
- •1.Муниципалдық құқықтың түсінігін беріп, оның пәні мен әдістері ашыңыздар.
- •2.Муниципалдық құқықтық қатынастар мен нормаларды түсіндіріп, олардың түрлерін көрсетіңіздер
- •3.Муниципалдық құқықтың қайнар көздеріне анықтама беріп, оның нормативтік қайнар көздерін ашыңыздар.
- •4.Муниципалдық құқықты ғылым және оқу тәртібі ретінде анықтаңыздар және олардың байланысын көрсетіңіздер.
- •5.Жергілікті өзін-өзі басқарудың түсінігін беріп, оның белгілерін ашыңыздар.
- •6.Жергілікті өзін - өзі басқарудың принциптерін көрсетіп, олардың жеке-жеке мәнін ашыңыздар.
- •7.Жергілікті өзін - өзі басқарудың функцияларына түсінік беріп, әрбір функцияға жеке қарастырыңыз.
- •9.Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тікелей және жанама нысандарын анықтап, олардың реттелу жағдайына тоқталыңыз
- •10.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын анықтап, олардың ұйымдастырылу тәртібін анықтаңыз.
- •11.Муниципалдық құрылымның өкілді органдарының құрылуы және қызмет етуі тәртібін ашыңыздар
- •12.Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесіне түсінік беріп, жергілікті сайлау мен жергілікті референдумның өзін-өзі басқару жүйесіндегі орнын көрсетіңіздер
- •13.Жергілікті өзін - өзі басқарудың қызмет етуінің негіздерін анықтап, әрқайсысын жеке-жеке ашып қарастырыңыздар
- •14.Жергілікті өзін - өзі басқарудың құқықтық негізінің мәнін анықтап, қр-да жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық реттелу жағдайына шолу жасаңыз.
- •15.Жергілікті өзін - өзі басқару қызметінің құрылымы және ұйымдық негіздерін ашып көрсетіңіздер.
- •16.Жергілікті өзін - өзі басқарудың материалдық - қаржылық базасын анықтап, жергілікті өзін - өзі басқарудың экономикалық негіздерін бөліп көрсетіңіздер.
- •17.Жергілікті өзін - өзі басқарудың аумақтық негізіне түсінік беріп, қр-дағы жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық негізінің шегін көрсетіңіз.
- •18.Тұрғылықты халықтың аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқаруына талдау жасаңыздар
- •19.Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің нормативтік реттелуіне талдау жасаңыздар
- •20.Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тікелей нысандарын анықтап, әрқайсысына жеке талдау жасаңыз
- •21.Жергілікті өзін - өзі басқарудың құзыретінің түсінігін ашып, оның құрылымы мен элементтерін ашып көрсетіңіздер.
- •22.Муниципалдық қүрылымдардың құзыреттерін құрайтын мәселелерді анықтаңыздар.
- •23.Муниципалдық құрылым шегінде тұратын азаматтармен жүзеге асырылатын құзыреттерді анықтап, талдау жасаңыздар.
- •25.Жергілікті өзін - өзі басқарудың сайланбалы лауазымды тұлғаларының өкілеттіктерін қарастырыңыздар.
- •26.Жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктерінің түсінігін беріп, олардың жүйесін ашып көрсетіңіздер.
- •27.Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық және материалдық- қаржылық дербестігін қамтамасыз ететін кепілдіктерді ашып, саралау жасаңыздар.
- •28.Жергілікті өзін-өзі басқаруды қорғаудың соттық және өзге құқықтық нысандарын анықтап, олардың маңызын ашыңыздар.
- •29.Муниципалдық құқықтағы жауапкершілікке түсінік беріп, оның түрлерін анықтаңыздар.
- •30.Жергілікті өзін - өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғаларының қызметіне бақылау жасаудың мәнін ашып көрсетіңіздер.
- •31.Ұлыбританиядағы жергілікті өзін - өзі басқаруға қысқаша шолу жасаңыз.
