Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муниципалка шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.84 Кб
Скачать

20.Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тікелей нысандарын анықтап, әрқайсысына жеке талдау жасаңыз

Халық өз билігін тікелей және мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырады. Бұл туралы ҚР Конституциясында “халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді” деп бекітілген. Халықтың еркін білдіру түріне байланысты ол тікелей және өкілді демократия болып екіге бөлінеді.

Өкілді демократия – бұл халықтың билікті сайланбалы өкілетті өкілдері арқылы жүзеге асыруы.

Тікелей демократия – бұл халықтың мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға тікелей қатысуы, тікелей ерік білдіруінің нысаны. Тікелей демократия әртүрлі нысандарда байқалады. Халық билігінің байқалуының ең жоғарғы тікелей нысаны болып референдум және еркін сайлаулар табылады деп айтуға болады. Референдум – бұл республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің неғұрлым маңызды мәселелері бойынша бүкіл халықтық дауыс беру. Ал, сайлау – бұл азаматтардың мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында өздерінің еріктері мен мүдделеріне сәйкес билікті жүзеге асыру үшін тиісті өкілдерге дауыс беру арқылы халық билігін жүзеге асыруға қатысуы болып табылады.

ҚР Конституциясы жергілікті референдумды қарастырмайды, ал РФ Конституциясы оны жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудың қалған барлық нысандарының ішінде бірінші орынға қояды.

Референдум – бұл қоғамдық өмірдің түрлі маңызды мәселелері жөнінде дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың тікелей ерік білдірулері. Референдумдар аумағы бойынша бүкіл халықтық және жергілікті болады.

Жергілікті референдум – бұл жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған, муниципалдық құрылым шегінде жүргізілетін, дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын, Конституцияға, заңдар мен муниципалдық құрылымдардың жарғысына сәйкес өткізілетін тиісті аумақта тұратын азаматтардың тікелей ерік білдіруі.

Тікелей демократияның келесі институты жергілікті өзін-өзі басқарудың депутаттары мен сайланбалы лауазымды тұлғаларды шақырып алу. Тікелей демократияның бұл институты олардың қай-қайсысының болмасын тапсырылған іс үшін сайлаушылар алдындағы жауаптылығын жоғарылатады. “Об общественных принципах организации местного самоуправления” федералдық заңының 18 бабы тұрғын халықтың депутатты, жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшесін, жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы лауазымды тұлғасын кері шақырып алу мүмкіндігін қарастырады. Кері шақырып алудың негізі болып, әдетте өзінің депутаттық міндеттемесін орындамау, заңнаманы, муниципалдық құрылымның жарғысын бұзу, депутат атына лайық емес әрекеттер жасау, азаматтардың заңды мүдделерін пайдалану (басу) болып табылады.

Қорытындылай келе,жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында бекітілгендей Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі. Ол - «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң.