Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сұрақтар (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.82 Кб
Скачать

Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. Теледидарлық хабарлар типологиясы.

Алматы телестудиясы (1958-59 жылдары) телехабарларының типологиясы — [1]. Теледидардан берілген хабарлар мен кино-деректі фильмдер 1958 жылы 16.331.12 1959 жылы 1.116.4. I Барлық хабарлар: 244 109 оның ішінде а) қоғамдық-са 85 40 яси ә) әдеби-драма- 8 4 лық б) балалар 50 23 в)музыкалық 101 42 II Керсетілген кинофильмдер: 286 212 1)Көркем фильм: 183 78 оның ішінде а) кеңестік 156 59 ә) халықтық демо- 10 9 кратиялық елдер б) шетелдік 17 10 III Мультипликациялық: оның ішінде 13 15 а) кеңестік 13 12 ә) халықтық де - - мократиялық елдер елдер б) шетелдік - 1 IV Деректі 17 40 V Ғылыми-көпшілік 3 15 VI Киножурнал 70 60

«Хабар» арнасы бағдарламалар режиссурасының ерекшеліктері.

Қазақ киносы түрлері, жанрлары және тақырыптық бағыттары бойынша зерттеле бастады. Әдебиет және өнер институты Кинотану саласындағы бір топ мамандарды «Қазақ киносы тарихының очерктерін» (1980) жазуға жұмылдырды. Кітап қазақ киносының тарихын, оның жеке жанрларын даму тұрғысынан зерттеп, республикадағы Кинотану ғылымының белгілі бір дәрежеде дамып келе жатқандығын айқындай түсті. Белгілі журналист, жазушы Қ.Смайылов «Қазақ кинодраматургиясының қалыптасуы» деген тақырыпта кандаттық диссертация қорғады; «Фильм осылай туады» (1981), «Қазақ киносының тарихы» (1999) кітаптарын жарыққа шығарды. Б.Р.Нөгербек «Қазақ анимациясында фольклорлық дәстүрдің дамуы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады, оның ұлттық мультипликациялық кино тарихы мен оның даму жолдарын сөз ететін «Егер ертегілерге жан бітсе» (1984) кітабы жарық көрді. Қазақ кино өнерін насихаттауға арналған А.Қайырбаевтың «Экрандағы кездесулер» (1979) мен «Естелік беттері» (1981). М.И.Берковичтің «Жасалып біткен кинолентаның кадрлары» (1984), т.б. кітаптар да жарияланды. 20 ғ-дың 90-жылдары қазақ Кинотану ғылымы қазақ кино өнері дамуын тереңдей зерттеп, ізденіс ауқымын кеңейте бастады. Кинотану Әлімбаева мен Кинотану Айнағұлова «Қазақстан кино өнерінің даму ағымдары» (1990), Г.Әбікеева «Орта Азия киносы» (1990–2001) кітабын жарыққа шығарды. 1993 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясында кинотанушылар даярлайтын бөлім ашылды. 1997 жылы қазақ кино танушыларының алғашқы тобы бітіріп шықты. Жас кинотанушы Н.Рахманқызының (Мұқышева) «Кинорежиссер О.Әбішев» (1998), Г.Наурызбекованың «Әуезов және кино» (2000) атты кітаптары шықты.

Киноның тарихы және теориясымен қатар фильмография мен кино библиография салалары да дами бастады. Т.Смайылова 1925–90 жылдардағы көркем, деректі және анимациялық фильмдерді қамтитын «Қазақстан киносы» киноанықтамалығын шығарды. Қазақ киносының шеберлері туралы библиографиялық анықтамалық әзірленді. Қазір республика кино өнерін зерттеу ісімен Әдебиет және өнер институтында жүргізіледі. Қазақстан кинематографияшылар одағы жанында Кинотану және кино сыны секциялары жұмыс істейді. Қазіргі қазақ Кинотану ғылымының алдында тұрған басты міндет – ұлттық кино өнерінің даму тенденцияларын және өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету болып табылады.[2]Жақсы режиссер оператор, жөндеуші, топмейстер, дыбыс рсжиссері сияқты көмекшілері бола тұра бар жұмысты өзі атқара береді. Ол алдымен, жұмысты бастамас бұрын хабардың мәтінімен танысады. Сонан соң күллі көркемдеуші элементтерді дайындайды, музыканың естілу уақытын да сол белгілейді. Кез келген жерден музыканы үзіп тастауға болмайды, белгілі бір жеріне дейін ойнатып, сонан соң біртіндеп барып хабардың жабылу процесіне сай аяқтау қажет. Эстетикалық талғам, тыңдаушыға жетер әсер басты талап болуы тиіс.

Тікелей эфирде режиссерден жинақылық, шапшаңдық талап етіледі. Дер кезінде қажетті шуларды, музыкаларды жіберу, фонограмманы қосу т.б. әрекеттер ашық эфирде тез орындалуы тиіс. Кейде шақырылған адамдар келмей қалады, кешігеді, ондайда хабар жоспары өзгереді. Ендігі жерде режиссердің жедел шешімі керек. Әрине, режиссер көмекшісінің, оператордың жәрдемдері кажет. Хабардың үзіліп қалмауын қамтамасыз ету де соның міндеті. Кейде жүргізуші сөйлеп тұрады, ал радиодан естілмейді. Сондықтан, студия мен апараттық бөлме арасын байланыстыратын микрофоннан басқа наушниктер де қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]