- •32.Қазіргі кезеңдегі Ресейдегі өзін - өзі басқарудың реттелуіне шолу жасап, Қазақстанмен салыстырыңыз .
- •33.Франциядағы жергілікті өзін - өзі басқару ұйымдастырылуы мен қызметіне шолу жасаңыз.
- •34.Германиядағы жергілікті өзін - өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметіне талдау жасаңыз.
- •35.Жапониядағы жергілікті өзін - өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметін қарастырып, ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •36.Муниципалдық органдардың конституциялық құқықтық жауапкершілігін тудыратын негіздерді анықтап, реттелуін қарастырыңыздар
- •37.Жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органдарын анықтап, олардың құрылуын және қызметін саралаңыздар
- •38.Муниципалдық құрылымның басшысының мәртебесін қарастырып, оның құрылу тәртібі мен өкілеттіктеріне талдау жасаңыздар
- •39.Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарының өзара қатынасын анықтап, байланысын көрсетіңіздер
- •40.Тұрғын халықтың жергілікті өзін-өзі басқаруға тікелей қатысуының нысандарын анықтап, мәнін ашыңыздар
- •1. Алматы облысының маслихаты депутаттығына №3 сайлау округінен 3 адам ұсын
- •2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау кезінде республика аумағы бір мандатты 7
- •3. Көп мандатты сайлау округінен Алматы қалалық маслихатына сайлау өткізілді. Учаскелік
- •4. Жамбыл облысының Қордай аудандық маслихатының кезектен тыс сессиясын мәслихат
- •5. Бір күнтізбелік жыл ішінде Алматы қалалық мәслихатында 3 кезекті сессия өткізілді. Үшінші
- •6. Жаңа сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын мәслихат депутаттары тіркелген күннен
- •7. Алматы қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қалалық әкім жергілікті бюджеттің
- •8. Қаскелен қалалық мәслихатының кезекті сессиясы 2 жылда 7 рет мәслихат хатшысымен
- •9. Есік қаласының жергілікті өзін-өзі басқару органы – жимиятқа кезекті сайлау тағайындалып,
- •10. 2008 Жылы 24 ақпанда жергілікті өзін-өзі басқару органына (мәслихаттан өзге) кезектен тыс
- •11. 2007 Жылы 20 наурызда Қордай селосының жергілікті өзін-өзі басқару органы – Жамиятқа
- •12. Облыстық мәслихатқа кезекті сайлау кезінде көпмандатты 8 аумақтық сайлау округі
- •13. Алматы қалалық мәслихатының 1-ші сессиясын мәслихат депутаттары сайлауы
- •14. Алматы қалалық мәслихаты депутаттарының жалпы санының үштен бірінің
- •15. Алматы қалалық мәслихаты Алматы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау үшін 3
- •16. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы оның мүшелерінің жалпы санының
- •17. Мәслихат хатшысы жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін уақытша комиссия
- •18. Қр азаматы кәсіпкер Нұрдаулет 2003 жылдың 23 қазанында Жамбыл облысы
- •19. Азамат в. Қылмыс жасағаны үшін айыпталып, ешқайда кетпейтіндігі туралы
- •20. Азамат а. Психикалық аурумен ауырады, бірақ оны әрекет қабілеттігінен айыру туралы сот
- •21. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға №5 көпмандатты (үш мандатты) сайлау
- •22. Бір күнтізбелік жыл ішінде Жамбыл облыстық мәслихатында 2 кезекті сессия өткізілді.
- •23. Алматы қалалық мәслихатты 8 тұрақты комиссия құрды. Тұрақты комиссиясының
- •24. Аудандық мәслихаттың хатшысы жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін уақытша
- •25. Қр Парламенті Мәжілісінің бұрыңғы депутаты 2010 жылы Алматы қалалық
- •26. 2012 Жылы мәслихат сессиясының төрағасы мәслихаттың кезектен тыс отырысын шақыру
- •27. Қарасай аудандық мәслихатқа кезекті сайлау кезінде көпмандатты сайлау округі
- •28. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы 1 жылда 3 рет мәслихат хатшысымен шақырылды.
