таныс бола бастады. 1958-1990 жылдардағы телехабарлардың негізгі пішіндерін: телевизиялық жинақ, телеплакат, лекция, телевизиялық анықтама, телеспектакль, телепастановка, телетолғау, телевизиялық клуб, телефестиваль, телеальманах, телеконференция, телеэкспедиция, телевикторина, телекалендарь, телевизиялық рейд, киносаяхат, кинопанорама, калейдаскоп, көрермендер хаттары, анкета, эстрадалық программа, концерт-әңгіме, поэзия театры, лирикалық минуттар, фильм-концерт, фильм-спектакль, пьеса-хроника, телекөрермендердің сұрақтарына жауаптар, жиналыс, конференция, лекторий, косултатция, музыкалық-әдеби викторина, музыкалық сәлемдеме, әдеби-музыкалық композиция, әдеби театр, поэзи театры, драмалық телеқойылымдар, музыкалық телеқойылымдар, шығармашылық портреттер, театр, кино қойылымдарына қысқаша аннотация, эстрадалық программалар құрады. Ал 1958-1990 жылдардағы жанрлар ретінде тележурнал, телехабар, тележаңалықтар, телехроника, телеәңгіме, телешоу, телеочерк, пікірталас, баспасөз конференциясы, телесұхбат, корреспонденция, суреттеме, телефельетон, телефильмді атауға болады. Жанрлардың эволюциялануы да техниканың өсуі, аудиторияның әлеуметтік құрамының өзгеріп отыруы, қоғамның жаңа пішіндері қажетсінуі, арналар функциясының өзгеруі, шығармашылық және техникалық топтың ізденісінен жетіліп отыратындығын айтуға болады.50-60 жылдары теледидарда пішіндердің кейбір экран спецификасына ыңғайласа өмір сүрсе, енді біреулері жоғалып жатты. Алпысыншы жылдары телевизиялық журнал болашағы мол деп танылды. Телевизияға пішін іздеу кезінде алғашқы қадамдар телевизиялық журнал ретінде алып келді… Хабардағы осы пішін көрермендер сүйіп көретін игілікке ие болды. Себебі теледидар өзінің қоғамдағы әлеуметтік міндетін орындай отырып, журналистиканың басылым түрінде бұрыннан белгілі тақырыптық, әртүрлілік, материалдағы жекелікті журнал түріндегі пішіннің өн бойына жинақтап, оны экранға қайта ыңғайластырды.Алайда, телехабардың құрылымына біртіндеп ақпараттық-публицистикалық жанрлар енгізілді: көркем-публицистикалық жанрларды игеру басталды: телевизиялық хабарларды дербестендірудің алғашқы әрекеті іске асырылды; телекиноның бастапқы базасы жасалды; оқу-білім бағытындағы бағдарламалар туындады. Солай етіп, аудиторияның белнгілі бір топтарының сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған хабардың теледидарға арналған жаңа түрлері табысты игеріле бастады.
