Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
modeli_voprosy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
867.23 Кб
Скачать

Блок третий

  1. Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: жалпы халық саны 160 млн.адам, жұмысшылар саны 108 млн.адам, фрикциондық жұмыссыздар саны 4 млн.адам, құрылымдық жұмыссыздар саны 2 млн.адам, ал ЖІӨ 2000 $ құрайды. Оукен коэффициенті 2,4-ке тең. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейін анықтаңыз, елдегі жұмыссыздықты критикалық бағалаңыз.

  2. Ел экономикасы Y=A*K0,4*L0,6 түрде өндірістік функциямен сипатталған. Егер капитал өсімінің қарқыны жылына 3%, ал жұмыспен қамтылғандар саны жылына 2%, жалпы факторлардың өнімділігі жылына 1,5% қарқынмен өскені белгілі болса, онда өндіріс көлемінің өзгерісін критикалық бағалаңыз.

  3. ҚР-да 2012 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,6 % болды. Нақты ЖҰӨ – 635,1млрд.тг. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – 3,3%. Оукен коэффициенті 2,7-ге тең болғандағы номиналды ЖҰӨ көлемін бағалаңыз. Жауабыңызға экономикалық түсіндірме беріңіз.

  4. Қазақстандағы тұтынуға шектi бейiмдiлiк 0.6, ал ЖIӨ 2013 жылы 22 млрд.теңгенi құрады. Үкiмет алдағы жылы қорғаныс шығындарын 5,5 млрд.теңгеге жоғарылататынын айтты. ЖIӨ өзiнiң деңгейiнде қалу үшiн табыс салығының мөлшерi нешеге өсуi керектiгiн критикалық бағалаңыз. Жауабыңызды үлгi (график) ретiнде көрсетiңiз.

  5. ҚР-да 2012 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,9 % болды. Нақты ЖҰӨ – 465,9млрд.тг. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – 4,3%. Оукен коэффициенті 1,7-ге тең болғандағы номиналды ЖҰӨ көлемін бағалаңыз. Жауабыңызға экономикалық түсіндірме беріңіз.

  6. Бірінші (базалық) жылда номиналды ЖІӨ 500 млрд.$. құрады делік. 6 жылдан соң ЖІӨ дефляторы екі есеге өсті, ал нақты ЖІӨ 40%-ға өсті. Осы жағдайдағы ЖІӨ-нің 6 жылдан кейінгі өзгерісін критикалық бағалаңыз.

  7. Мемлекеттік сатып алулар 500 млрд.$ делік, салық функциясы T=0,4Y, трансферттер функциясы F=0,2Y, бағалар деңгейі P=1. Мемлекеттік қарыз R=0,1 пайыздық қойылыммен D=1000 млрд.$. Нақты өндіріс көлемі 2000 млрд.$, ал потенциалды өндіріс көлемі 2500 млрд.$. Мемлекеттік бюджет сальдосын, мемлекеттік бюджеттің құрылымдық және циклдық дефицитін анықтаңыз. Жауабыңызға экономикалық түсіндірме беріңіз.

  8. Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: C=300+0,8Yd; I=200-1500R; Xn=100-0,04Y-500R; Md=(0,5Y-2000)P. Егер мемлекеттік шығындар G=200, салық салу қойылымы t=0,2, номиналды ақша ұсынысы M=550, алдын ала анықталған бағалар деңгейі P=1 болса, онда пайыздық қойылым мен табыстың тепе-теңдік деңгейін анықтаңыз.

  9. Еркін саудада текстиль өнеркәсібі тауар бірлік құнының әрбір доллары келесідей бөлінеді: 40% (40 цент) қосымша құн; 30% (30 цент) мақта орамы шығындары; 30% ( 30 цент) өзге де шығындар. Ел Үкіметі текстиль тауарлар импортына 25% және мақта орамы импортына 16,7% (немесе 1/6) мөлшерінде екі түрлі тариф енгізді делік. Өнім бірлігінің тарифсіз бағасы 1$. Импортқа екі түрлі тариф енгізілген соң өнім бірлік құнының бөліну пропорциясын анықтаңыз.

  10. Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: ағымдағы операциялар балансы=50; капитал шотының балансы=-60; ресми резервтер=10. Бұл жағдайда төлем балансының активін немесе пассивін анықтаңыз. Валюта резервтерімен операциялар жүргізудің берілген елдің экономикасына ынталандырушы немесе тежеуші әсерін анықтаңыз, түсіндіріңіз.

  11. Үкімет шетелден 1 млрд.долл. көлемінде жылдық 8%-бен қарыз алды. Бұл қаржы инвестициялық жобаларға салынады. Ал ол жобалар кейінгі бірнеше жылдар бойы ЖІӨ-нің жылына 300 млн.долл. өсімшесін береді. Мемлекеттік қарыздың ұлғаю шамасын анықтаңыз. Ел азаматтарына түсетін қарыздық ауыртпалықты және елдің қарызды толықтай жабу мерзімін анықтаңыз.

  12. Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: нақты пайыздық қойылым 3%, нақты ЖІӨ өсу қарқыны 7%, қарыз/ЖІӨ қатынасы 50%, бірінші ретті мемлкеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ 5%. Қарыз/ЖІӨ қатынасының төмендеу немесе жоғарылау мүмкіндігін анықтаңыз, экономикасын бағалаңыз.

  13. Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: тұтынушылық шығындар (C)=2300; инвестициялар (I)=700; мемлекеттік шығындар (G)=800; мемлекеттік трансферттер (TR)=100; мемлекеттік қарыз бойынша пайыздық төлемдер (N)=100; салықтар (T)=800. Жеке және мемлекеттік жинақтарды есептеңіз. Ескерту: ЖІӨ=ЖҰТ шартында.

  14. Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: Y=C+I+G+Xn; C=300+0,8Yd; I=200+0,2Y; Xn=100-0,04Y; G=200; t=0,2. Табыстың тепе-теңдік деңгейін және автономды шығындардың мультипликатор шамасын анықтаңыз.

  15. Мемлекет ішінде мынадай жағдайлар сипатталған: нақты табыс (Y)=35000 АҚШ доллары; тұтынуға шекті бейімділік (МРС)=0.8; тепе-теңдік табыс (Y*)=4200 АҚШ доллары. Экономиканың тепе-теңдік жағдайына (Y*=4200 АҚШ доллары) жету үшін мемлекеттік шығындар және салықтық түсімдер өзгерісін есептеңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]