
- •Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістеріне сиапттама беріндер
- •2. Халықты ұйымдастыру мен аудандық жоспарлау пәнінің негізгі зерттеу әдістеріне талдау жасандар
- •3. Аумақ - мемлекеттің негізгі даму факторы ретінде ұғымына сипаттама беріп талдау жасандар
- •4. Қр және дүние жүзі елдерінің табиғат жағдайы мен ресурсына сипаттама келтіріндер
- •5. Аудандастыру негізінде табиғат жағдайы мен адам қарым қатынасына салыстырмалы талдау жасандар
- •6. Негізгі демографиялық көрсеткіштер және халықтың құрылымы ұғымдарына тоқталып өтіңдер
- •7. Өндіргіш күштерді орналастыру мен халықтың оңтайлы қоныстануына талдау жасандар
- •8. Механикалық көші – қон: миграциялық баланс, ішкі және сыртқы миграция көрсеткіштерін сипаттандар.
- •9. Халықтың этникалық құрылымы, халық орналастырудағы этникалық процесстерге анықтама беріндер.
- •10. Қр тілдік және діндік құрамына сипаттама беріндер.
- •11. Халықты орналастыру негіздері. Геодемография. Локалитет және локалитет типтеріне анықтама беріндер.
- •14. Қр еңбек ресурсы және халықтың жұмыспен қамтылуы ұғымдарына талдау келтіріндер.
- •16. Шаруашылықтың дамуындағы негізгі перспективалары. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстары.
- •17. Қоғамның өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуы.
- •19. Қоршаған ортаны қорғау. Тарихи ескерткіштер және мәдениет.
- •20. Халықты орналастырудағы этносаяси кикілжіндер, жікжілдік.
- •21. Дүниежүзі және Қазақстан халықтарының орналасуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторлар
- •22. Дүниежүзі халықтарының серпіні. Өндірістік процесстерге әсерін тигізетін факторлар.
- •23. Халықтың туылуы, өлім жітімі, табиғи өсүі. Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенті
- •24. Адам нәсілдері, типтері, белгілері және географиялық орналасуы.
- •25. Этнография және этногеография негіздері.
- •26. Әлеуметтік құрылыс және әлеуметтік стратификация. Вебер және Маркс бойынша әлеуметтік стратификация. Қазіргі халықтар стратификациясына анықтама беріндер
- •27. Халықтың территориялық қозғалыс көрсеткіштері. Демографиялық саясат. «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдерін талдап өтіндер.
- •28. Халық тығыздығы. Қалалық мекеннің ерекшеліктері. Ауыл және қала мекенінің географиясына сипаттама келтіріндер.
- •29. Геоурбанистика ғылымы, әлем қалаларының типологиясы, мегаполис және агломерация ұғымдарына сипаттама беріндер.
- •31.Дүние жүзі елдерінің еңбек ресурстар балансының құрамын қарастырып талдау жасау
- •32. Ішкі және сыртқы миграция саны
- •34. Дүниежүзінің діндер географиясы
- •36 Дүниежүзі елдерінің халық тығыздығының көрсеткіштеріне талдау жасандар (Экстремум мемлекеттер)
- •37 Ауыл және қала мекенінің географиясы. Халықтардың ауданаралық қоныстану ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер.
- •38 Қр және тмд елдерінің өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуына сипаттама келтіріндер
- •39 Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлау негізінде туындайтын экологиялық мәселелерге анықтама беріндер
- •Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану индексі, 2012
- •Өзендердің ластану индексі, 2012
- •40 Облысішілік, аймақішілік, республика ішілік аймақтарды жоспарлау жобасын қарастырындар
- •46.Жұмыспен қамтамасыздандырудың негізгі мәселелеріне тоқталып өтіндер қр және дүние жүзі бойынша салыстырмалы анализ жасандар
- •47.Шаруашылықтың негізгі және қазіргі жағдайда даму бағыттарына тоқталып өтіндер (ауыл шаруашылығы мысалында)
- •48.Шаруашылық салалары және қоршаған орта қарым қатынасына сипаттама келтіріндер
- •49.Өндіргіш күштердің халық қоныстану аймақтарына әсері және ықпалын бағалап жазындар
- •52. Аймақты инженерлік қамтамасыздандырудың дайындық жұмыстарын жүргізуді сипаттандар
- •53. Тарихи ескерткіштер мен мәдени орталықтарды қарастырып, оларға сипаттама беріндер
- •54. Дүниежүзі халықтарының аймақ бойынша динамикалық сандық анализі. Берілген мәліметтер бойынша үлгі – сызба немесе график құрастырындар
- •55. Дүниежүзі агломерацияларының картосхемасын құрастырындар, транспорттық тораптар мысалында анықтама келтіріндер (Еуропа және Азияның ірі қалалары).
