Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муниципалка шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.84 Кб
Скачать

20. Азамат а. Психикалық аурумен ауырады, бірақ оны әрекет қабілеттігінен айыру туралы сот

Азамат А. Психикалық аурумен ауырады, бірақ оны әрекет қабілеттіліген айыруы туралы сот шешімі шығарылған жоқ. ҚРдағы сайлау туралы конститутциялық заңның 4 бабына сәйкес, сайлауға сот іс әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай ақ сот үкімімен бас бостанығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды делінген. Бірақ кейбір жағдайда азамат А.ны сот іс әрекетке қабілетсіз деп танымаған, әрекет қабілеттілігінен айыру туралы сот шешімі шықпаған. Сол себепті, азамат А. ҚР муниципалдық сайлауға қатысуға құқығы бар. Сайлау құқығын: 18 жасқа толмаған; іс әрекетке қабілетсіз деп танылған; сот үкімімен бас бостанығынан айыру орындарында отырған ҚР тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдар иелебейді.

Сайлау цензі дегеніміз белсенді және бәсең сайлау құқығына ие болу үшін азаматтар сай келуі тиісті заңмен белгіленген шаралар.

21. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға №5 көпмандатты (үш мандатты) сайлау

«ҚР сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес сайлау кезінде көпмандатты сайлау округінен сайлаушылардың салыстырмалы көпшілік бойынша дауыстарын жинаған кандидаттар сайланады. Яғни, бұл жағдайда көпмандатты сайлау округінен сайлау кезінде салыстырмалы көпшілік дауыс жинаған 3 кандидат сайланады. Демек олар А,С және Д кандидаттары болып табылады.

22. Бір күнтізбелік жыл ішінде Жамбыл облыстық мәслихатында 2 кезекті сессия өткізілді.

Біріншіден, «ҚР ЖМБ және ӨӨБ тур» Заңға сәйкес мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы шақырады, яғни Бір күнтізбелік жыл ішінде Жамбыл обл/қ мәслихатында екі кезекті сессия өткізілгені заңға қайшы келіп тұр.

Екіншіден, аталған заңға сай Мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы ашып, жүргізеді. Яғни, Кезекті сессияларды мәслихат хатшысы ашып, жүргізгені дұрыс емес. Себебі Мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы ашып, жүргізеді, бірақ мәслихат сессиясының төрағасы болмаған жағдайда ғана оның өкілеттігін мәслихат хатшысы ж.а. Алайда бұл есепте мәслихат сессиясы төрағасы болмағандығы жазылмаған, сол себептен де Мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы ашып, жүргізгені дұрыс емес.

Үшіншіден, Депутаттық сауал дегеніміз мәслихат депутатының тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзіретіне жатқызылған мәселелер б/ша жүгінген ресми жазбаша сауалы. Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды ж.а.-мен байл.болмауға тиіс.

23. Алматы қалалық мәслихатты 8 тұрақты комиссия құрды. Тұрақты комиссиясының

Біріншіден, Алматы қалалық мәслихаты сегіз тұрақты комиссия құрғаны заңға қайшы б.т. Себебі «ҚР ЖМБ және ӨӨБ тур» Заңында көрсетілгендей, мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады және олардың саны жетеуден аспауға тиіс. Және тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайды.

Екіншіден, тұрақты комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі. Бұл жағдайда тұрақты комиссияның мүшелерінің жалпы санының жартысының қатысуымен өткізілген отырысы заңсыз болып табылады. Және де мәслихаттың ТКң отырысында кворум бар, себебі «ҚР ЖМБ және ӨӨБ тур» Заңында тұрақты комиссияның отырысына олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі деп көрсетілген.

Үшіншіден, ТКң отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комитеттің төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Яғни, берілген жағдайда мәслихаттың хатшысы шешуші дауыс беру құқығын пайдалануы заңға қайшы.Төртіншіден, жоғарыда аталған Заңға сәйкес мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ. Яғни, берілген жағдайда мәслихаттың хатшысы шешуші дауыс беру құқығын пайдалануы тағы да заңға қайшы болып табылады.