
- •1.Муниципалдық құқықтың түсінігін беріп, оның пәні мен әдістері ашыңыздар.
- •2.Муниципалдық құқықтық қатынастар мен нормаларды түсіндіріп, олардың түрлерін көрсетіңіздер
- •3.Муниципалдық құқықтың қайнар көздеріне анықтама беріп, оның нормативтік қайнар көздерін ашыңыздар.
- •4.Муниципалдық құқықты ғылым және оқу тәртібі ретінде анықтаңыздар және олардың байланысын көрсетіңіздер.
- •5.Жергілікті өзін-өзі басқарудың түсінігін беріп, оның белгілерін ашыңыздар.
- •6.Жергілікті өзін - өзі басқарудың принциптерін көрсетіп, олардың жеке-жеке мәнін ашыңыздар.
- •7.Жергілікті өзін - өзі басқарудың функцияларына түсінік беріп, әрбір функцияға жеке қарастырыңыз.
- •9.Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тікелей және жанама нысандарын анықтап, олардың реттелу жағдайына тоқталыңыз
- •10.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын анықтап, олардың ұйымдастырылу тәртібін анықтаңыз.
- •11.Муниципалдық құрылымның өкілді органдарының құрылуы және қызмет етуі тәртібін ашыңыздар
- •12.Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесіне түсінік беріп, жергілікті сайлау мен жергілікті референдумның өзін-өзі басқару жүйесіндегі орнын көрсетіңіздер
- •13.Жергілікті өзін - өзі басқарудың қызмет етуінің негіздерін анықтап, әрқайсысын жеке-жеке ашып қарастырыңыздар
- •14.Жергілікті өзін - өзі басқарудың құқықтық негізінің мәнін анықтап, қр-да жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық реттелу жағдайына шолу жасаңыз.
- •15.Жергілікті өзін - өзі басқару қызметінің құрылымы және ұйымдық негіздерін ашып көрсетіңіздер.
- •16.Жергілікті өзін - өзі басқарудың материалдық - қаржылық базасын анықтап, жергілікті өзін - өзі басқарудың экономикалық негіздерін бөліп көрсетіңіздер.
- •17.Жергілікті өзін - өзі басқарудың аумақтық негізіне түсінік беріп, қр-дағы жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық негізінің шегін көрсетіңіз.
- •18.Тұрғылықты халықтың аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқаруына талдау жасаңыздар
- •19.Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің нормативтік реттелуіне талдау жасаңыздар
- •20.Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тікелей нысандарын анықтап, әрқайсысына жеке талдау жасаңыз
- •21.Жергілікті өзін - өзі басқарудың құзыретінің түсінігін ашып, оның құрылымы мен элементтерін ашып көрсетіңіздер.
- •22.Муниципалдық қүрылымдардың құзыреттерін құрайтын мәселелерді анықтаңыздар.
- •23.Муниципалдық құрылым шегінде тұратын азаматтармен жүзеге асырылатын құзыреттерді анықтап, талдау жасаңыздар.
- •25.Жергілікті өзін - өзі басқарудың сайланбалы лауазымды тұлғаларының өкілеттіктерін қарастырыңыздар.
- •26.Жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктерінің түсінігін беріп, олардың жүйесін ашып көрсетіңіздер.
- •27.Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық және материалдық- қаржылық дербестігін қамтамасыз ететін кепілдіктерді ашып, саралау жасаңыздар.
- •28.Жергілікті өзін-өзі басқаруды қорғаудың соттық және өзге құқықтық нысандарын анықтап, олардың маңызын ашыңыздар.
- •29.Муниципалдық құқықтағы жауапкершілікке түсінік беріп, оның түрлерін анықтаңыздар.
- •30.Жергілікті өзін - өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғаларының қызметіне бақылау жасаудың мәнін ашып көрсетіңіздер.
- •31.Ұлыбританиядағы жергілікті өзін - өзі басқаруға қысқаша шолу жасаңыз.
- •32.Қазіргі кезеңдегі Ресейдегі өзін - өзі басқарудың реттелуіне шолу жасап, Қазақстанмен салыстырыңыз .
- •33.Франциядағы жергілікті өзін - өзі басқару ұйымдастырылуы мен қызметіне шолу жасаңыз.
