Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муниципалка шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.84 Кб
Скачать

6.Жергілікті өзін - өзі басқарудың принциптерін көрсетіп, олардың жеке-жеке мәнін ашыңыздар.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қағидалары - бұл жергілікті істерді басқаруды дербес жүзеге асыратын тұрғын халықтың, ол құратын органның ұйымдастырылуы мен қызметіне негіз болатын, жергілікті өзін-өзі басқарудың табиғатымен себептелген түпкілікті бастаулар мен идеялар.

Біздің ойымызша “Жергілікті өзін-өзі басқару туралы” заңның жобасын “жергілікті өзін-өзі басқарудың қағидалары” деп аталатын баппен толықтыру қажет және онда мынадай қағидалар бекітілгені жөн:

  1. тұрғын халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді дербес шешуі;

  2. жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету;

  3. экономикалық дербестігі қамтамасыз ету;

  4. жергілікті өзін-өзі басқару үлгілерінің көптүрлігін қамтамасыз ету;

  5. жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғам мен мемлекетті басқару жүйесіндегі ұйымдық жекелігін қамтамасыз ету;

  6. жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдендірілуі;

Осы қағидалармен қоса бұрыңғы кеңестік “Жергілікті өзін-өзі басқару және ҚазССР халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы” заңда бекітілген мына бір қағидаларды да реттеу қажет:

  1. жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайланбалығы, олардың тұрғын халық алдында есептілігі мен бақылауында болуы;

  2. заңдылық ;

  3. азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

  4. жариялылық пен қоғамдық пікірді ескеру.

Бұл аталған қағидалардың бекітілуі жергілікті өзін-өзі басқарудың нық теориясын жасауға мүмкіндік береді. Осы мақсатты жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларын да бекіту керек.

Жергілікті жердегі мәселелерді жоғарғы биліктің қатысуысыз сол жерде шешкен тиімді. Жергілікті өзін-өзі басқару принциптері Еуропа Хартиясында маңызды орын алып заңмен бекітілді. Жергілікті өзін-өзі басқару принциптеріне мыналар жатады:

  1. Жергілікті жердегі мәселелерді халықпен қарым-қатынас жасай отырып шешу.

  2. Жергілікті өзін-өзі дұрыс ұйымдастыру, мемлекеттік билік жүйесімен қарым-қатынас жасай отырып, бір мақсатты алға қою, билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдардың қызметін (функцияларын) анықтау.

  3. Жергілікті өзін-өзі басқару територияларының материалдық және қаржылық ресурстарын ескере отырып, олардың алға қойған мақсаты мен өкілеттілігн айқындау.

  4. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және осында қызмет жасайтын лауазымды тұлғалардың халық алдындағы жауапкершілігі.

  5. Жергілікті өзін-өзі басқару територияларын ұйымдастырудың алуан түрлілігі.

  6. Азаматтардың құқығы мен бостандығының принциптерінің қатаң сақталуы.

  7. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру және оның заңға сәйкес қызмет жасауын қамтамасыз ету.

  8. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің ашық жариялануы (ақпарттық қамтамасыз ету).

  9. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің біліктілігі мен бірлігі.

  10. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметіне мемлекет тарапынан берілетін кепілдік.

  11. Жергілікті өзін-өзі басқару құрлымын құруға , және басқару процесіне осы териториядағы халықтың араласуы.

  12. Әділеттілік.

  13. Халықтың тұтынушылық қабілетін қанағаттандыру.

Осы айтылғандардың барлығы « Ресей Федерациясының жалпы жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру прициптері туралы заңында » көрсетілген , және бірнеше ұйымдартыру формаларымен бекітілген.