Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx 3 блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216.92 Кб
Скачать

16. Тасынды ағындыларына әсер ететін факторлар.

Тасындылар ағындысының қалыптасу жағдайлары климаттық, геоморфологиялық және антропогендік факторлармен анықталады. Климаттық факторларды су жинау алабында эрозия процестерінің дамуына қажетті жалпы жағдай қалыптастыратын негізгі факторларға және тікелей эрозияның дамуына және тасындылар ағындысына әсер ететін қосалық факторларға бөлінеді. Негізгі климаттық факторлар жылу мен ылғалдың қатынасымен сипатталады, Будыконың құрғақшылық индексі арқылы өрнектеуге болады. Қосалқы факторларға судың жылдық ағындысы, оның жылдық ағынды үлестірімі, су тасу мен су тасқынының көлемі мен қарқындылығы жатады. Бұл факторларды гидрологиялық деп атауға болады. Геоморфологиялық факторларға аумақты бөлшектеудің морфологиялық көрсеткіштері (жергілікті базис эрозиясының биіктік белгісі, өзен желісінің және сай-жыралардың жиілігі, су жинау алабының және өзен арналарының еңістігі, су жинау алабының орташа биіктігі), сондай-ақ геологиялық (түпкі жыныс пен жамылғы беті жынысының сипаты мен құрамы) факторлар жатады. Тасындылар ағындысының қалыптасуына айтарлықтай әсерін тигізетін антропогендік факторлар тобына су жинау алабын шаруашылық мақсатта игеру, соның ішінде: орман ағаштарын отау, жер жырту, мелиорация және өзен арналарында жүргізілетін әртүрлі сипаттағы жұмыстар (бөгендер мен тоғандар, кеме қатынайтын каналдар салу, арна түзету жұмыстарын жүргізу, өзен арналарына гидротехникалық имараттар салу, ақаба суларын жіберу). Жүзбе тасындылар ағындысын есептеу. Есептеулерді жүргізбестен бұрын қолда бар материалдардың сенімділігіне (жыл сайын тасындылар ағындысы қаншалықты толық есепке алынатынын білу керек) көз жеткізуіміз қажет. Тасындыларды өлшеу жиілігі судың лайлылығының өзгеруін, әсіресе суы мол фазада өзгеруін есепке алуы тиіс. Сонымен қатар, бақылау жүргізілетін тұстамадан жоғары тасындылар ағындысына әсерін тигізуі мүмкін имараттардың бар-жоқтығы, және алаптағы эрозиялық процестерге әсер ететін қандай шаруашылық іс-әрекет жүргізілетіндігі тексеріледі. Тасындылар ағындысын есепке алу кезінде жіберілген «ақтаңдақтарды» айқындау және олардың мәндерінің сенімділігін бағалау үшін су өтімінің, судың лайлылығының, тасындылар өтімінің, жауын-шашынның, ауа және топырақ температураларының кешенді хронологиялық графигі тұрғызылады. График әрбір бақылау жүргізілген тұстама үшін тұрғызылады. Осы элементтер жүргісінің уақыт бойынша өзгерісін салыстыру жіберілген «ақтаңдақтарды» немесе өлшеу кезінде және тасындыларды есептеу кезінде жіберілген қателіктерді айқындауға мүмкіндік береді. Егер бір өзеннің бойында екі немесе одан да көп тұстама бар болса, онда су өтімі мен тасындылар өтімінің және судың лайлылығының жыл бойындағы хронологиялық жүргісін салыстыру жүзеге асырылады.

Тасындылар ағындысына жүргізілген көпжылдық бақылау қатарын талдау үшін тасындылар ағындысының табиғи режимінің шаруашылық іс-әрекеттің әсерінен өзгеруін айқындаға мүмкіндік беретін тасындылар өтімі мен су өтімінің арасындағы график, яғни пайдаланылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]