Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx 3 блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216.92 Кб
Скачать

4.Гидрологиялық мәліметтердің жеткілікті болғанда ең аз ағындыны есептеу.

Суы аз маусымда байқалған өзен ағындысын айтарлықтай су тасқыны жоқ болған жағдайда сабалық ағынды деп, ал ол байқалатын уақытты сабалық кезең деп атау қабылданған. Тұру уақыты боойынша сабалық кезең ұзақ және қысқа, ал тұрақтылығы бойынша тұрақты және үзікті болады. Егер сабалық кезең 30 тәуліктен артық уақытқа созылса ұзақ және 10 тәуліктен 30 тәулікке дейін қысқа болады. 10 тәуліктен кем уақытты сабалық кезең ретінде алудың қажеті жоқ, өйткені ол орташа өзендерде тасқындық судың келіп жету уақытына сәйкес келеді. Сабалық кезеңнің басталуы мен аяқталуы климаттық факторлармен айқындалады және аумақ бойынша таралуы бойынша географиялық ендік заңдылығына бағынады. Ең аз ағынды сипаттамаларын бақылау деректері жеткілікті болған жағдайда есептеуді жылдық ағындыны есептеу кезінде қолданылатын статистикалық әдістердің көмегімен жүзеге асырады. Ұқсас өзендерді таңдау кезінде алаптың физикалық-географиялық жағдайларының ұқсастығына, сулы-қатқабаттардың кәрізделу деңгейіне және алаптың гидрогеологиялық жағдайына баса назар аударады. Ағынды қатарын қалпына келтіру немесе ұзарту байланыс графиктері немесе көптік сызықтық корреляция әдістері боынша жүзеге асырылады. Қалыпты ең аз ағындыны анықтаудың орташа квадраттық қателігі 15 %-дан аспаған жағдайда қолда бар бақылау қатары жеткілікті болып саналады. Ең аз ағынды сипаттамалары қатарының ерекшелігі оның ішінде нөлдік мәндердің кездесуі. Бұл жағдай су аз жылдары өзен арнасына келіп түсетін ағынды күрт азайып кететін аудандарда, өзеннің қатып қалуына немесе құрғап кетуіне байланысты орын алады.Өзендердің құрғап кетуі ұзақ уақыт қуаңшылық болуына, ал өзендердің қатып қалуы қысқы маусымда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты.

5.Сабалық ағынды. Сабалық ағындының жіктемесі.

Суы аз маусымда байқалған өзен ағындысын айтарлықтай су тасқыны жоқ болған жағдайда сабалық ағынды деп, ал ол байқалатын уақытты сабалық кезең деп атау қабылданған. «Сабалық кезең» термині ретінде қысқы немесе жазғы-күзгі маусымда байқалатын және салыстырмалы түрде аз шамасы бойынша тұрақты су өтімімен сипатталатын өзеннің су режимі фазасын айтуға болады. Оның үстіне тұрақты су өтімі ретінде су тасқыны өтімінен айтарлықтай кіші, агынды гидрографындағы жүргісінің жалпы бағыты горизантал сызыққа жақындайтын су өтімін қабылдаймыз. Сабалық кезеңнің ішінде ағынды барынша төмен болатын уақыт бар. Ұзақтығы 30 тәулікке дейінгі ең аз ағынды уақыт аралығы ең аз ағынды кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде өзендер тек жер асты суларымен қоректенеді. Бірақ сабалық кезеңде өзеннің қоректенуінде жартылай беткі сулардың да қатысуы мүмкін. Сааблық ағынды терминінің синонимі ретінде ең аз ағынды түсінігі кеңінен қолданылады. Ең аз ағынды жөніндегі деректер ауызсу және тұрмыстық шаруашылық, сондай-ақ өнеркәсіпті сумен қамту жобаларында, СЭС, ЖЭС және АЭС жобалау кезінде қолданылады. Халық шаруашылығында пайдаланылатын судың 75 пайызын құрайтын суарамалау үшін осы сабалық ағынды жөніндегі деректердің маңызы зор. Сондай-ақ өзен суларын сарқылудан және ластанудан қорғау шараларын жүзеге асыру үшін ең аз ағынды жөнінде деректер қажет. Ең аз ағынды су тұтыну мен су пайдалануды шектейтін бірден бір фактор. Сондықтан сабалық ағынды ұзақ уақыт бойы қуаңшылық орын алғанда экономиканы, қоғамның дамуын шектейді, кейде апаттық жағдайларға алып келеді. Сондықтан ең аз ағынды жөніндегі деректер негізгі гидрологиялық сипаттамалардың қатарына жатады.

