
- •Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as үлгілер көмегімен түсіндіріңіз.
- •Ақша нарығындағы тепе-теңдiк өзгерісін is-lm үлгiсі арқылы анықтаңыз, өз жауабыңызды графикалық түрде негіздеңіз.
- •Тұтынушы бағалар индексін сипаттаңыз және инфляция қарқынын есептеу әдістерін көрсетіңіз.
- •Экономикалық өсудің үлгілерін талдаңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз, мысал келтірініз.
- •Қр Ұлттық банкі 2012 жылы теңгенің бағамын тұрақты ұстап тұру үшiн мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарды. Осы жағдайды критикалық бағалаңыз. Жауабыңызды is-lm үлгici арқылы көрсетiңiз.
- •Блок первый
- •Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as үлгілер көмегімен түсіндіріңіз.
- •Блок второй
- •Блок третий
Тұтынушы бағалар индексін сипаттаңыз және инфляция қарқынын есептеу әдістерін көрсетіңіз.
Инфляция қарқыны бағаның жалпы деңгейінің өзгеру қарқыны.
Ұлттық табыстың өсуімен салыстырғанда номиналды ақша массасы динамикасының басым болуы инфляцияның пайда болу шарты болып табылады. Инфляция деңгейі мына формуламен есептеледі: π= P- P0/P0, мұндағы P = ағымдағы жылдағы бағалардың орташа деңгейі, P0= базалық жылдағы бағалардың деңгейі Тұтынушы баға индексі тұтынушы тауарлары мен қызметтің стандартты қоржынын сатып алуға кеткен уақытпен өлшенеді. Бұл индексті қолдану арқылы инфляция қарқынын келесідей өлшеуге мына формула көмектеседі: π= ТБИt - ТБИt-1/ТБИt-1 x 100%
Өндіруші баға индексі көтеріп сату немесе өндіріс сатысындағы баға деңгейімен өлшенеді. ЖІӨ дефляторы тек тұтынушы ғана емес, басқа тауарлар құны өсуін де өлшейді. Сәйкес инфляция қарқынын есептеу үшін мына формула ТБИ мен ӨБИ шамаларын енгізу керек.
Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланысты Филлипс қисығы арқылы үлгі (график) түрінде талдаңыз және анықтама беріңіз. Филипс қисығы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланысты көрсетеді. Бұл кері тәуелділік.
Филипс қисығы: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мезгілдер.
Сонымен өзара байланысқан макроэкономикалық тізбектің құбылыстарын мынадай көрсетуге болады: Жинақты сұранысты қолдау→ Жұмыссыздық деңгейін табиғи деңгейден төмендету → Инфляция темпін өсіру → Шынайы еңбекақыны көтеруді талап ету → Жекеқожалықтар кірісінің төмендеуі → Еңбекке сұранысты қысқарту → Жұмыссыздықты табиғи деңгейге әкелу
Экономикалық өсудің үлгілерін талдаңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз, мысал келтірініз.
Экономикалық өсу – ұзақ мерзімді құбылыс. ЖІӨ-ң жоғарылауы мен құлдырауы ЖІӨ-ң ұзақ мерзімді трендінің шамасында орын алады. Жалпы ұлттық өнім немесе жалпы ішкі өнім елдің экономикалық даму деңгейін сипаттайды. Халықтың әл-ауқаты деңгейін бағалау үшін халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.
Экономикалық өсудің көздері:
пайдаланатын ресурстар (еңбек, капитал, жер, шикізат) көлемін арттыру,
жаңа тиімдірек өндіріс тәсілдерін шығару.
Экономикалық өсу дегеніміз – «жинақтаушылық» қызмет атқарады деген сөз, яғни түрлі сыртқы және ішкі факторлардың экономиканың дамуына әсер етуі деген сөз, яғни түрлі сыртқы және ішкі факторлардың экономиканың дамуына әсер етуі нәтежиесінде қалыптасатын, соның ішінде халықаралық еңбек бөлінісіне және экономикалық интеграцияға қатысу арқылы дүниежүзілік шаруашылыққа байланысты экономиканың ашықтық дәрежесі қамтылатын ұғым. Экономикалық өсу проблемасын шешу халық санының ұлғаюы кезінде олардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ететін экономикалық өсудің алғышарттарын іздеуді көздейді.
