Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муниципалка шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.84 Кб
Скачать

18.Тұрғылықты халықтың аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқаруына талдау жасаңыздар

«Об общих принципах органах МСУ в РФ» заңына сәйкес тұрғылықты халықтың аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқаруы – бұл азаматтардың тұрғылықты орны бойынша жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде өзіндік бастамасын дербес және өз жауапкершілігінде, поселкенің (елді-мекен) аумағының бір бөлігінде жүзеге асыру үшін өзін – өзі ұйымдастыруы.

Аумақтық қоғамдық өзін – өзі басқару 2 нысанда жүзеге асырылады:

1) тікелей – азаматтар жиналысы мен конференция өткізу арқылы;

2) жанама – аумақтық қоғамдық өзін – өзі басқару органдарын құру арқылы.

Аумақтық қоғамдық өзін – өзі басқару азаматтардың тұратын келесі аумақтар шегінде жүзеге асырылуы мүмкін; яғни аумақтық қоғамдық өзін – өзі басқару жүзеге асатын аумақтар: көппәтерлі тұрғын үйдің подъезді, көппәтерлі тұрғын үй, тұрғын үйлер тобы, тұрғын ықшамаудан, елді –мекен (поселке) болып табылмайтын селолық поселенелік пункт, тағы сондай сияқты аумақтық қоғамдық өзін – өзі басқару органдары тиісті аумақта тұратын азаматтардың жиналысында немесе конференцияда сайланады.

Аумақтық қоғамдық өзін – өзі басқарудың жарғысы болады, ол тіркелуге жатады. Онда көрсетіледі:

1. Аумақтық қоғамдық өзін – өзі басқару жүзеге асырылатын аумақ.

2. Аумақтық қоғамдық өзін – өзі басқару мақсаттары, міндеттері, нысандары және қызметінің негізгі бағдарлары.

3. Аумақтық қоғамдық өзін – өзі басқару органдарын құру, тарату тәртібі, өкілеттіктері, өкілеттілік мерзімі, т.б.

4. Шешім қабылдау тәртібі.

5. Мүлікке ие болу, оны пайдалану тәртібі.

6. Аумақтық қоғамдық өзін – өзі басқарудың тоқтатылу (таратылу) тәртібі.

19.Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің нормативтік реттелуіне талдау жасаңыздар

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі деп жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, азаматтардың тікелей ерік білдіру нысандарының, муниципалдық құрылымның тұрғын халқы Конституциямен танылған және кепілдендірілген билікті жүзеге асырады, өзінің жеке мүдделеріне, тарихи және өзге де жергілікті дәстүрлерге сүйене отырып жергілікті маңызы бар мәселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің элементтерін қарастыратын болсақ, олар біріншіден – жергілікті референдум. ҚР Конституциясы жергілікті референдумды қарастырмайды, ал Ресей Федерациясы Конституциясы оны жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудың қалған барлық нысандарының ішінде бірінші орынға қояды.

Референдум – бұл қоғамдық өмірдің түрлі маңызды мәселелері жөнінде дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың тікелей ерік білдірулері. Референдумдар аумағы бойынша бүкіл халықтық және жергілікті болады. РФ заңнамасында “жергілікті референдум” ұғымы түрліше анықталады.

Жергілікті референдум түсінігі өзіндік ерекше белгілерге ие:

1. Конституцияға сәйкес биліктің бастауы болып табылатын халықтың - жергілікті құрылымның азаматтарының билікті тікелей жүзеге асыруы. Тиісті жағдайда билік тікелей ерік білдіру – дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.

2. жергілікті референдумға тиісті референдум өткізілетін аумақта тұратын азаматтар ғана қатысады;

3. жергілікті референдум өткізілетін аумақтың шектелуі;

4. референдумның әсер ету аясы жергілікті маңызы бар мәселелермен шектеледі.

Олай болса, жергілікті референдум – бұл жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған, муниципалдық құрылым шегінде жүргізілетін, дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын, Конституцияға, заңдар мен муниципалдық құрылымдардың жарғысына сәйкес өткізілетін тиісті аумақта тұратын азаматтардың тікелей ерік білдіруі.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың депутаттары мен сайланбалы лауазымды тұлғаларын кері шақырып алу. Тікелей демократияның бұл институты олардың қай-қайсысының болмасын тапсырылған іс үшін сайлаушылар алдындағы жауаптылығын жоғарылатады. “Об общественных принципах организации местного самоуправления” федералдық заңының 18 бабы тұрғын халықтың депутатты, жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшесін, жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы лауазымды тұлғасын кері шақырып алу мүмкіндігін қарастырады. Кері шақырып алудың негізі болып, әдетте өзінің депутаттық міндеттемесін орындамау, заңнаманы, муниципалдық құрылымның жарғысын бұзу, депутат атына лайық емес әрекеттер жасау, азаматтардың заңды мүдделерін пайдалану (басу) болып табылады.