- •56.Халық санағы бойынша дүниежүзі елдерінің халқын есепке алу көрсеткіштеріне талдау жасандар (таңдау бойынша әлем елдері).
- •57.Екі елдің нәсілдік құрамына салыстырмалы талдау жасап Раса ұғымына сипаттама беріндер
- •58.Ақш, Жапония (не басқа ел) мысалында халықтарының аймақ ішілік орналасу ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер
- •59.Шетелдік Азия, Африка, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, снг елдерінің этникалық құрамын талқылап өтіндер
10. Қр тілдік және діндік құрамына сипаттама беріндер.
Халықтың діни құрамы. Халықтың ұлттық құрамы мен
діни сенімі тығыз байланысты. Олар саяси және әлеуметтік өмірге, тұрмысқа, адамдардың мәдениеті мен әдет-ғұрпына, демографиялық және этнографиялық процестерге әсерін тигізеді.
Әлемдік, яғни Жер бетінде таралған үш дін бар, олар - ислам, христиан және будда діндері.
Ежелгі Қазақстан тұрғындарының арасында Кек тәңірге табынатындары болды.
Біздің дәуіріміздің VIII ғасыр оңтүстік аудандарға болашақ әлемдік діндер кіре бастады. Бірақ Араб халифатының діні - ислам берік орнап қалды. 960 жылы ол мемлекеттік дін болып жарияланып, Қараханидтар мемлекеті Қазақстан жеріндегі алғашқы мұсылман мемлекеті болды.
Көшпенді халықты ислам дініне енгізуде Қожа Ахмет Йасауидің рөлі аса зор. Түрік халықтары оны Мұхаммед пайғамбардан кейінгі қасиетті адам ретінде санайды. XIV ғасыр Өмір Темірдің бұйрығымен Йасауидің кабіріне сәулетті кесене тұрғызылған. Ол Қазақстанда бірінші болып Дүниежүзілік «ЮНЕСКО» мәдени мұралар тізіміне алынды.
Ресейге қосылғаннан кейін православиялық христиан діні пайда болды. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанға ондаған басқа халық өкілдері келіп коныстанды. Дәстүрлі түрде олар әр түрлі діндерді ұстанды.
Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Конституция ар-ұждан еркіндігін дәріптейді: азаматтардың кез келген дінді қстануға немесе мүлдем ұстанбауға құқы бар.
Қазіргі уақытта елімізде рухани өмір қайта жанданып, қоғамдағы діннің ықпалы өсуде. Діни ұйымдар бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосуда.
Қазақстандағы дінге сенушілердің ішінде сүнниттік ислам (70%) сандары басым. Қазақ, өзбек, татар, түрік, ұйғыр, күрд, төжік, башқұрт, қырғыз, чешен, ингуш, дүнгендердің басым көпшілігі мұсылман-сүнниттер. Әзірбайжандардың біразы исламның басқа бағыты - шиитті ұстанады.
Орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, грек, шуваш, мордва, удмурт пен марийліктерде православие діні таралған. Неміс христиандары арасында негізінен протестанттар мен католиктер көп. Көрістер негізінен протестанттар, ал поляктар - католиктер. Армяндар христиан дінінің ежелгі, ерекше тармағына табынады. Христиандар барлық облыстарда, негізінен — солтүстікте, шығыста және орталықта таралған.
Жалпы, елдегі дін географиясы ұлттардың әркелкі орналасуымен сәйкес келеді.
Сонымен, Қазақстанда халықтың полиэтникалық және көп конфессиялық құрылымы қалыптасты. Осындай ерекше мәдени бірлестіктер бейбітшілікте, келісімде және өзара сыйластықта өмір сүруге жағдай жасайды
11. Халықты орналастыру негіздері. Геодемография. Локалитет және локалитет типтеріне анықтама беріндер.
Геодемография. Шағын географиялық ауданда халықтың өмір сүруі мен олардың өзара ұқсас, басқа аудандарда тұратындардан айырмашлық жасайтын, демографиялық сипаттамалардың өзара байланыстарын зерттейтін ғылымды геодемография деп атайды. Геодемография АҚШ-та X X ғасырдың 70 – жылдарында пайда болды, ол кезде елдің Әскери – теңіз флоты әскерге қабылданатындарға қатысты мәселеге тап болады. Сол себепті АҚШ Халық санағының материалдарын пайдалана отырып, скери – теңіз флоты қай штаттарда, қалалар мен аудандарда әскер жасындағы жас жігіттердің көбірек шоғырланғанын анықтады. Ұлыбританияда геодемография 1979 жылы халық санағы деректеріне негіздеоген геодемографиялық ACORN жүйесі пайда болғаннан кейін дами бастады.