- •34.Германиядағы жергілікті өзін - өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметіне талдау жасаңыз.
- •35.Жапониядағы жергілікті өзін - өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметін қарастырып, ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •36.Муниципалдық органдардың конституциялық құқықтық жауапкершілігін тудыратын негіздерді анықтап, реттелуін қарастырыңыздар
- •37.Жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органдарын анықтап, олардың құрылуын және қызметін саралаңыздар
- •38.Муниципалдық құрылымның басшысының мәртебесін қарастырып, оның құрылу тәртібі мен өкілеттіктеріне талдау жасаңыздар
- •39.Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарының өзара қатынасын анықтап, байланысын көрсетіңіздер
- •40.Тұрғын халықтың жергілікті өзін-өзі басқаруға тікелей қатысуының нысандарын анықтап, мәнін ашыңыздар
- •1. Алматы облысының маслихаты депутаттығына №3 сайлау округінен 3 адам ұсын
- •2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау кезінде республика аумағы бір мандатты 7
- •3. Көп мандатты сайлау округінен Алматы қалалық маслихатына сайлау өткізілді. Учаскелік
- •4. Жамбыл облысының Қордай аудандық маслихатының кезектен тыс сессиясын мәслихат
- •5. Бір күнтізбелік жыл ішінде Алматы қалалық мәслихатында 3 кезекті сессия өткізілді. Үшінші
- •6. Жаңа сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын мәслихат депутаттары тіркелген күннен
- •7. Алматы қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қалалық әкім жергілікті бюджеттің
- •8. Қаскелен қалалық мәслихатының кезекті сессиясы 2 жылда 7 рет мәслихат хатшысымен
- •9. Есік қаласының жергілікті өзін-өзі басқару органы – жимиятқа кезекті сайлау тағайындалып,
- •10. 2008 Жылы 24 ақпанда жергілікті өзін-өзі басқару органына (мәслихаттан өзге) кезектен тыс
- •11. 2007 Жылы 20 наурызда Қордай селосының жергілікті өзін-өзі басқару органы – Жамиятқа
- •12. Облыстық мәслихатқа кезекті сайлау кезінде көпмандатты 8 аумақтық сайлау округі
- •13. Алматы қалалық мәслихатының 1-ші сессиясын мәслихат депутаттары сайлауы
- •14. Алматы қалалық мәслихаты депутаттарының жалпы санының үштен бірінің
- •15. Алматы қалалық мәслихаты Алматы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау үшін 3
- •16. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы оның мүшелерінің жалпы санының
- •17. Мәслихат хатшысы жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін уақытша комиссия
- •18. Қр азаматы кәсіпкер Нұрдаулет 2003 жылдың 23 қазанында Жамбыл облысы
- •19. Азамат в. Қылмыс жасағаны үшін айыпталып, ешқайда кетпейтіндігі туралы
- •20. Азамат а. Психикалық аурумен ауырады, бірақ оны әрекет қабілеттігінен айыру туралы сот
- •21. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға №5 көпмандатты (үш мандатты) сайлау
- •22. Бір күнтізбелік жыл ішінде Жамбыл облыстық мәслихатында 2 кезекті сессия өткізілді.
- •23. Алматы қалалық мәслихатты 8 тұрақты комиссия құрды. Тұрақты комиссиясының
- •24. Аудандық мәслихаттың хатшысы жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін уақытша
- •25. Қр Парламенті Мәжілісінің бұрыңғы депутаты 2010 жылы Алматы қалалық
- •26. 2012 Жылы мәслихат сессиясының төрағасы мәслихаттың кезектен тыс отырысын шақыру
- •27. Қарасай аудандық мәслихатқа кезекті сайлау кезінде көпмандатты сайлау округі
- •28. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы 1 жылда 3 рет мәслихат хатшысымен шақырылды.
- •29. Астана қаласының жаңа сайланған мәслихатының бірінші сессиясын сайлау
- •30. Жергілікті өзін-өзі басқару органына кезекті сайлау тағайындалып, округтік сайлау
34.Германиядағы жергілікті өзін - өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметіне талдау жасаңыз.