1966 жылы Өскемен телестудиясы «17 жастағылар клубы» хабарын ұйымдастырды. Хабар мазмұны жағынан «бреййн-рингпен» үндес, әрі пішіні жағынан оған жақын. Мысалы, Орталық теледидарда 90 жылдары өмірге келген «Не? Қайда? Қашан?» телебағдарламасы «брейн-ринг» пішініне ұқсас. Алайда, «17 жастағылар клубы» көрермендер командасымен емес, өз араларында бір-бірімен оайнады. Хабарда студияға мектептің жоғары сынып оқушылары мен жұмысшы жастар шақырылған. Телешығармашылық топқа осылардың интеллектуалдық ой-өрісінің кілтін табу үшін, олардың педагогикалық білім саласынан хабардарлығына барлау жасау қажет болды. Оған қосымша сценарийдің өн бойындағы мазмұн мен идеяның тұтастығы да сақталды.Телеэкрандағы хабарлардың тәрбиелік рөлімен бірлікте, аудиторияның күн санап өсіп келе жатқан талап-тілегін ескеру де маңызды болды. Телевизиялық альманах «Дидарда»замандастар жайлы микроочерк, суреттеме, жастармен сұхбат, әңгіме, репортаждар, республика комсомолының өмірі жайлы сюжеттер берілсе, жасөспірімдерге аранлаған «Өзіңді өзің таны», студенттерге арналған «Аудитория», жас ғалымдардың телевизиялық клубы «Ньютон алмасы», «сСөз сұраймын» рубрикасының негізінде пікірталас түріндегі хабарлар ұйымдастырылды.10985 – тің лебімен ере келген жариялылық, қайта құру да телеэкранға өзгеше тыныс, жаңа леп әкелді. «Тілден шідер, ойдан бұғау» алынған кезең тележурналистер үшін ізденіске толы болды. 1991-2004 жылдардағы шығармашылық топтың ізденісі нәтижесінде: телеанкета, телевикторина, телеүндесу, теле канферансье, телеакция, телеклуб, телекүнделік, телесаяхат, телеқадағалау, телебәйге, телекурьер, телеэкспедиция, тележаршы, телекөрсетілім, киноконцерт, Депутата арнасы, Үкімет арнасы, киносаяхат, телеойын, деректі хикая, теле-шоу, супер шоу, интеллектуалдық думан, интерактивті бағдарлама, пікірлесу клубы, саяси сараптама, сараптау, моноспектакль, мультоптама, бейнефильм, бейнебаян, бейнеантология, бейнеклип, кешкі бейнесалон, лингвистикалық телеолимпиада, этнографиялық телеолимпиада, әдеби телеолимпиада, аңдатап, саяси жарнама, журналистік зерттеу, жарнама, реалити-шоу, естелік-эссе, сыр-сұхбат, экологиялық бағдарлама, мөлтекспектакль, тарихитип, көбікті опералар, триллер, суперинтеллектуалдық телеойын, авторлық бағдарлама, триада: жаңалықтар-кинокөрсетілім – думан пішіндері экранда орнықты. Тәуелсіздік кезеңіндегі экран жанрлары – телесұхбат, телеәңгіме, телеочерк, телерепортаж, түсініктеме, баспасөз мәслихаты, пікірталас, анкета түрінде көрініс табуда.ариялықтан кейін телеэкранда «бейнеклип” пішіні көріне бастады. Бейнеклип – жарнама, әндер әрі әнді орындаушылар. Бейнеклипте алдымен музыканттар режиссерді іздестіріп, онымен одақ құрады да, оқиға одан әрі сценарий актерлерді таңдау, түсіру, монтаж түрінде өрбиді. Осы процестер режиссерден күш-жігер мен ойлампаздықты, шеберлікті талап етеді. Алайды, отандық бейнеклиптердің сәтсіздігін қысқа көріністер көп болған сайын, ол бейнеклип дәрежесіне сәйкестенеді деген режиссер ұғымының негізсіздігінен іздестіруге болады.Телевизиядағы «журналистік зерттеу” пішіні ғалымдар назарына кештеу ілінді. Осы пішін қазақ теледидарында 80 жылдардың орта тұсында Қ.