Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муниципалка шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.84 Кб
Скачать

26.Жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктерінің түсінігін беріп, олардың жүйесін ашып көрсетіңіздер.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктері ҚР Конституциясында, заң актілерінде, муниципалдық құрылымның жарғыларында және өзге де актілерде бекітілген. ҚР Конституциясының 89 бабының 4 тармағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік берілетіндігін бекітеді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктерін экономикалық, ұйымдық және құқықтық деп үшке бөлуге болады.

Экономикалық кепілдіктер жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық және қаржылық негіздерін қалыптастыру мен дамытуда, муниципалдық меншікті құруда, жергілікті өндірісті дамыту және жаңа, қазіргі технологияларды енгізу есебінен жеткілікті салық салу базасын құруда негізделген (заложены).

Ұйымдық кепілдіктер тікелей және өкілді демократия нысандарын пайдалана отырып азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.

Азаматтарға жергілікті референдумға, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымдарға сайлауға, депутатты және сайланбалы лауазымды тұлғаны керіп шақырып алуға, құқықшығармашылық азаматтық бастамаға, жиналыстар мен сходтар өткізуге, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жолдануға кепілдік берілуі тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық кепілдіктері жергілікті өзін-өзі басқарудың бүкіл жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жиынтығын білдіреді. Олар Конституциямен, заңдармен, муниципалдық құрылымның жарғысымен белгіленеді. Осы құқықтық актілердің мақсаты жергілікті мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқарудың және оның органдарының қалыпты, толыққанды қызметін қамтамасыз етуде және жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтарын қорғауда.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктері жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде қабылданған нормативтік құқықтық актілердің күшімен, олардың орындалу міндеттілігімен және оларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін белгіленетін жауаптылықпен өлшенеді. Азаматтардың тікелей ерік білдіруі жолымен қабылданған шешімдер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды тұлғаларының өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімдері муниципалдық құрылымның аумағында орналасқан барлық кәсіпорындар, мекемелер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Құқықтық кепілдіктердің бірі болып мемлекеттік билік органдарының, мемлекеттік лауазымды тұлғалардың, кәсіпорын, мекеме мен ұйымдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды тұлғаларының ұсынған өтініштерін қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға міндеттілігі табылады.

Құқықтық мемлекет құруда маңыздылығы өзгелерден ешбір кем соқпайтын кепілдіктің бірі – жергілікті өзін-өзі басқаруды соттық қорғау болып табылады.

27.Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық және материалдық- қаржылық дербестігін қамтамасыз ететін кепілдіктерді ашып, саралау жасаңыздар.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктері ҚР Конституциясында, заң актілерінде, муниципалдық құрылымның жарғыларында және өзге де актілерде бекітілген.Ал РФ ның НҚА де де арнайы кепілдіктер қарастырылған Жергілікті өзін өзі басқарудың ұйымдық кепілдіктері тікелей және өкілді демократия нысандарын пайдалана отырып азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.

Азаматтарға жергілікті референдумға, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымдарға сайлауға, депутатты және сайланбалы лауазымды тұлғаны керіп шақырып алуға, құқықшығармашылық азаматтық бастамаға, жиналыстар мен сходтар өткізуге, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жолдануға кепілдік берілуі тиіс. Ал РФ дағы ж ө өб ұйымдық кепілдіктеріне келетін болсақ:

Біріншіден,РФ Конституциясында ж ө ө б халық билігінің нысаны болып табылатындығына және құқықтық демократиялық институт ретінде ешкімнің қолсұқпайтындығына кепілдік берілген.Екіншіден,РФ Конституциясында ж ө ө б органдары жергілікті басқару жүйесіне кірмейді бұд ж ө ө б органдарына ұйымдық тұрғысынан мемлекеттік билікке бағынышты еместігіне кепілдік береді.Үшіншіден аумақтық құрылым халқы өздігінен ж ө ө б органдарының құрылым анықтайтынына кепілдік беріледі.

Жергілікті өзін өзі басқарудың негізгі кепілдіктерінің бірі материалдық қаржылық кепілдіктері болып табылады.Қазіргі кездегі РФ заңнамасы ж ө ө б органдарына мынадай кепілдіктерін бекітеді:

Біріншіден,РФ Конституциясына сәйкес,жеке және мемлекеттік муниципалдық және өзге де меншік нысандары танылады және заңмен қорғалады.Екіншіден,ОБ общих прин.мес.РФ заңына сәкес ж ө ө б органдарына мун.мекемелер және кәсіпорндар құра алады сонымен қоса өзге де қоғамдастықтар құруға қатыса алады.Соның ішінде жергілікті маңызы бар мәселерді шешуді реттейтін қоғамдастықтар құруға мүмкіндік алады.Жергілікті ө ө б органдары мун. кәсіпорындар мен мекемелердің мақсатын,қызметін анқтайды және жарғыларын бекітеді.Мекеме және кәсіпоырн басшылар қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.Үшіншіден,жергілікті бюджетті атқаруды және оларға бақылауды жүргізу жер. Ө ө басқару органдарына беріледі.Төртіншіден,1995 ж «об общ.принц.организации местного самоупр.»РФ атты федералдық заңында «минималды бюджет» деген түсінік еңгізілді,бұл федералдық органдарға минималды бюджет анықтауға кепілдік береді.Бесіншіден,жоғарыда айтып кеткен заңда жергілікті ө ө б органдарының жергілікті салықтарды және алымдарды өзгертуге және бекітугекүшін жоюға құқығы барына кепілдік берілген.