Локалитет, оның функциялары. Әр ғылым саласының бөлінбейтін элементтік зерттеу обьектісі болады. Қазіргі заманғы химияда мұндай обьект атом болса, экономикалық географияда локалитет болып табылады. Локалитет – жергілікті жер, қоғам мен технокешенді біріктіретін геокеңістіктің бастапқы кешенді ұяшығы. Локалитеттің үш ажырамас құрамдас бөлігі бар: жергілікті жер (табиғат), елді – мекен және кәсіпорын.
Локалиттеттің басты элементі – елді мекендер, оларды көлеміне қарай ауылдар, қалалар және алып қалалар деп бөлуге болады. Атқаратын фунцияларына қарай ауыл шаруашылықты, курортты, рекреациялық, индустриялық, көліктік, әкімшілік, сауда, ғылыми және т.б деп бөлінеді. Көлемдері мен функцияларының үйлесіміне қарай локалитеттердің типтерін (монофункциялы және полифункциялы, қалалық және ауылдық) ажыратады. Локалитеттердің шекаралары табиғат зоналары, елдердің орналасуынан айырмашылық жасайды: олар әрқашан біртекті кеңістіктік құрылым түзе бермейді. Локалитеттердің аралығында ажырау зоналары болады, олардың көлеміне қарап, аумақтың игерілу деңгейін көруге болады.
Әдетте бір локалитет бірнеше функцияны қатар атқарады, қызметі неғұрлым көп болса, соғұрлым тұрақты болады. Ал монофункциялы локалитеттер тұрақсыз және даму мүмкіндіктері аз болады. Бұл мәселе біздің еліміз үшін маңызы зор; кен – байтақ Қазақстан аумағында тұрғындардың жалпы саны 1,5млн адам болатын 27 моноқала бар деп есептелінеді. 2012 ж моноқалаларды дамытуға ел бюджетінен 20 млрд теңге қаржы бөлінді.
12. Халықты орналастыру сызбаларындағы ғылыми концепцияларға тоқталып өтіндер. Халықты орналастырудың негізгі заңдылқтары – экономиканың даму деңгеіне қарай халықты орналастыру. Осылай, индустриалдық қоғамға урбанизация процессі – қала халқының өсімі (ауыл тұрғындарының төмендеуіне байланысты), өндіргіш күштердің концентрациясы мен қалалардағы халық санынының негізігі күші, қала агломерациялары мен урбандаоған аудандардың құрылуысоның өзінде халқытың аумақтық шапшаңдылығы пайда болды.Халықтың орналасуы: шекаралас аудандарға шоғырлану. Сендер білетіндей халықтың орналасуы - кеңістіктегі халықтыңқоныстануы. Негізгі әсер етуші процесс - табиғат, тарихи-экономикалық жағдайы. Алғашында өмір сүруге қолайлы аудандарға қоныстану басталды. Техниканың дамуына сай және халықтың көбеюіне байланысты қолайсыз аудандарда біртіндеп игеріле бастады. Қазақстанда тарихи қалыптасқан екі қоныстану аймағы бар. Солтүстік және Оңтүстік Алтай тауының етегінде бірігіп негізгі қоныстану белдеуі болып есептелінеді. Негізгі белдеуі 1 / 3 аумақты және халықтың 90%-ын алып жатыр. Негізгі экономикалық дамыған аудандар да осы белдеуде орналасқан (солтүстік, оңтүстік). Бұл белдеуде басты үлкен қалалар ауыл шаруашылық жерлері және өңдеуші өнеркөсіптер орналасқан.
Қазақстанның ішкі аймақтары маусымдық, вахталық (ауыспалы күзет) және кішігірім жерлерге шоғырланып қоныстану басым. Ең ірі ресурстар осы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде салыстырмалы түрде табиғат жағдайының қолайсыздығынан өмір сүру қиын. Соңғы жылдары халық негізгі белдеуде жинақталуда.Бұл белдеуге ішкі және сыртқы көшіп келушілер де орналасуда. Болашақтағы агломерациялар негізгі белдеуде қалыптасады.Нәтижесінде барлық еңбек әлуетін мемлекетті модернизациялау бойынша жұмылдыруға мүмкіншілік жасайды.Ендігі жерде халықтың облыстар және ірі аудандар бойынша орналасуына көңіл бөлейік.Аймақтардағы халықтың орналасуы біркелкі емес. Оның өзі халықтың тығыздығымен де бірдей емес екендігін көрсетеді. Орташа тығыздық мемлекетімізде 6 адам/км²-нан келеді.Маңғыстау облысында 3 адамнан артық болса, Оңтүстік Қазақстан облысында 20 адамға жетеді.
13. Қоныстану тораптарының даму факторлары мен негізгі мәселелеріне сипаттама беріндер. Халықтың қоныстануы — халықтыңаумақ бойынша бөлінуі және қайта бөліну үдерісі мен оның нәтижесіндегі қоныстар желісі. Халықтың қоныстануы ұғымы халықтың орналасуын, елді мекендердің атқарымдық аумақтық өзара байланыстарын, халықтың көші-қонын (қоныс аударуын, маусымдық және қатынамалы көші-қонын) қамтиды. Халықтың қоныстануы — күрделі әлеуметтік-экономикалық үдеріс, сондықтан ол социологияның, демографияның, халық географиясының, этнографияның, қала құрылысының, басқа да ғылымдардың тақырыбы болып табылады. Әлеуметтану халықтың қоныстануын қоғамды ұйымдастырудың кеңістікті нысаны ретінде зерттейді. Демография халықтың тіршілік ету аумағы бойынша бөлінуі және қайта бөлінуі үдерісін зерделейді. География халықтың қоныстануын табиғат ортасымен ықпалдастықта қарастырады, халық бұл орайда қоныстардың белгілі бір экономикалық географиялық параметрлері бар желілерінің қалыптасуының аса маңызды факторы ретінде зерттеледі. Тарихи-географиялық көзқарас адамның қоныстарды игеру тарихын қадағалауға мүмкіндік береді. Халықтың қоныстануының халықтардың рухани және материалдық мәдениетінің қалыптасуына және бір-біріне дендеп енуіне ықпал етуін этнография зерделейді. Қала құрылысы тәсілі аумағы әр түрлі елді мекендердің орналасуын және өндіріс орындарына, көлік жолдарына, табиғат ортасына және бір-біріне қатынасы бойынша атқарымдық тұрпатын, халықтың елді мекендердің ішінде еңбек ететін жерлеріне, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына, демалыс аймақтарына және қала құрылысының басқа да элементтеріне қарай бөлінуін зерттеу кезінде қолданылады. Халықтың қоныстануының басты заңдылығы — қоныстану нысандарының экономиканың даму деңгейіне сай келуі. Алғашқы қауымдық қоғамға аумақтарға қоныс тебудің баяу жүруі тән. Бұл орайда қоғамның әрбір мүшесі үшін біршама көп жерді пайдалану қажет болды, мұның өзі өндіргіш күштердің төмен деңгейде дамуына сай келді. Осыған байланысты алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі Халықтың қоныстануы көбінесе көшпелі нысандардың басым болып келуімен сипатталады. Егіншілікке көшу нәтижесінде жер-жерге бекітілген қоныстардың желілері қалыптасты. Алғашқы мемл. құрылымдарда қоғамдық еңбек бөлінісінің дамып, тереңдеуіне байланысты қалалық қоныстардың желісі қалыптаса бастады. Халықтың көшіп-қонуының күшеюіне қарамастан бұл дәуірде Халықтың қоныстануы аумақтарда әркелкілі сипатта болды. Халық біршама жиі қоныстанған аймақтарға қарағанда тым сирек қоныстанған және қоныстанбаған ұлан-ғайыр кеңістіктер көп болды. Индустрияландыру қазіргі қоғамға Халықтың қоныстануының урбанизацияланған тұрпаты тән: өндіргіш күштер (соның ішінде халық та) бұған дейін болып көрмеген дәрежеде қалаларға шоғырланды, қала агломерациялары, урбанизацияланған аудандар қалыптасты, халықтың аумақтарда, тіпті ұлттық деңгейде ғана емес, еларалық деңгейде де көшіп-қонуы күрт көбейді; ауыл халқының үлесі төмендеді. Ел аумағында Халықтың қоныстануы үдерісінің дамуын айқындайтын факторлардың жиынтығы үлкен үш топқа бөлінеді. 1) Әлеуметтік-экономикалық факторлар: даму деңгейі және өткен кезеңдерде қалыптасқан экономика салаларының орналасуы, халық табысының деңгейіндегі аймақтық айырмашылықтар, күрделі жұмсалымдарды бөлу, көлікпен қамтамасыз ету, т.б. 2) Табиғат факторлары: климат, жер бедері, топырақ, басқа да табиғат ресурстары. Экономиканың даму деңгейі жоғары болған сайын табиғат факторларына тәуелділік те азаяды. Алайда олар Халықтың қоныстануында үлкен рөл атқара береді. 3) Демографиялық факторлар тобына ең алдымен миграц. үдерістердің аймақтық айырмашылықтары, сондай-ақ халықтың өсіп-өну үдерістерінің қарқындылығындағы айырмашылықтар жатады. Нақты өмір шындығында осы негізгі факторларды кешенді түрде алып қарағанда ғана Халықтың қоныстануының дамуы туралы жеткілікті дәрежеде толық түсінік алуға болады. Экономика құрылымындағы өзгерістерге байланысты Халықтың қоныстануының табиғат ресурстарына тәуелділігі азаяды.