Германиядағы жергілікті өзін-өзі басқару. ГФР-да жергілікті басқару жүйесі оның әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәй”кестікте жасалады. Мемлекет 16 жерден тұрады. Жердің құрамына округтер, аудандар, аудандар шегіндегі қалалар және қауымдар кіреді. 16 федеративтік жерлердің барлығында тұрғын халықпен сайланатын жеке Парламенттері, өз Үкіметтері бар және барлық облыстарда заң шығару құзыретіне иеленеді.
Германия федералды мемлекет болғандықтан, ол жеке Жерлерден құралады, осы Жерлер өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың аумақтық негізі болып табылады. Бұл мәселе ГФР-ның Конституциясының 28-бабында, «Жерлер және жергілікті басқару» бөлімінде реттелген. «Жер» дегеніміз – Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі сияқты ГФР-ның да өздеріне тән бөлінісі. АҚШ-тың штаттары сияқты бұл Жерлердің де барлық ішкі билігі өзінде.
Ендігі кезекте ГФР-дағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негізіне тоқталып кетсек, жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық реттелуі Германия Конституциясының 28-бабына сүйенеді. Бұл заңда Германиядағы жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен қызметінің негізгі мәселелері реттелген. Сонымен қатар, муниципалитеттердің міндеті, ішкі құрылымы және ГРФ-дің мемлекеттік жүйесіне кіруі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің актілерімен де бекітіледі.
Германияда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің негізгі органы болып жергілікті парламент табылады. Қауымның барлық маңызды мәселелері осы жерде талқыланады. Бұл органның құзыреттеріне кіретін мәселелерге келсек, олар:
- жергілікті маңызы бар мәселелерді белгілеу;
- атқарушы органға тапсырма беру;
- атқарушы органның жетекшілікке алатын бағыты мен қағидаларын көрсету;
- атқарушы органның басшыларын сайлау;
- атқарушы органның жұмысын бақылап отыру;
- негізгі мәселелерге байланысты қоғамдық қолдауды ұйымдастыруды жүзеге асыру
Германияның жергілікті парламентінің мәртебесіне ҚР жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі маслихаттың мәртебесі ұқсайды. Яғни, екеуі де өкілді орган болып табылады және екеуінің де депутаттары сайлану арқылы қызметке келеді. Сонымен қатар, маслихатта да тиісті аумақтың ең маңызды мәселелері талқыланады, атқарушы органға өз шешімдерін жүзеге асыру үшін тапсырма береді, олардың есептерін қарайды және т.б.
Германияда келесі жергілікті өзін-өзі басқару органына муниципалдық құрылымның атқарушы органы жатады. Атқарушы органның басшылығында бургомистр немесе директор болады. Әр жердің заңына сәйкес олар түрліше аталуы мүмкін. Өздерінің жұмысын жүзеге асыру барысында атқару органы заңдар мен құқықтарға және өкілді органның негізгі құралы болып табылатын қаулыларына сүйенеді .
Германияның жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде қызмет ететін келесі орган – бақылау органы. Германияда жергілікті бақылау органы өз ішінде екіге бөлінеді. Біріншісі – өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысына жалпы бақылау жасаса, екіншісі қауымға берілген мемлекеттік міндеттердің қалай жүзеге асырылатынын арнайы бақылайды. Алғашқысы құқықтық жағын тексерумен шектелсе, екіншісі құқықтық саламен қатар мамандық жағын да тексеруге алады. Берілген мемлекеттік міндеттердің жүзеге асырылуын бақылауда тиісті органдар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын жан-жақты тексереді. Сонымен қоса, бақылау органдары атқарушы органның қызметін екі түрлі жолмен бақылайды: біріншісі – белгілі бір нақты мәселені (мысалы, балалар бақшасындағы орынның саны), екіншісі жалпы қызметін (жұмыс уақыты) бақылап отыру. Қазіргі германдық доктринаға сәйкес өзін-өзі басқару мемлекеттік міндеттердің жария құқықтың заңды тұлғаларымен шешілетіндігін білдіреді. Басқаша айтқанда, мемлекет өзінің функциядарының бір бөлігін өзін-өзі басқару органдарына береді. Федерация мен жерлер, олай болса мемлекеттік басқарудың бірден-бір субъектілері болып табылмайды, қауымдар мен аудандар өзін-өзі басқару институты ретінде не мемлекет атынан оларға жүктелген функцияларды атқарады.