
- •Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as үлгілер көмегімен түсіндіріңіз.
- •Ақша нарығындағы тепе-теңдiк өзгерісін is-lm үлгiсі арқылы анықтаңыз, өз жауабыңызды графикалық түрде негіздеңіз.
- •Тұтынушы бағалар индексін сипаттаңыз және инфляция қарқынын есептеу әдістерін көрсетіңіз.
- •Экономикалық өсудің үлгілерін талдаңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз, мысал келтірініз.
- •Қр Ұлттық банкі 2012 жылы теңгенің бағамын тұрақты ұстап тұру үшiн мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарды. Осы жағдайды критикалық бағалаңыз. Жауабыңызды is-lm үлгici арқылы көрсетiңiз.
- •Блок первый
- •Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as үлгілер көмегімен түсіндіріңіз.
- •Блок второй
- •Блок третий
БЛОК ПЕРВЫЙ
ДАСТАН: ЖҰӨ мен ЖІӨ, инфляция және ЖҰӨ дефляторы арқылы түсіндіріңіз.
ДАСТАН: ЖҰӨ өзгерісін сипаттайтын көрсеткіштерге критикалық баға беріңіз.
ДАСТАН: Ұлттық шоттар жүйесін үлгі түрде түсіндіріңіз, жауабыңызды негіздеңіз.
Жиынтық сұранысты Кейнстік үлгіде қарастырыңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз. Жиынтық сұраныстың классикалық, кейнстің және кейнстің шектік тәсілдемелері арқылы экономикада макроэкономикалық тепе-теңдік AD және AS қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады.
Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан бағалар деңгейінде артық сұранысты тудырады. Сонан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі w/P нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижеде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуі арқасында еңбек нарығында тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен AD жаңа қисығының қиылысуымен анықталады
Классикалық жағдайдағы AD-AS моделі
Кейнстің жағдайында, атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген атаулы жалақы w шартында нақты жалақы w/P төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижеде шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан экономикада бағалар деңгейінің де, шығарылымның да өсуі байқалады
Кейнстің жағдайындағы AD-AS моделі
Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейінің өзгеруісіз шығарылымның өзгеруін тудырады.
Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as үлгілер көмегімен түсіндіріңіз.
Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан бағалар деңгейінде артық сұранысты тудырады. Сонан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі w/P нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижеде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуі арқасында еңбек нарығында тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен AD жаңа қисығының қиылысуымен анықталады.
Классикалық жағдайдағы AD-AS моделі
Кейнстің жағдайында, атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген атаулы жалақы w шартында нақты жалақы w/P төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижеде шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан экономикада бағалар деңгейінің де, шығарылымның да өсуі байқалады.
Кейнстің жағдайындағы AD-AS моделі
Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейінің өзгеруісіз шығарылымның өзгеруін тудырады.
Кейнстің шектік жағдайындағы AD-AS моделі
Жиынтық ұсыныстың кенет өзгеруі жиынтық ұсыныстың талықсытпасы (шоктары) деп аталады. Шоктар жағымды және жағымсыз болады. Олар жаңалық ашу, мұнайға әлемдік бағалардың кенет өзгеруі арқасында пайда болуы мүмкін.
IS-LM үлгiсiнің негізгі шарттары мен байланыстарын түсіндіріңіз. IS–LM үлгісі – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, қысқа мерзімдегі экономикалық өзгерістерді айқындайтын, экономикалық саясаттың салдарын талдайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі болып табылады. Оның теңдеулері келесідей:
Y = C + I + G + Xn – негізігі макроэкономикалық тепе-теңдік.
C = a + b(Y – T) – тұтыну функциясы;
I = e – d×i – инвестиция функциясы;
Xn= g – m×Y – n×i – таза экспорт функциясы.
– ақшаға сұраныс функциясы
Үлгінің ішкі айнымалылары: Ү – табыс, С – тұтыну, І – инвестиция, Хn – таза экспорт, i – пайыздық мөлшерлеме.
Үлгінің сыртқы айнымалылары: G – мемлекеттік шығындар, MS– ақша ұсынысы, T – салық мөлшерлемесі.
Эмпирикалық коэффициенттер: (a, b, e, d, g m, n, k, h) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.
IS және LM қисықтарының қиылысуы А нүктесін белгілейді, онда бір мезгілде тауарлар мен қызметтер нарығы мен ақша нарығында тепе-теңдік орнайды.
(Үe,ie) тепе-теңдік жұпты, G мемлекеттік шығыстар, T салықтар, M ақша жиыны мен P бағалар деңгейінің берілген мәндері шартында, Ү және і жөнінде
екі
теңдеу жүйесін шығару арқылы есептеуге
болады.
Осы тауарда біз экзогенді айнымалылардың өзгерісі эндогенді айнымалыларға қандай жолмен әсер ететінін IS–LM үлгісінде зерттейміз. Себебі ақша-несие және бюджет-салық саясаттары экзогенді айнымалылардың арасында орын алады және IS–LM үлгісі қысқа мерзімді кезеңде экономикаға осы айнымалылардың әсерін көрсетеді.
i
IS-LM моделі