Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
modeli_voprosy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
867.23 Кб
Скачать

Блок первый

  1. ЖҰӨ мен ЖІӨ, инфляция және ЖҰӨ дефляторы арқылы түсіндіріңіз.

  2. ЖҰӨ өзгерісін сипаттайтын көрсеткіштерге критикалық баға беріңіз.

  3. Ұлттық шоттар жүйесін үлгі түрде түсіндіріңіз, жауабыңызды негіздеңіз.

  4. Жиынтық сұранысты Кейнстік үлгіде қарастырыңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз.

  5. Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as үлгілер көмегімен түсіндіріңіз.

  6. IS-LM үлгiсiнің негізгі шарттары мен байланыстарын түсіндіріңіз.

  7. Ақша нарығындағы тепе-теңдiк өзгерісін IS-LM үлгiсі арқылы анықтаңыз, өз жауабыңызды графикалық түрде негіздеңіз.

  8. Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдікті AD-AS үлгілері арқылы түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз.

  9. Макроэкономикалық бюджет-салық саясатын IS-LM үлгісінде қарастырыңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз.

  10. Өндірістегі еңбек нарығы үлгісін сипаттаңыз және ерекшеліктерін анықтаңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз.

  11. Еңбектің шекті өнімін еңбек шығынының функциясы арқылы график түрінде (үлгі) түсіндіріңіз, жауабыңызды негіздеңіз.

  12. Тұтынушы бағалар индексін сипаттаңыз және инфляция қарқынын есептеу әдістерін көрсетіңіз.

  13. Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланысты Филлипс қисығы арқылы үлгі (график) түрінде талдаңыз және анықтама беріңіз.

  14. Экономикалық өсудің үлгілерін талдаңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз, мысал келтірініз.

  15. Ақша ұсынысы және сұранысына графикпен сипаттама беріңіз, ақша мен еңбек нарығындағы жалпы тепе-теңдікті айқындаңыз.

Блок второй

  1. Ұлттық банк 2013 жылы Жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) өтімділігін қамтамасыз ету үшін 32 млрд.теңгеге бағалы қағаздар сатып алды. Осы жағдайды IS-LM моделі арқылы график түрінде қарастырыңыз.

  2. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес ҚР Үкіметі автокөлік шығару үшін мемлекеттік шығындар жұмсайды. Үкіметтің қолданатын шараларын критикалық бағалаңыз. Жауабыңызды IS-LM үлгici арқылы көрсетiңiз.

  3. ҚР Ұлттық банкі 2012 жылы теңгенің бағамын тұрақты ұстап тұру үшiн мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарды. Осы жағдайды критикалық бағалаңыз. Жауабыңызды IS-LM үлгici арқылы көрсетiңiз.

  4. 2013 жылы мұнай бағасы 1 баррель үшін 103,11 АҚШ долларынан 1 баррель үшін 110,53 АҚШ долларына өсті. Бұл өзгерiс қысқа мерзiм кезеңiнде Қазақстан экономикасы үшiн әсерiн бағалаңыз. Жауабыңызды AD-AS үлгiсi арқылы дәлелдеңiз.

  5. Қаржы дағдарысы салдарынан 2011 жылы Қазақстанда пайыз мөлшерлемесi 5%-дан 7,8%-ға өстi. Бұл өзгерiстің қысқа мерзiм кезеңiнде Қазақстан экономикасы үшiн әсерiн бағалаңыз. Жауабыңызды AD-AS үлгiсi арқылы дәлелдеңiз.

  6. Кейнсиандық тәсілде жұмыс күшіне сұраныстың жеткіліксіздігінен жұмыссыздық туындайды. Жиынтық сұраныстың (АD) өзгерісі ұлттық өндірістің көлемін (Ү) өзгеріске ұшыратады. Осы жағдайды график түрінде көрсетіңіз, AD-AS үлгісі арқылы өз жауабыңызды негіздеңіз.

  7. Кейнс кресінің моделі бағалардың икемсіздігімен ұлттық табыстың тепе-теңдігін қалыптастыру арқылы тиімді сұранысқа қол жеткізуді макроэкономикалық тепе-теңдікті көрсететін үлгіні график түрінде көрсетіп түсіндіріңіз.

  8. Екінші деңгейлі банктер депозиттің пайыздық қойылымын жоғарылатты. Осы жағдай бойынша ақшаға сұранысының өзгеруін график арқылы түсіндіріңіз, негізгі байланыстарды сыни тұрғыда бағалаңыз.

