
- •2.Қамтамасыздық қисығының параметрлерін моменттер әдісі бойынша бағалау. Әдістің артықшылығы мен кемшіліктері.
- •3.Қамтамасыздық қисығының параметрлерін шындыққа ең ұқсас әдістері бойынша бағалау. Әдістің жетістіктері мен кемшіліктері.
- •4.Гидрологиялық мәліметтердің жеткілікті болғанда ең аз ағындыны есептеу.
- •5.Сабалық ағынды. Сабалық ағындының жіктемесі.
- •8.Гидрологиялық мәліметтер жоқ болғанда жылдық ағындыны есептеу.
- •9.Ағынды изосызығы карталарын тұрғызу қағидалары.
- •10.Жылдық ағынды үлестірімі.
- •14.Ең аз ағындыны зерттеу қисықтары.
- •15.Өзеннің құрғап қалуы және түбіне дейін мұз қатуы.
- •16. Тасынды ағындыларына әсер ететін факторлар.
- •17.Қатты ағынды сипаттамалары.
- •18.Жүзбе тасындылар ағындысын анықтау әдістері.
- •19.Гидрологиялық бақылаулар мәліметтері жеткіліксіз және жоқ болған жағдайда ең мол ағындыны бағалау
- •23.Жылдық ағындының модулдік коэффициентінің орташа мәннен ауытқуының жиынтық қисығын тұрғызу және талдау.
- •25.Жылдық ағынды үлестірімін нақты жылдар әдісі бойынша бағалау.
- •26.Жылдық ағындыға антропогендік факторлардың тигізетін әсерін кешенді түрде бағалау.
- •28. Жылдық ағындының ассиметрия коэффициентін бағалау.
- •29.Ормандылықтың, көлділіктің, батпақтылықтың өзендер ағындысына әсерін бағалау.
- •30.Бөгендер салу. Бөгендердің өзендер ағындысына әсері.
- •32. Ағындының ағып жетуінің қисықтары. Оларды анықтау тәсілдері.
25.Жылдық ағынды үлестірімін нақты жылдар әдісі бойынша бағалау.
Су шаруашылығы жобалауының міндеттеріне қарай ағындының жылдық үлестірімі күнтізбелік тізбек немесе су өтімдерінің кему ретіне қарай берілуі мүмкін. Бірінші жағдайда есептік гидрограф тұрғызылады немесе есептеудің кестелік түрі пайдаланылады, екінші жағдайда тәуліктік су өтімінің тұру ұзақтығының қисығы (қамтамасыздығы) тұрғызылады. Бірінші жағдайды қарастырайық.Әдістердің ішіндегі ең қарапайымы ағынды үлестірімін нақты жылдар бойынша есептеу. Жобалауда қойылған міндеттерге байланысты бақылау қатарының ішінен сулылығы және ағынды үлестірімі бойынша сипатты, жылдық және маусымдық эмпирикалық қамтамасыздықтары бойынша берілген қамтамасыздыққа жуық үш нақты жылдан тұратын үлгі таңдалынып алынады. Мұндай жылдардың ағынды үлестірімі есептік үлгі ретінде пайдаланыладыОрташа жыл – орташа жылдық су өтімі өзінің мәні бойынша қамтамасыздығы 50 % жылдық су өтіміне жуық және айлар бойынша ағынды үлестірімі бақыланған жылдар бойынша орташаланған үлестірімге жуық жыл (жалған жылдың үлестіріміне). Суы ең мол жыл – орташа жылдық су өтімі қамтамасыздығы 5% жылдық су өтіміне жуық және көктемгі су тасуы немесе жаңбырдан қалыптасатын су тасқынының көлемі ең жоғарғы жыл. Суы ең аз жыл – қысқы немесе жазғы маусымда судың сабасына түсу кезеңі барынша ұзақ және ағындысы өте аз, су тұтынуды шектейтін, орташа жылдық су өтімі қамтамасыздығы 95% жылдық су өтіміне жуық жыл. Ылғалдылығы жеткілікті аудандарда шектеуші маусым қыс айлары, ал ылғалдылығы жеткіліксіз аудандарда шектеуші маусым жаз айлары болады.
Кейін қамтамасыздық қисығының көмегімен жылдық су өтімдері, мысалы, 5; 50 және 95 % немесе басқа берілген қамтамасыздық бойынща анықталады. Сосын нақты жылдардың салыстырмалы үлестірімдері бойынша оларды келесі формуланы пайдаланып орташа айлық су өтімдеріне есептейді:
Q=KQ (4) мұндагы Q және Q - есептік жылдың қамтамасыздығы p% орташа айлық және жылдық су өтімдері; Q және Q - үлгі ретінде қабылданған сипаттық жылдардың орташа айлық және жылдық су өтімдері;
K - сипаттық үлгі жылдардың айлық су өтімдерінің салыстырмалы мәндері. Сипатты нақты жылдардың үлгілері бойынша жылдық ағынды үлестірімі қамтамасыздығы, дәлірек айтсақ жобаланған жыл үшін немесе шектеуші кезең немесе маусым үшін су беруден асып түспеу өзара біріне бірі жақын және жобалау шарты бойынша берілген қамтамасыздыққа сәйкес келеді деп жорамалдайды. Өзендер ағындысының жылдық режимі күрделі болмаған жағдайда инженерлік есептеулер үшін қажетті аталған сипаттамалардың қамтамасыздықтарының жуықтығы әдетте сақталады.
Бірінші белгі бойынша ағындының маусым бойынша орташа үлесітрімдері жылдық ағындының бірлік үлесі есебімен салыстырылады. Бұл үлестірімдер жақсы үйлескен жағдайда есептік тұстаманың қысқа қатары осы белгі бойынша репрезентативті болып саналады. Ұзын жіне қысқа қатар бойынша маусымдық ағынды үлемтірімнің айырмашылығы айтарлықтай болса, онда есептік тұстаманың жылдық, шектеуші кезеңдік және шектеуші маусымдық ағындыларның орташа мәндерін ұқсас-тұстаманың осы сипаттамаларының арасындағы тиісті байланыс графиктері бойынша ұзын қатарға келтіру жүзеге асырылады.
Екінші белгі бйынша қысқа қатардың ререзентативтілігі бақылау қатары ұзақ ұқсас-тұстамадағы жылдық ағындының және шектеуші кезең мен шектеуші маусым ағындысының қамтамасыздық қисығы бойынша бағаланады. Бұл қисықтарға есептік тұстамада жүргізілген қысқа бақылау қатары жылдарының нүктелері түсіріледі. Нақты жылдың үлгісі бойынша жылдық ағынды үлестірімін есептеу субъективтілікті жоққа шығармайды және жылдық ағынды қамтамасыздығы мен шектеуші кезең мен шектеуші маусым ағындысының қамтамасыздығы үнемі бір мәнді болда бермейді.