- •29. Астана қаласының жаңа сайланған мәслихатының бірінші сессиясын сайлау
- •30. Жергілікті өзін-өзі басқару органына кезекті сайлау тағайындалып, округтік сайлау
30.Жергілікті өзін - өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғаларының қызметіне бақылау жасаудың мәнін ашып көрсетіңіздер.
Жергілікті өкілді органдар мен атқарушы органдар «ҚР ЖМБ мен ӨӨБ тур»Заңымен анықталған өзіндік құзіретке ие, алайда олардың қарайтын мәселелерінің бірқатары өзара байланысты б.т. Олардың іске асуы аталмыш органдардың тығыз өзара әрекеті мен бірлесіп қызмет етуін алдын ала анықтайды. Бұл мәселелердің бірқатары бірлесіп қатысу арқылы жүзеге асырылса, келесі бір бірінің қызметіне (әкімдіктің) екіншісінің бақылау жасауын білдіреді. Мәслихаттың әкімдікпен өзара қатынасының бір нысаны - мәслихаттың бақылау функциясын ж.а. ЖМБ-ды реттейтін ҚРзаңнамасына сай ЖӨО АОға қатысты біраз бақылау өкілеттіктеріне ие. Олар «ҚР ЖМБ ж/е ӨӨБ тур» Заңның алтыншы бабында қарастырылған. Мәслихаттардың ЖАОға қатысты бақылау өкілеттіктерінің бірі – тиісті әк/к-ау/қ бөліністі дамыту жоспарларының, экон/қ және әлеу/к бағдарламаларының, жерг.бюджеттің атқарылуына бақылау жасауы.Мәслихат өзінің тиісті өкілеттіктерін тексерулер жүргізу (тексеру комиссиясы ж.а.), тексеру нәт.б/ша шешім қабылдау арқ., аталмыш жоспарлар мен бағдарламалардың, бюджеттің атқарылуы тур.есептерді бекіту, ЖАОң басшысының есептерін қарау арқ ж.а. Бұлар мәслихаттың бақылау жүргізу нысандары б.т. Тексерулер жүргізуді тексеру комиссиясы ж.а. Мәслихаттың келесі бір бақылау өкілеттілігі – атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәсл.шешімдерін орындамағаны үшін мем/к органдардың лауазымды адамдарын, с.а. ұйымдарды жауапқа тарту тур.ұсыныстар енгізу. Мәслихаттар ЖАОң қызметіне олардың суб-не сауал қою арқ да бақылау функциясын жүзеге асыруы мүмкін. ОЛай болса, мәсл-ң келесі бір бақылау өкілеттігі – бұл сауал салу құқығы. Әдетте, депутаттық сауал ретінде деп-ң белгілі бір лау.тұлғалардан оның құзіретіне кіретін мәселелер жөнінде өкілді органның сессиясында негізделген түсініктеме беруін немесе көзқарасын баяндауын ресми жазбаша сұраған талабы ұғынылады. Заңда мәсл деп-ң бірқатар лау.тұлғаларына сауалмен жүгіну құқығы бекітілген. Қолдануымыздағы заң бойынша мәс-ң тиісті бақылау функ-ы деп-ң әкімге сауал беруімен, тиісінше оның жауабын тыңдауымен аяқталады.
Ал РФда Мун/қ құрылым басшысы тек Мун/қ құрылымның тұрғын халқының және мун/қ құрылымның өкілді органының бақылауында болады.
31.Ұлыбританиядағы жергілікті өзін - өзі басқаруға қысқаша шолу жасаңыз.