6.Гидрологиялық мәліметтердің жеткілікті болғанда жылдық ағындыны есептеу. Қалыпты жылдық ағынды статистикалық қатардың кезкелген арифметикалық орташа шамасы ретінде келесі формула бойынша анықталады:

мұндағы - қалыпты жылдық ағынды, м3/с;

, , …, , - қатардағы жылдар санының көбеюімен -нің орташа арифметикалық шамасы өзгермейтін немесе аз өзгеретін ұзақ кезең ішіндегі ағындының жылдық мәндері.

Теория бойынша шамасы деректердің бас жиынтығына сәйкес келуі керек, бірақ практикада жылдық ағындыға жүргізілетін бақылау қатары ұзақтығының жеткілісіз болуына байланысты, бұл шарт орындалмайды. Бақылау бекеттерінің көбінде жүргізілген бақылау қатарларының ұзақтығы 20-30 жылдан аспайды. Сондықтан қалыпты ағындының нақты орташа мәнінен қандайда бір шамаға айырмашылығы болады. Яғни,

мұндағы - шектеулі уақыт кезеңіндегі (n жыл) орташа жылдық ағынды;

- n жыл үшін орташаланған орташа жылдық ағындының оташа квадраттық қателігі.

7.Гидрологиялық мәліметтер жеткіліксіз болғанда жылдық ағындыны есептеу. Жылдық қалыпты ағындыны есептеу кезінде қолда бар деректер үнемі жеткілікті бола бермейді. Көбінесе қысқа бақылау қатарымен жұмыс жасауға тура келеді. Ағындының орташа жылдық шамасының статистикалық қатары толық айналымдарды қамтымайтын болса және қолдағы қатардың орташа мәнінің орташа квадраттық қателігі 5-10 % артық болса, қатар репрезентативті емес деп саналады. Бұл жағдайда қысқа қатар бойынша алынған орташа жылдық ағынды, жылдық ағындысының тербелісі есептік тұстамаға сәйкес келетін, қажетті дәлдікті қамтамасыз ететін бақылау қатары ұзын, репрезентативтілік ұғымын қанағаттандыратын ұқсас өзен бойынша, есептік көпжылдық кезеңге келтіріледі.

Зерттелетін өзен немесе есептік тұстама үшін ұқсас-өзенді таңдау кезінде мыналар есепке алынады: есептік өзен мен ұқсас-өзеннің су жинау алабтары бір-біріне таяу орналасқан болуы тиіс, ағынды қалыптастырушы климаттық жағдайлары сәйкес, географиялық және биіктік орындары бойынша біртекті, жамылғы бетінің факторлары: көлділігі, батпақтылығы, ормандылығы, рельефі, топырақ-грунтының сипаты бойнша айырмашылығы өте аз болуы тиіс. Қарастырылып отырған өзен алаптарының жылдық ағындыға тигізетін әсерлерінің айырмашылықтары жоқ болуы керек. Жазықтық өзендер үшін су жинау алабтарының ауданының айырмашылығы 10 еседен артық болмауы тиіс, ал таулы аудандарда су жинау алабтарының орташа биіктіктерінің айырмашылығы 300 м аспауы керек. өзендердің табиғи ағындысын бұзатын факторлар (бөгендер, су алу, су бұру және т.б.) болмауы керек. Салыстырылатын өзендердің жылдық ағындыларының тербелістері синхронды болуы тиіс. Ағынды тербелістерінің сәйкестігі немесе синхрондылығы біріккен интегралдық қисықтар бойынша тексеріледі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]