Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муниципалка шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.84 Кб
Скачать

38.Муниципалдық құрылымның басшысының мәртебесін қарастырып, оның құрылу тәртібі мен өкілеттіктеріне талдау жасаңыздар

Муниципалдық құрылым басшысы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде өкілеттіктерге ие муниципалдық құрылымның жоғарғы лауазымды тұлғасы. РФ-да муниципалдық құрылым басшысы муниципалдық құрылымның тұрғын халқының және муниципалдық құрылымның өкілді органының бақылауында болады және оларға есепті болып табылады.

Ресейде муниципалдық құрылым басшысының мәртебесі әр түрлі болуы мүмкін:

1-ден, муниципалдық құрылым басшысы муниципалдық құрылымның тұрғын халқымен немесе оның өкілді органымен сайлануы мүмкін;

2-ден, тікелей тұрғын халықпен сайланғанда муниципалдық құрылым басшысы өкілді органның құрамына кіреді және оның төрағасының өкілеттігін атқарады немесе жергілікті әкімшілікті басқарады;

3-ден, муниципалдық құрылым басшысы муниципалдық құрылымның өкілді органымен сайланған жағдайда оның төрағасының өкілеттігін жүзеге асырады. Өз құрамынан сайланады.

Муниципалдық құрылым басшысы бір мезетте жергілікті әкімшілікті және муниципалдық құрылымның өкілді органының төрағасы өкілеттіктерін атқара алмайды.

Муниципалдық ауданның өкілді органдары поселениялардың басшыларынан және депутаттарынан құрылған жағдайда муниципалдық құрылым басшысы оның басшысы өкілеттіктерін атқарады.

Муниципалдық құрылым басшысының құзыреттері:

1. Муниципалдық құрылым атынан өкілдік етеді (муниципалдық құрылымның басқа органдарымен, мемлекеттік билік органдарымен, азаматтармен);

2. Муниципалдық құрылымның өкілді органымен шығарылған актілерге қол қояды және жариялайды.

3. Муниципалдық құрылымның өкілді органының кезектен тыс отырысын шақыруды талап етуге құқылы;

4. Өз өкілеттіген жүзеге асыруда құқықтық актілер шығарады.

39.Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарының өзара қатынасын анықтап, байланысын көрсетіңіздер

ЖӨӨБдың үш органының атауы тарихи және өзге де жергілікті дәстүрлерді ескере отырып РФ субъектісінің заңымен анықталады.

ЖӨӨБдың өкілді органдары бұл тиісті аумақтың тұрғын халқымен сайланатын және оның мүддесін білдіретін орган. Поселклердің өкілді органы депутаттардан тұрады. Бұрын мун.құрылымның өкілді органының депутатын сайлау тек тұрғын халықпен тікелей жүзеге асырылатын. Қазір тікелей сайлаулар поселениялар «қалалық, селолық»үшін қарастырылған. Муниципалдық ауданның өкілді органдарын құруда тікелей және жанама сайлаулар қолданылуы мүмкін. Атап кеткендей сайлау құқығына ие тұрғындар саны жүзден кем жерлерде өкілді орган құрылмайды, және мұндай жағдайларда өкілді органның өкілеттіктерін Азаматтар жиналысы жүзеге асырады. Муниципалдық құрылымның өкілді органы егер оның белгілі депутаттар санының кемінде үштен екісі сайланған жағдайда өз өкілеттігін жүзеге асыра береді,яғни құқылы заңды деп танылады.

Ал ҚРда Орталық сайлау комиссиясы белгілеген тиісті маслихат депутатының жалпы санының кемінде төрттен үші сайланған жағдайда маслихат заңды деп есептеледі.

РФда мун.құр. өкілді органыны заңды тұлға болып табылады.Қазақстанда маслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.

Муниципалдық құрылымның басшысы жерг.маң.бар мәселелерді шешу жөніндегі өкілеттіктерге ие мун/қ құрылымның жоғарғы лауазымды тұлғасы. РФда МҚБ МҚң өкілді органының және МҚ тұрғын халқының бақылауында болады және оларға есепті б.т.

Муниципалдық құрылымның атқарушы органы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде өкілеттіктерді сондай ақ федералдық заңымен жіне федералдық субъектілер заңымен берілген мемлекеттік өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты өкілеттіктерді иеленетін жергілікті әкімшілік. Муниципалдық құрылымның атқарушы органын басқарады: муниципалдық құрылым басшысы немесе контракт бойынша тағайындалған тұлға(контракт муниципалдық құрылымда конкурс өткізіледі сол бойынша тағайындалады).