Ұлыбританияда – классикалық муниципалдық нысандардың отанында – англосаксондық деген атау алған жергілікті өзін-өзі бастарудың типі қалыптасқан. Осындай муниципалдық жүйе АҚШ-та, Австралияда, Жаңа Зеландияда т.б. елдерде қолданылады. Ұлыбританияның муниципалдық басқаруының қазіргі жүйесінің сипатты нышандары
муниципалдық басқару жүйесінің орталық мемелкеттік билікке қатысты салыстырмалы дербестігі;
оның жергілікті өмірдің көптеген мәселелерін шешуде үкіметтен тәуелсіз болуы;
жергілікті жерлерде Үкіметтің жергілікті сайланбалы органға қамқорлық жасайтын (опека) өілеттік өкілдерінің болмауы, дегенмен Үкімет жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз міндеттерін қалай жүзеге асырып отырғанына ықпал етеді;
муниципалдық органдардың құзыреті парламенттік құзыреттен туындалады және муниципалитеттер мемлекеттік табиғатқа, сипатқа ие. Осыған байланысты Парламент пен Орталық Үкімет тиісті аумақ шегінде муниципалитеттерге мемлекеттік реттеу міндетін жиі жүктейді;
Муниципалдық органдар оларға заңмен тікелей рұқсат етілгендерді ғана жасауға құқылы болуы принципі.
Ұлыбритания 4 әкімшiлік-саяси бөліктен (тарихи ұлттық облыстардан):
Англиядан (39 графтық пен ерекше әкімш. бірлік — Үлкен Лондон, әкімш. орт. — Лондон)
Уэлстен (22 графтық, әкімш. орт. — Кардифф)
Шотландиядан (12 облыс пен 186 арал, әкімш. орт. — Эдинбург)
Солтүстік Ирландиядан (26 округ, әкімш. орт. — Белфаст) тұрады.
Ал Мэн аралы (әкімш. орт. — Дуглас) мен Норманд аралдары (әкімш. орт. — Сент-Хелиер) дербес әкімш. аймақтарға жатады. Бұл аралдардың заң шығарушы органдары жергілікті мәселелер жөніндегі актілер шығарады,олар тек король санкциясынан кейін күшіне енеді.Аралдардың кейбіреулері қазіргі кезге дейін Тәжге вассалдық тәуелділікте деп саналады және жергілікті билеушілермен басқарылады.Сонымен қатар Ұлыбританияның бірқатар иеліктері бар:Қасиетті Елена аралы,өзге ұсақ аралдар,Гибралдар,Фолкленд аралдары.Оларда губернаторлар тағайындалады.
Бүгінгі күнде Англияның,Солтүстік Ирландияның,Уэлстың аумағы графтықтарға(Англияда-39 графтық,Уэлста-22,Солтүстік Ирландияда-26),ал графтықтар округтарға(жалпы алғанда 339 округ бар)бөлінген.Әрбір округтағы халықтың саны 10 мың адамнан аспауы тиіс.Графтықтардағы округтар әкімшілік-аумақтық бөліністің төменгі деңгейі-қауымдарға бөлінген.Шотландия 1994 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың 32 бірлігіне бөлінген.
Барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерде төрт жыл мерзімге кеңестер сайланады.Олардың үштен бір бөлігі бір жыл немесе екі жыл сайын жаңартылып отырады.Кеңестерді сайлау кезінде түрлі округтар(бір мандаттық,көп мандаттық)және сайлау жүйелері қолданылады.Кеңестің құрамынан арнайы комиссиялар құрылады.Комиссиялар жергілікті өмірдің түрлі салаларын(жолдар,базарлар,өртке қарсы қызмет,халыққа әлеуметтік қызмет көрсету және т.б)басқарады және бұл үшін кеңес пленарлық отырыстарда бекітетін муниципалдық шенеуліктерді жалдайды.
Кеңестер заңға сәйкес сипатқа ие нормативтік актілерді шығаруға құқылы.Олар тиісті министрлермен бекітіліп,жариялануы тиіс.Шағын қауымдарда(халықтың саны 150 адамнан аз) шешімдер сайлау құқығына ие тұрғындардың жалпы жиналыстарында қабылданады.Бұл жиналыстарда төраға сайланады.Сайлау ценздеріне жауап беретін және сол округтың аумағында тұрып жатқан Достастықтың азаматтары,Еуропалық одақ елдерінің азаматтары кеңестерді сайлауға қатыса алады.
