Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx 3 блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216.92 Кб
Скачать

30.Бөгендер салу. Бөгендердің өзендер ағындысына әсері.

Адамның шаруашылық іс әрекеттері келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі: өнеркәсіп және тұрмыстық қажеттіліктерді өтеу үшін су тұтыну, бөгендер мен тоғандар тұрғызу, ауылшаруашылығы егістіктерін суландыру, батпақтарды және батпақтанған аумақтарды құрғату, өзендер алаптарының арасында ағындыны қайта үлестіру, өзендердің алаптарында жүргізілетін агротехникалық шаралар және т.б. Аталған шаруашылық іс-әрекеттердің өзен ағындысына тигізетін әсері әртүрлі болады.

Өзен ағындысына бөгендер анағұрлым үлкен ықпалын тигізеді. Ағындының әртүрлі сипаттамаларына бөгендердің тигізетін ықпалының дәрежесі бөгеннің жұмысшы көлемімен анықталатын реттеу (айлық, маусымдық, көпжылдық) қабылетіне тәуелді. Бөгендер су мол маусымда ағындыны ұстап қалады да, булануды ұлғайтады, бұл әсіресе ылғалдылығы жеткіліксіз зоналарға тән. Бөгендерде жинақталған сулар суармалау және сумен қамту мақсатында жұмсалады. Ағындының біраз бөлігі бөгеннің табанын толтыруға шығындалады. Бөгендер өзендердің су режимін айтарлықтай немесе түбегейлі өзгертеді. Бөген салынған өзендердің су режимі маусым бойынша біркелкі болып тегістеледі, яғни реттеледі. Бөгеннің төменгі жағында тасындылар ағындысы, температуралық және мұздық режим күрт өзгереді. Бөгендер кіші өзендерге қатты әсер етеді. Қуаңшылық жылдары кіші өзендердің ағындысы толығымен бөгенге жинақталуы мүмкін.

31.Дала және құрғақ дала зоналардан жаздық және күзгі ағындысына болжам жасау-.Айлық ағындар үшін ΣtoQ=Wto өзен арнасындағы су қоры.ΣtoQ=Wto+ΣQжер+ΣQжанб Qж=f(Hгр) Фактордың әсері әр жерде әр түрлі болып табылады.Орманды дала,құрғақ дала және далада жаңбырдың әсері аз,топырак сіңіргіш болып келеді.1.Qt+1=f(Qt,Σtx)2.Qt+1=f(Wto+ΣX).Жауын-шашын ағын құрайтын фактор.Жерге сіңеді жер астымен келеді.Су тасуы мерзімдерінің де максимал су өтімінінің басталу уақыты сияқты бір өзеннің берілген тұстамасында қардың еруінің мерзімдеріне, оның еру қарқындылығына жəне алап территориясы бойынша еру сипатына, яғни негізінен таза метеорологиялық факторларға тəуелді болып келеді.Болжамдарды құрастырудың қарапайым түрлеріне су тасудың қолда бар максимумы орнаған күн мен еріген қар суының арнаға түсуін сипаттайтын алдыңғы бір қандай-да күн аралығындағы эмпирикалық корреляциялық байланысты қолдану жатады. Мы, су тасудың максимумы орнайтын датамен қар жамылғысының максимал су өтімін бере алатын бөлігінің еруін сипаттайтын ауа температурасының нөлден тұрақты өту датасы немесе кішігірім өзендерде су тасуының шыңын анықтайтын оң температуралы градустардың белгілі бір шамадағы жиынтығы арасындағы байланыстар қолданылады.Жүргізілген тəжірибелер су тасуының басталуы мен оның максимумының түсу күндерінің ауа температурасының нөлден өту күнімен байланысы далалық жəне орманды далалық зоналар өзендерінде солтүстік орманды зонасына қарағанда тығыздау болып келетіндігін көрсетеді. Соңғы аталған зона өзендері үшін көктемгі ағынды болжамы ауа температурасының +50С-тан өту күні мен белгілі бір шамадағы орташа оң таңбалы ауа темпер/ң қосындысы арасындағы байланысы жақсы байқалады .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]