Қорғановтың «Бір хаттың ізімен” хабары негізінде телеэкранға орнықты. Зерттеуші М. Берлин: «Журналистік зерттеу журналист тарапынан болатын күш-жігер, идея және ұсыныссыз жарыққа келмейді”,-дейді. Себебі, журналист материалдарытерей ірі жан-жақты зерттеу нысанына айналмағандықтан хабарларда үстірттік, асандылық белең алды. Журналистік зерттеуде автордан талант пен сезімталдылық, әрі осы саланың заңдарымен таныс болу, әрі өз материалын дерекке негіздеу қатаң талап етіледі. Автор «Бір хаттың ізімен” хабарын көрермендер хаттарының желісімен жасап, онадағы көтерілген мәселені нысанаға барғанға дейін тыңғылықты зерттеп, оқиға орнына арнайы топпен, барып, іске жан-жақты қанығып, кейін студияға оған қатысы бар ұйым, мекеме басшыларын шақырып, келелі әңгіме қозғады. Журналист деректен алшақтамай, біреудің ар-намасын орынсыз аяққа таптамай, болғанды болған күйінде баяндай отырып, журналистік зерттеу әдістеріндегі: «а) алдын – ала тексеру, ә) деректер, б) салыстыра талдау, в) бақылау, г) сұхбат” түрінде хабарда жүйелі түрде көрсете білді.Телеараналар жаңа пішін іздеуде үнемі ізденіс танытып отырды. Қазақ теледидарында бұрыннан бар интерактивті байланыс хабары «Хабар” агенттігінде де эфирге шықты. Телепублицист Б. ҚҰсанбек 2004 жылдың сәуірінде Б. Құсанбек 2004 жылдың сәуірінде өткен «Нысана” хабарын интерактивті деп тапты.Батыстағы телеарналара соңғы оншақты жыл ішіндекөбіне-көп ешқандай коментарийсіз «бейне-баян” форматына ауысып, оқиғаны тікелей эфирде көрсетуге біртіндеп көшіп жатыр. Бүгінде осы пішіннің болашағы зор екендігі ақиқатқа айналып келеді. Бұған Қазақ теледидарында «Қазақ жері” деген атаумен республикамыздың тарихи жерлері мен сұлу табиғаты туралы беріліп отырған бейнебаян дәлел. Мысалы, көрермен «Баянауыл” туралы берілген тақыоыртың өн бойынан: а) танымдық дүниесін кеңітеді; ә) туған табиғатының таңғажайыптарына қанығады, б) көрерменге табиғат тылсымдары әсерлі, жарасымды музыкамен бірге тамашадемалыс сәттерін сыйлайды, в) көрермен табиғаттың таңғажайып өзінің бір сұлулығын маниторда жазылып, музыкамен бірлікте біріліп тұрған ақарат арқылы ұғынады.Телевизияда «Реалити ТВ” өмірге келген кезде оған Леалити – шоу деген айдар тағылды. Экран туындысы телевизиялық кеңістіктегі шындыққа бағыт ұстанып, бір мезгілде ол көріністегі бейненің сан алуан мазмұндылығы, әрі мінез-құлық үлгісі болып табылады. Ол – көшедегі адмадармен сұхбат, пікірлесу, біздің замандастарымыздың күнделікті тыныс-тіршіліктері жайлы хабар. Кейіпкер де уақыт кеңістігінде өмір сүруші жандар. Реалити – шоу бағдарламасын жасаушылар оны ойын –сауық түрінде ойластырған. Негізгі идея аудиторияны күнделікті шыншыл, боямасыз өмірге жинақтау, жақындату, оны телевизия әйнегі арқылы бақылау болып табылады. Бұл теледидардың рекреативті функциясымен өзектес.Отандық теледидарда Реалити-шоу деңгейінде жасалған, әрі көрермендер қызыға тамашалайтын фильм-портреттер бар. Қоғамымыздың өсіп-өркендеу жолында тағдыры көпшілікке үлгі болар, ұрпақ үшін мәні зор, жан-дүниесі шуаққа толы тұлғалар бейнесі – қызықты әрі тамаша. Ол – деректі фильм-портреттер, саналуан бағдарламалар, ток-думан хабарлары, нақты өмір, деректі кино. Сан-саладағы деректі сериалдар қоғамдық көңіл-күйдің барометрі іспеттес. Онда қоғамның қалай өмір сүріп, жатқаны шыншыл, әрі боямасыз көрсетіледі. Көрерменнің бүгінгі қалауы да, талабы да осы.«Теледидар қазір журналистиканың барлық ескі жанрларын жаңарған түрге айналдырды. Олардың бар-ау деп есте жүргендердің жаңа қырларын ашты. Жаңа әдістерді дүниеге келтіріп, журналистикаға жаңаша жанрлар мен формалар сыйлады”, — деген М. Барманқұловтың пікірі шындыққа айналуда.
«Хабар» арнасы бағдарламалар режиссурасының ерекшеліктері.