Кеңестің атқарушы органы-мэр.Басқарудың үш нұсқасы орын алуы мүмкін.оларды азаматтар жарғыны қабылдау кезінде таңдайды(2000 жылдан бастап) 1.Мэр-кабинет (мэр төте сайлау арқылы сайланады,өзінің орынбасарын тағайындайды және кабинетті құрады 9 адамға дейін) 2.Көшбасшы-мэр-кабинет(мэр кеңестің құрамынан сайланады және мэр не кеңес кабинетті құрады 3.Мэр-басқарушы(мэр төте сайлау арқылы сайланады,бірақ басқаруды кеңес тағайындаған басқарушы-бас әкімші жүзеге асырады)
Ұсақ қауымдарда кеңестер сайланбайды,оларда жиындар шақырылады. Ұлыбританияда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бақылау жасайтын жалпы құзыретке ие шенеулік жоқ дегенмен орталықтан бақалауы әрекет етеді. Қаржылық бақылауда орталықтан бөлінетін дотацияларды дұрыс пайдалану тексеріледі.слған қоса әрбір графтықта,округта аудитор әрекет етеді.Оның кандидатурасын кеңес ұсынады және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі министр бекітеді.Аудиторлар қоғамдық қажеттіліктер үшін бөлінген қаражатты пайдалануға тексеру жүргізе алады,министрге хабарламалар жібереді,ал өкілеттіктерді асыра пайдалануды анықтаған жағдайда сотқа шағымданады.Министрлер жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз әрекеттеріне қатысты талап-арыздармен сотқа жүгінуге құқылы.1474 жылдан бастап Парламенттің жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі арнайы комиссары(омбудсман) әрекет етеді.
1.Сайлаулар.Ұлыбританияда жергілікті атқарушы органдарды сайлау үдерісін жергілікті басқару туралы 1972 жылғы Акт реттейді. Ұлыбританияда муниципалды органдар сайлауларына 18 жасқа жеткен британ тәжінің барлық азаматтары қатыса алады. Жергілікті өкілдікті және атқарушы органдарға жасы 21-ден төмен емес адамдар сайлана алады, олар осы муниципалитеттің аумағында тұруға, осы аумақта жұмыс істеуге немесе сол аумақта жері, кәсіпорны, үйі (пәтері) болуға немесе соларды жалдауға тиіс. Ұлыбританияның муниципалды, сонымен қатар атқарушы органдарына дін қызметкерлері, пэрлер, әскери қызметшілер, азаматтық қызметшілер, есі дұрыс еместер сайланбайды.
1974 жылға дейін жергілікті органдарда сайлаудың екі түрлі формасы қолданылды: сайлаушылармен жүзеге асырылатын және жергілікті басқару сайлауларына қатысуға құқылы болып табылатын тікелей саулау және жергілікті органдар мүшелерімен өткізілетін жанама сайлау. Сайлаудан кейін қала және графтар кеңесңнің мүшелері «олдермендерді» сайлайды. Қазіргі уақытта бұл қызмет 1972 жылғы Жергілікті басқару Заңымен тарқатылды. Графтардың, округтардың қауымдардың советтернің төрағаларын сайлау айрықша жағдайды ұсынады, яғни бұл қызметке тек қана советтің шынайы мүшелері ғана сайлана алады.
Кеңесшілерді сайлау. Кеңесшілер округтерде немесе графстволарда төртжылдық цикл ішіндегі әрбір 1,2,3, жылдарда сайланады. Кеңесші өз міндеттін төрт жыл атқарады. Кеңесшілердің үштен бір бөлігі әрбір сайлау жылында ауыстырылып отырылады.