Р. Солоудың экономикалық өсу моделі-жинақтардың, еңбек ресурстарының өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің халық тұрмысының деңгейі мен оның динамикасына әсер етудің механизмін айқындайтын экономикалық өсудің неоклассикалық моделі. Р. Солоу моделі 1956 жылы әзірленді және экономикалық өсудің теңгермелі траекторияларын зерттеуге арналған.
Өндіріс көлемі Y капитал қорларымен К, еңбек мөлшерімен L және қолданылатын технологиямен анықталады: Y=F(K,L)
y=Y/L – бір жұмысшыға шаққандағы шығарылым, k=K/L – капиталмен қарулану, яғни бір жұмысшыға шаққандағы капитал.
Онда бір жұмысшыға шаққандағы өндірістік функция графигі келесі түрде жазылады: y=f(k), мұнда f(k)=F(k,1).
Капиталдың шекті өнімділігі: MPk=f/(k).
Туындының геометриялық мағынасына сәйкес капиталдың шекті өнімі өндірістік функцияның графигін жанасып өтетеін сызықтың көлбеулік бұрышына тең.
Ақша ұсынысы және сұранысына графикпен сипаттама беріңіз, ақша мен еңбек нарығындағы жалпы тепе-теңдікті айқындаңыз. Ақша ұсынысы – экономикадағы қазіргі уақыт мезетіндегі ақша көлемі. Ақша ұсынысы мемлекеттік саясаттың негізгі құралы болып табылады. Оны мемлекет атынан ОБ реттейді. Ақша ұсынысын ақша массасы деп атайды. Ақша массасының көлемін реттеу саясаты ақша саясаты д.а. Ақша сұранысы – бұл шынайы ақша қорына сұраныс. Ол баға деңгейінен тәуелді.
Нақты ақша қорына сұраныс. M(D)=(M/P)D M-ақшаның номиналды мөлшері; P-баға деңгейі.
Ақшаға деген жалпы сұраныс (M/P)D трансакционды сұранысты, кездейсоқтықтан сақтану мотиві бойынша сұраныс пен пайыз мөлшерлемесінен r тәуелді болады.
(M/P)D=L(Y,r)
L өтімділікті қалау функциясы.
Ақшаның сандық теориясы: ақша ұсынысы елде баға деңгейін анықтайды.
MV = P*Q;
M – айналымдағы ақша мөлшері; V – ақша айналымының жыламдығы; P – әр келіссөздің орташа бағасы; Q – белгілі мерзімдегі сатып алу сату келіссөз мөлшері.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныстың теңдігімен анықталады.
(M/P)d=(M/P)s L(r, Y) = M/P
Бұл арақатынас r пайыз мөлшерлемесі мен У табыстың тепе теңдік мәндерінің арасындағы байланысты ашады. Ақшаға деген сұраныс бұл нақты ақша қорларына сұраныс. Ақшаға деген ұсыныс бұл жанама ақшаға ұсыныстың жоғары тиімділігі.
БЛОК ВТОРОЙ
ДАСТАН: Ұлттық банк 2013 жылы Жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) өтімділігін қамтамасыз ету үшін 32 млрд.теңгеге бағалы қағаздар сатып алды. Осы жағдайды IS-LM моделі арқылы график түрінде қарастырыңыз.
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес ҚР Үкіметі автокөлік шығару үшін мемлекеттік шығындар жұмсайды. Үкіметтің қолданатын шараларын критикалық бағалаңыз. Жауабыңызды IS-LM үлгici арқылы көрсетiңiз. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес ҚР Үкіметі автокөлік шығару үшін мемлекеттік шығындар жұмсайды. Яғни мемлекеттік шығындар G өседі. Бұл өз кезегінде салықтың төмендеуіне алып келеді. Ол дегеніміз фискалды саясат төмендетуіне алып келетінін білеміз.
Егер мемлекеттік шығындар көбейетін болса, онда жиынтық шығындар және табыс көлемі ұлғаяды, ол тұтыну шығындарының көбеюіне алып келеді. Тұтынудың ұлғаюы ол жиынтық шығындардың және табыстың өскенін аңғартады. У өсуі ақшаға деген сұраныс өсуіне алып келеді Md. Ақшаға деген сұраныстың артуы пайыздық қойылымның жоғарылауына келеді. Пайыздық қойылымның жоғарылауы инвестиция көлемі және таза экспорт төмендейді. Соңында жұмысбастылық пен шығарылым көлемінің артуына алып келеді.