Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx 3 блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216.92 Кб
Скачать

8.Гидрологиялық мәліметтер жоқ болғанда жылдық ағындыны есептеу.

Жылдық қалыпты ағындыны есептеу кезінде қолда бар деректер үнемі жеткілікті бола бермейді. Көбінесе қысқа бақылау қатарымен жұмыс жасауға тура келеді. Ағындының орташа жылдық шамасының статистикалық қатары толық айналымдарды қамтымайтын болса және қолдағы қатардың орташа мәнінің орташа квадраттық қателігі 5-10 % артық болса, қатар репрезентативті емес деп саналады. Бұл жағдайда қысқа қатар бойынша алынған орташа жылдық ағынды, жылдық ағындысының тербелісі есептік тұстамаға сәйкес келетін, қажетті дәлдікті қамтамасыз ететін бақылау қатары ұзын, репрезентативтілік ұғымын қанағаттандыратын ұқсас өзен бойынша, есептік көпжылдық кезеңге келтіріледі.Зерттелетін өзен немесе есептік тұстама үшін ұқсас-өзенді таңдау кезінде мыналар есепке алынады: есептік өзен мен ұқсас-өзеннің су жинау алабтары бір-біріне таяу орналасқан болуы тиіс, ағынды қалыптастырушы климаттық жағдайлары сәйкес, географиялық және биіктік орындары бойынша біртекті, жамылғы бетінің факторлары: көлділігі, батпақтылығы, ормандылығы, рельефі, топырақ-грунтының сипаты бойнша айырмашылығы өте аз болуы тиіс. Қарастырылып отырған өзен алаптарының жылдық ағындыға тигізетін әсерлерінің айырмашылықтары жоқ болуы керек. Жазықтық өзендер үшін су жинау алабтарының ауданының айырмашылығы 10 еседен артық болмауы тиіс, ал таулы аудандарда су жинау алабтарының орташа биіктіктерінің айырмашылығы 300 м аспауы керек. өзендердің табиғи ағындысын бұзатын факторлар (бөгендер, су алу, су бұру және т.б.) болмауы керек. Салыстырылатын өзендердің жылдық ағындыларының тербелістері синхронды болуы тиіс. Ағынды тербелістерінің сәйкестігі немесе синхрондылығы біріккен интегралдық қисықтар бойынша тексеріледі.

9.Ағынды изосызығы карталарын тұрғызу қағидалары.

Ағып жету қисығы ¶f/¶t=f(t) жаңбырдың жаууынан немесе қардың еруінен алап бетінде бірлік уақыт ішінде пайда болған су бөліктерінің тұйықтауыш тұстамадан өту реттілігін сипаттайды. Ағындының ағып жету қисығы ағындының морфометриялық және гидравликалық ерекшеліктерін көрсететін өзен алабының маңызды сипаттамасы болып табылады. Ол су тасу және тасқындар ағындысын есептеуде және болжауда үш вариантта қолданылады: 1.суы төменгі тұстамаға бірмезетте жететін салыстырмалы алап аудандарының (бірліктің үлестері түрінде алынған) уақыт бойымен үлестірімі фукнциясы ретінде.2.Төменгі тұстамадағы су өтімдерінің уақыт бойымен үлестірімі функциясы ретінде.3.Төменгі тұстамадағы су өтімін қалыптастыратын жоғарғы тұстамаға ағып жеткен су өтімін қандай шамаға өсіру керектігін көрсететін тасымалдауыш функция ретінде.Ағып жету функциясын анықтау үш жолмен орындалады: 1.изохроналар картасын тұрғызу жолымен;2.бірлік гидрографты анықтау жолымен;3.өзен алаптарының реттеуіш әрекеті сипатын және судың ағып жету функциясының параметрлерін таңдау жөнінде ұйғарым жасау негізінде аналитикалық жолмен. 1 Изохрон әдісі Бұл ескі әдістің мағынасы мынада: ағындының ағып жету функциясы ретінде изохроналар аралығындағы аудандардың үлестірімі қабылданады. Карта бойынша изохроналармен шектелген аудандарды анықтап, оларды жалпы ауданға бөледі, сөйтіп бірмезетте ағып жететін ағынды пайда болатын салыстырмалы аудандардың үлестірімін алады: , яғни .Изохроналар картасын салу келесілерден тұрады: 1.ағып жету жылдамдығын VL эмпирикалық формула бойынша есептеу;2.тұстамалар арасындағы учаскелерде ағындының жүріп өткен уақытын есептеу: Dt=DL/Vср, мұнда DL- тұстамалар аралығындағы ара арақашықтық: Vср - учаскенің жоғарғы және төменгі тұстамаларындағы жылдамдықтардың орташа мәні;3.әр тұстамадан төменгі тұстамаға дейін және максимал ағып жетуге дейінгі tмакс = åDL/Vср ағып жету уақытын t есептеу. 4.NDt=tмакс шарты бойынша есептік уақыт бірлігін Dt анықтау, мұнда N – алаптағы изохроналар арасындағы қажетті аудандар саны (N 10-нан кем болмағаны дұрыс, ең болмағанда N³6-7 болуы керек);5.Dt уақыт интервалы арқылы изохроналарды жүргізу. Бірлік гидрограф әдісі Бірлік гидрогаф деп ұзақтығы белгілі бір жаңбырдан құралған тасқын гидрографын айтады. Ұзақтығы 1 сағаттық, 6 сағаттық, тәуліктік жаңбырға сәйкес бірлік гидрографтар болуы мүмкін. Егер бірлік гидрографтың ординатасын салыстырмалы шамада көрсетсек (барлық ординаталар қосындысының үлесі түрінде), онда алынған қисық ағындының ағып жету қисығын көрсетеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]