I.Сайлауға құқылылыр. Жергілікті өзін өзі басқару органдарын сайлауға қатысуға құқылы тұлғалар парлементті сайлаумен бірдей. Кез келегн белгілі бір жасқа яғни он сегізге толған тұлға және сайлау уақытында сол жергілікті басқару аумағында тұратын адамның жергілікті органдарды сайлауда дауыс беруге құқығы бар. Королевства пэрі де жергелікті басқару сайлауына қатыса алады. Индивид егер оның бірнеше тұрғылықты жері болса ол бірнеше жерден дауыс бере алады, бірақ жалпы сайлауларды ол тек өзінің қалауы бойынша таңдаған бір окруктен ғана береді.
II..Кандидаттарды ұсыну. Жергілікті органдарда сайлауда бірінші қадам болып лайықты шенеунікпен берілетін сайлауды өткізу туралы хаттама болып табылады. Кандидат өзін ұсынып отырған және қолдайтын тұлғалардан, сонымен қатар тиісті аумақтың,округтің 8 сайлаушыларынан құжат алады. Осы құжатты ол жергілікті басқарудың тиісті органына өзінің келісімі туралы арызбен алып келеді. Кандидат бұл құжатты кандидаттарды ұсыну құжаттарын өткізудің заңмен белгіленген уақыты өтпей тұрып өткізе керек. Сайлаудың өткізілуіне бақылау жасайтын шенеунік тапсырылған құжаттың дырыстығын тексереді және олардың жарамды немесе жарамсыз екендігін анықтайды.Және ол жариялануы керек.Егер кандидаттардың саны бос кеңесшілер орнынан асып кетсе онда сайлау тағайындалады. Ал егер де кандидаттар саны, сайлауға керек кандидаттар санынан кем болса онда сайлаудың өткізілуіне бақылау жасайтын шенеуніктер жаңа сайлау өткізуге бұйрық береді. Егер кандидаттардың саны бос орындармен бірдей болса онда ұсынылған тұлғалар сайлау болатын күні таңертен сайланған болып табылады.
Кандидат болып ұсынылу үшін кем дегенде 21 жасқа толған сонымен қатар британ азаматы болу керек. Және де келесі талаптардың біріне жауап беру керек:
Тиісті жергілікті басқару органының сайлаушылар тізіміне енгізелген болуы;
Тиісті жергілікті орган территориясында сайлауға жейін он екі ай тұрған болуы;
Сол аумақта он екі ай жұмыс жасаған немесе жасайтын;
Сол территорияда жері бар немесе жерді жалдайтын болуы керек.
III. Дауыс беру. Сайлауды өткізу туралы бұйрықты оның өткізілуне бақылау жасайтын шенеуніктер береді.Заңда көрсетелген жағдайларға байланысты (мысалы,ауруна байланысты, сайлау болатын күні тұрғылықты жерінде болмауы т.б) тұлғалар сайлауға сырттай қатысқанда сайлау бюллетені сайлау болатын күннен бірнеше күн бұрын почта арқылы жіберіледі.Сайлау өткізілгенде тәртіптің сақталуна, қандайда бір тұлғаның басқа сайлаушының орнына дауыс беріп жібермеуіне, жемқорлыққа және заңсыз әрекеттер болмау үшін әр түрлі әзірленген шаралар қолданылады. Дауыс беру алдында бюллетендерге арналған бос урна сайлау пунктеріне қойылу керек, ал әр бюллетен өзінің құпия белгісімен белгіленуі керек.Сайлауда жұмыс жасайтын барлық персоналдар, кандидаттар және өкілдер заңға сәйкес дауыс берудің құпиясын сақтайтыны жөнінде арыз жазады. Дауыс беру біткен соң дауыстарды санау өткізіледі, салыстырмалы түрде көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып табылады. Бұл туралы хабарды сайлаудың өткізілуіне бақылау жасайтын шенеунік жасайды.
IV. Нәтиже. Дауыс берудің нәтижесі міндетті түрде жариялануы тиіс.Сайланғаң кеңесші өзінің қызметіне кіріспестен бұрын заңда белгіленгендей сол қызметті иеленуке келісу туралы арыз жазу керек.