Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муниципалка шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.84 Кб
Скачать

24. Аудандық мәслихаттың хатшысы жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін уақытша

Біріншіден, «ҚР ЖМБ және ӨӨБ тур» Заңына сәйкес мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Яғни, Аудандық мәслихаттың хатшысы уақытша комиссияны құрғаны заңды, бірақ оны жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін құрғаны заңға қайшы. Тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін тиісті тексеру комиссиялары құрылады.

Екіншіден, «ҚР ЖМБ және ӨӨБ тур» Заңына сәйкес Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат оларды құру кезінде белгілейді. Берілген жағдайда уақытша комиссияның құрамы мен міндеттерін мәслихат хатшысы белгілегені заңға қайшы.

Үшіншіден, аталған заңда уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді деп көрсетілген. Яғни, УКң мүшелері оның жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбеуіне байл.наразылықтарын білдіріп, өзінің құқықтары бұзылды деп тауып сотқа шағымдануына негіз жоқ.

25. Қр Парламенті Мәжілісінің бұрыңғы депутаты 2010 жылы Алматы қалалық

Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда:1)депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса; 2) депутатты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;3) мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;4)депутат қайтыс болса;5)ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса; 6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе; 8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.      Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.

Бұл жерде орын алған заңсыздық маслихат депутатының өкілеттігінің басталуы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталады.Және оған қатысты қылмыстық істің қозғалуы оның өкілеттігін мерзімінен бқрын тоқтатуға негіз болып табылмайды. Мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бқрын тоқтату негіздері заңда анықталған

26. 2012 Жылы мәслихат сессиясының төрағасы мәслихаттың кезектен тыс отырысын шақыру

Мәслихат сессиясының төрағасын мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады. Мәслихат сессиясының төрағасын сайлау тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi.Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады.  Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi. Кезектен тыс сессия оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкiн.Мәслихат сессиясының төрағасы: 1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;2) мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады;3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.5. Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады. 6. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.