Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муниципалка шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.84 Кб
Скачать

12.Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесіне түсінік беріп, жергілікті сайлау мен жергілікті референдумның өзін-өзі басқару жүйесіндегі орнын көрсетіңіздер

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі деп жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, азаматтардың тікелей ерік білдіру нысандарының, муниципалдық құрылымның тұрғын халқы Конституциямен танылған және кепілдендірілген билікті жүзеге асырады, өзінің жеке мүдделеріне, тарихи және өзге де жергілікті дәстүрлерге сүйене отырып жергілікті маңызы бар мәселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің элементтерін қарастыратын болсақ, олар біріншіден – жергілікті референдум. ҚР Конституциясы жергілікті референдумды қарастырмайды, ал Ресей Федерациясы Конституциясы оны жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудың қалған барлық нысандарының ішінде бірінші орынға қояды.

Референдум – бұл қоғамдық өмірдің түрлі маңызды мәселелері жөнінде дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың тікелей ерік білдірулері. Референдумдар аумағы бойынша бүкіл халықтық және жергілікті болады. РФ заңнамасында “жергілікті референдум” ұғымы түрліше анықталады.

Жергілікті референдум түсінігі өзіндік ерекше белгілерге ие:

1. Конституцияға сәйкес биліктің бастауы болып табылатын халықтың - жергілікті құрылымның азаматтарының билікті тікелей жүзеге асыруы. Тиісті жағдайда билік тікелей ерік білдіру – дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.

2. жергілікті референдумға тиісті референдум өткізілетін аумақта тұратын азаматтар ғана қатысады;

3. жергілікті референдум өткізілетін аумақтың шектелуі;

4. референдумның әсер ету аясы жергілікті маңызы бар мәселелермен шектеледі.

Олай болса, жергілікті референдум – бұл жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған, муниципалдық құрылым шегінде жүргізілетін, дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын, Конституцияға, заңдар мен муниципалдық құрылымдардың жарғысына сәйкес өткізілетін тиісті аумақта тұратын азаматтардың тікелей ерік білдіруі.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың депутаттары мен сайланбалы лауазымды тұлғаларын кері шақырып алу. Тікелей демократияның бұл институты олардың қай-қайсысының болмасын тапсырылған іс үшін сайлаушылар алдындағы жауаптылығын жоғарылатады. “Об общественных принципах организации местного самоуправления” федералдық заңының 18 бабы тұрғын халықтың депутатты, жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшесін, жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы лауазымды тұлғасын кері шақырып алу мүмкіндігін қарастырады. Кері шақырып алудың негізі болып, әдетте өзінің депутаттық міндеттемесін орындамау, заңнаманы, муниципалдық құрылымның жарғысын бұзу, депутат атына лайық емес әрекеттер жасау, азаматтардың заңды мүдделерін пайдалану (басу) болып табылады.

13.Жергілікті өзін - өзі басқарудың қызмет етуінің негіздерін анықтап, әрқайсысын жеке-жеке ашып қарастырыңыздар

Жергілікті өзін-өзі басқару негіздерін ҚР Конституциясында, ағымдағы заңнамада баяндалған, жергілікті маңызы бар міндеттерді шешу жөніндегі тұрғын халықтың қызметінің барлық муниципалдық құрылым үшін неғұрлым қағидалық, маңызды, жалпы аумақтық, құқықтық, экономикалық-қаржылық негіздерін бекітетін құқықтық нормалар жиынтығы ретінде анықтауға болады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негіздері жергілікті өзін-өзі басқарудың фундаментін құрайтын және тығыз өзарабайланыста болатын және дамитын аса маңызды элементтерді білдіреді. Олар болып – адам (азаматтардың қауымы), аумақ, экономика мен құқық табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың демографиялық негізі – жергілікті өзін-өзі басқарудың сипатты белгілерінің бірі – тиісті аумақта тұрғын халықтың болуын белгілейтін нормалардың жиынтығын білдіреді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық негізі муниципалдық құрылымның жерлерінің құрамын, оның шекараларын және оларды белгілеу мен өзгерту тәрітбін анықтайтын муниципалдық құрылымның аумақтың құрылысын реттейтін нормалардың жиынтығын білдіреді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізін муниципалдық меншік, жергілікті қаражат, мемлекеттік меншік болып табылатын және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына басқаруға берілген мүлік, сондай-ақ заңға сәйкес муниципалдық құрылымның тұрғын халқының қажеттіктерін қанағаттандыруға қызмет ететін өзге де меншік құрайды (РФ-ғы жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың негізгі қағидалары туралы” РФ заңы). РФ Конституциясы муниципалдық меншіктің танылатындығы және өзге меншік нысандарымен бірге теңдей қорғалуға жататындығы туралы ережені белгілейді. Муниципалдық меншік ретінде қалалық және селолық елді мекендерге, сондай-ақ өзге муниицпалдық құрылымдарға меншік құқығында тән болатын мүлік түсініледі .Муниицпалдық меншіктегі мүлік муниципалдық кәсіпорындар мен өзге мекемелерге бекітіліп беріледі.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық негізін муниципалодық құрылымның бюджеті құрайды. Муниципалдық құрылымның қаржылық ресурстары жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Муниципалдық құрылымның қаржылық ресурстары ретінде жергілікті бюджеттің қаражаттарынан, бюджеттен тыс қорлардан, муниципалдық кәсіпорындардың қаржылық ресурстарынан, ссудалар мен займдардан, муниципалдық меншікті сатудан түскен қаражаттардан, бағалы қағаздардан және т.б. тұратын қаржылардың жиынтығы түсініледі.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негізі жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметі мәселелерін және оның институт ретінде, басқарудың жалпы жүйесіндегі мақсатын (тағайымын) реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық нормалардың өзара байланысты жүйесін білдіреді.