Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муниципалка шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.84 Кб
Скачать

10.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын анықтап, олардың ұйымдастырылу тәртібін анықтаңыз.

РФ Конституциясында ЖӨӨБ органдарының мемлекеттік билік оргадарының жүйесіне кірмейтіндігі айтылған. Олай болса, РФда конституциялық деңгейде биліктің екі түрлі дәрежесі бекітілген: мемлекеттік билік пен миниципалдық билік. РФда биліктің бөліну қағидасы тек мемлекеттік билік органдарына қатысты. Муниципалдық құрылым деңгейінде биліктің бөлінуі қағидасының қолданылуының мақсаттылығы жергілікті қауымдастықтың өзімен анықталады және муниципалдық құрылымның жарғысында бекітіледі.Олай болса, жергілікті деңгейде биліктің бөлінуі қоғамның міндетті түрде қолданылуына қатысты талап жоқ. ЖӨӨБ органдары ЖӨӨ басқаратын, аумақтық қоғамдастықпен құрылатын және өзінің өкілеттігінің тиісінше орындалуы жүзеге асырылуы үшін олардың алдында жауапты болып табылатын тиісті қоғамдастықтың органдары. ҚРда ЖӨӨБО мынадай: Мәслихат және өзге де ЖӨӨБО. Мәслихат – облыстың, респуб.маң.бар қаланың және астананың немесе ауданның (обл.маң.бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және ҚР заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың ж.а.-н бақылайтын сайланбалы орган. Әкімдік – облыстың, респуб.маң.б.қаланың, астананың, ауданның (обл.маң.б.қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жерг.мем/к басқаруды және ӨӨБ-ды ж.а.-н алқалы атқарушы орган.

2003 ж. «Об общих принципах местного самоуправления в РФ» заңының алтыншы тарауы ЖӨӨб мен ЖӨӨБоргандарына арналған. Тиісінше РФ-да ЖӨӨБ органдар жүйесіне мынадай:

1) Мун/қ құрылымның өкілді органдары (кейде азаматтар жиналысы)

2) Мун/қ құрылым басшысы

3) Жергілікті әкімшілік (атқарушы өкілді орган)

4) Бақылаушы органы

5) Мун.құр. жарғысында көрсетілген өзге де органдар лауазымды тұлғалар.

ЖӨӨБ органдарының құрылымында алғашқы үшеуінің болуы міндетті. ЖӨӨБ органдарының құрылу тәртібі ,өкілеттіктері, өкілдік мерзімі , есептілігі т.с.с. мәселелер муниципалдық құрылым жарғысында анықталады. Ал,ЖӨӨБдың үш органының атауы тарихи және өзге де жергілікті дәстүрлерді ескере отырып РФ субъектісінің заңымен анықталады.

ЖӨӨБдың өкілді органдары бұл тиісті аумақтың тұрғын халқымен сайланатын және оның мүддесін білдіретін орган. Поселклердің өкілді органы депутаттардан тұрады. Бұрын мун.құрылымның өкілді органының депутатын сайлау тек тұрғын халықпен тікелей жүзеге асырылатын. Қазір тікелей сайлаулар поселениялар «қалалық, селолық»үшін қарастырылған. Муниципалдық ауданның өкілді органдарын құруда тікелей және жанама сайлаулар қолданылуы мүмкін. Атап кеткендей сайлау құқығына ие тұрғындар саны жүзден кем жерлерде өкілді орган құрылмайды, және мұндай жағдайларда өкілді органның өкілеттіктерін Азаматтар жиналысы жүзеге асырады. Муниципалдық құрылымның өкілді органы егер оның белгілі депутаттар санының кемінде үштен екісі сайланған жағдайда өз өкілеттігін жүзеге асыра береді,яғни құқылы заңды деп танылады.

Ал ҚРда Орталық сайлау комиссиясы белгілеген тиісті маслихат депутатының жалпы санының кемінде төрттен үші сайланған жағдайда маслихат заңды деп есептеледі.

РФда мун.құр. өкілді органыны заңды тұлға болып табылады.Қазақстанда маслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.

Муниципалдық құрылымның басшысы жерг.маң.бар мәселелерді шешу жөніндегі өкілеттіктерге ие мун/қ құрылымның жоғарғы лауазымды тұлғасы. РФда МҚБ МҚң өкілді органының және МҚ тұрғын халқының бақылауында болады және оларға есепті б.т.

Муниципалдық құрылымның атқарушы органы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде өкілеттіктерді сондай ақ федералдық заңымен жіне федералдық субъектілер заңымен берілген мемлекеттік өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты өкілеттіктерді иеленетін жергілікті әкімшілік. Муниципалдық құрылымның атқарушы органын басқарады: муниципалдық құрылым басшысы немесе контракт бойынша тағайындалған тұлға(контракт муниципалдық құрылымда конкурс өткізіледі сол бойынша тағайындалады).