  9. 2010 жылдың қорытындылары бойынша жылдық инфляция 7,8% (2009 жылғы желтоқсанда – 6,2%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның бұл деңгейі Ұлттық Банктің 2010 жылға белгілеген 6-8% мақсатты дəлізіне толық сəйкес келеді. Қазақстанда 2010 жылы инфляциялық үдерістердің қалыптасуы монетарлық факторлар тарапынан ең аз ықпал ету аясында жүрді. Мəселен, 2010 жылы ақша массасы 14,1%-ды құрады, ақша базасы 5,0%-ға кеңейді. Осы қалыптасқан экономикалық жағдайды үлгілер IS-LM үлгісі арқылы түсіндіріңіз.

  10. IS-LM үлгісінің графигінде мемлекеттік шығындардың өсуін сипаттаңыз, егер мемлекеттік шығындар келесілер есебінен қаржыландырылса: халыққа облигация сату есебінен; Орталық Банкке қарызды ұлғайту есебінен. График көмегімен көрсетіп, өз жауабыңызды негіздеңіз.

  11. Қазақстан экономикасы дағдарыстан кейін біршама көтерілді. ҚР Статистика агенттігінің ресми деректеріне сәйкес бюджет түсімдері дағдарыстан кейін 9%-ға өсті. Осы жағдайды IS-LM үлгісі арқылы график түрінде көрсетіңіз. Өз жауабыңызды негіздеңіз.

  12. Солоу үлгісін қолдана отырып, 2014 жылғы Қазақстандағы девальвацияның жинақтар деңгейіне әсерін түсіндіріңіз. Өз жауабыңызды график арқылы негіздеңіз.

  13. Солоу үлгісін қолдана отырып, 2014 жылғы Қазақстандағы девальвацияның инвестиция деңгейіне әсерін түсіндіріңіз. Өз жауабыңызды график арқылы негіздеңіз.

  14. Солоу моделін қолдана отырып, 2014 жылғы Қазақстандағы девальвацияның шығарылым (ЖІӨ) деңгейіне әсерін түсіндіріңіз. Өз жауабыңызды график арқылы негіздеңіз.

  15. ҚР-да соңғы 15 жылда халық 5,4 млн.адам санына өстi. Дегенмен, осы уақыт аралығында ғылыми-техникалық прогресс динамикасы өзгерiссiз қалды. ҚР экономикасының 15 жылдағы экономикалық өсуін график түрінде көрсетіп, өз жауабыңызды дәлелдеңiз. Солоу үлгісі арқылы талдаңыз.

  16. ҚР-да соңғы 10 жылда халық 2,5 млн.адам санына өстi. Дегенмен, осы уақыт аралығында ғылыми-техникалық прогресс динамикасы өзгерiссiз қалды. ҚР экономикасының 10 жылдағы экономикалық өсуін график түрінде көрсетіп, өз жауабыңызды негіздеңіз. Солоу үлгісі арқылы талдаңыз.

  17. Мемлекет Үкіметі бір уақытта мемлекеттік шығындар мен салықтарды бірдей мөлшерде қысқартты. Бұл шараның жиынтық сұранысқа (IS қисығын тұрғызу концепциясына сәйкес) таза әсер ету мөлшерін анықтаңыз, формуламен дәлелдеңіз. Өз жауабыңызды IS-LM үлгілер көмегімен негіздеңіз.

  18. Мемлекет Үкіметі жеке табыс салығын жоғарылатты (салық салу әсері инвестициялауға қарағанда төмен) және одан түскен қаржыны негізгі капиталға инвестициялады. Бұл шараның жиынтық сұранысқа әсерін сипаттаңыз. Өз жауабыңызды AD-AS үлгісі арқылы көрсетіп, негіздеңіз.

  19. ҚР Үкіметі мемлекеттік бюджет тапшылығын жою үшін және инфляцияны төмендету үшін салықтарды арттырды делік. Орталық Банк шығарылым көлемін өзгеріссіз қалдыру үшін жүргізетін шараларды атаңыз. Өз жауабыңызды IS-LM үлгісімен түсіндіріңіз, график түрінде көрсетіңіз.

  20. Банк жүйесіне жаңа техникалық құралдар енгізу нәтижесінде ақша айналымының жылдамдығы артты делік. Орталық Банк ақша ұсынысын өзгерту арқылы экономикадағы шығарылым көлемі мен бағалар деңгейін тұрақтандыру шараларын қабылдады. График арқылы бастапқы шокты және Орталық Банктің тұрақтандыру саясатын көрсетіңіз, критикалық бағалаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]