
- •Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістеріне сиапттама беріндер
- •2. Халықты ұйымдастыру мен аудандық жоспарлау пәнінің негізгі зерттеу әдістеріне талдау жасандар
- •3. Аумақ - мемлекеттің негізгі даму факторы ретінде ұғымына сипаттама беріп талдау жасандар
- •4. Қр және дүние жүзі елдерінің табиғат жағдайы мен ресурсына сипаттама келтіріндер
- •5. Аудандастыру негізінде табиғат жағдайы мен адам қарым қатынасына салыстырмалы талдау жасандар
- •6. Негізгі демографиялық көрсеткіштер және халықтың құрылымы ұғымдарына тоқталып өтіңдер
- •7. Өндіргіш күштерді орналастыру мен халықтың оңтайлы қоныстануына талдау жасандар
- •8. Механикалық көші – қон: миграциялық баланс, ішкі және сыртқы миграция көрсеткіштерін сипаттандар.
- •9. Халықтың этникалық құрылымы, халық орналастырудағы этникалық процесстерге анықтама беріндер.
- •10. Қр тілдік және діндік құрамына сипаттама беріндер.
- •11. Халықты орналастыру негіздері. Геодемография. Локалитет және локалитет типтеріне анықтама беріндер.
- •14. Қр еңбек ресурсы және халықтың жұмыспен қамтылуы ұғымдарына талдау келтіріндер.
- •16. Шаруашылықтың дамуындағы негізгі перспективалары. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстары.
- •17. Қоғамның өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуы.
- •19. Қоршаған ортаны қорғау. Тарихи ескерткіштер және мәдениет.
- •20. Халықты орналастырудағы этносаяси кикілжіндер, жікжілдік.
- •21. Дүниежүзі және Қазақстан халықтарының орналасуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторлар
- •22. Дүниежүзі халықтарының серпіні. Өндірістік процесстерге әсерін тигізетін факторлар.
- •23. Халықтың туылуы, өлім жітімі, табиғи өсүі. Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенті
- •24. Адам нәсілдері, типтері, белгілері және географиялық орналасуы.
- •25. Этнография және этногеография негіздері.
- •26. Әлеуметтік құрылыс және әлеуметтік стратификация. Вебер және Маркс бойынша әлеуметтік стратификация. Қазіргі халықтар стратификациясына анықтама беріндер
- •27. Халықтың территориялық қозғалыс көрсеткіштері. Демографиялық саясат. «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдерін талдап өтіндер.
- •28. Халық тығыздығы. Қалалық мекеннің ерекшеліктері. Ауыл және қала мекенінің географиясына сипаттама келтіріндер.
- •29. Геоурбанистика ғылымы, әлем қалаларының типологиясы, мегаполис және агломерация ұғымдарына сипаттама беріндер.
- •31.Дүние жүзі елдерінің еңбек ресурстар балансының құрамын қарастырып талдау жасау
- •32. Ішкі және сыртқы миграция саны
- •34. Дүниежүзінің діндер географиясы
- •36 Дүниежүзі елдерінің халық тығыздығының көрсеткіштеріне талдау жасандар (Экстремум мемлекеттер)
- •37 Ауыл және қала мекенінің географиясы. Халықтардың ауданаралық қоныстану ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер.
- •38 Қр және тмд елдерінің өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуына сипаттама келтіріндер
- •39 Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлау негізінде туындайтын экологиялық мәселелерге анықтама беріндер
- •Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану индексі, 2012
- •Өзендердің ластану индексі, 2012
- •40 Облысішілік, аймақішілік, республика ішілік аймақтарды жоспарлау жобасын қарастырындар
- •46.Жұмыспен қамтамасыздандырудың негізгі мәселелеріне тоқталып өтіндер қр және дүние жүзі бойынша салыстырмалы анализ жасандар
- •47.Шаруашылықтың негізгі және қазіргі жағдайда даму бағыттарына тоқталып өтіндер (ауыл шаруашылығы мысалында)
- •48.Шаруашылық салалары және қоршаған орта қарым қатынасына сипаттама келтіріндер
- •49.Өндіргіш күштердің халық қоныстану аймақтарына әсері және ықпалын бағалап жазындар
- •52. Аймақты инженерлік қамтамасыздандырудың дайындық жұмыстарын жүргізуді сипаттандар
- •53. Тарихи ескерткіштер мен мәдени орталықтарды қарастырып, оларға сипаттама беріндер
- •54. Дүниежүзі халықтарының аймақ бойынша динамикалық сандық анализі. Берілген мәліметтер бойынша үлгі – сызба немесе график құрастырындар
- •55. Дүниежүзі агломерацияларының картосхемасын құрастырындар, транспорттық тораптар мысалында анықтама келтіріндер (Еуропа және Азияның ірі қалалары).
- •56.Халық санағы бойынша дүниежүзі елдерінің халқын есепке алу көрсеткіштеріне талдау жасандар (таңдау бойынша әлем елдері).
- •57.Екі елдің нәсілдік құрамына салыстырмалы талдау жасап Раса ұғымына сипаттама беріндер
- •58.Ақш, Жапония (не басқа ел) мысалында халықтарының аймақ ішілік орналасу ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер
- •59.Шетелдік Азия, Африка, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, снг елдерінің этникалық құрамын талқылап өтіндер
48.Шаруашылық салалары және қоршаған орта қарым қатынасына сипаттама келтіріндер
Шаруашылық саласы — дүние жүзі елдері ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы. Дүниежүзілік шаруашылық саласы сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалық келісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады.
Дүниежүзілік шаруашылық саласы негізінен, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ірі машиналық индустрияның, көліктің және әлемдік рыноктың дамуы нәтижесінде қалыптасты. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі саласы — өнеркәсіптердің Дүниежүзілік өнеркәсіпте 20 ғасырдың аяғында шамамен 350 миллионға жуық адам жұмыс істеді. Соңғы жүз жыл ішінде өнеркәсіп өндірісі 50 есе өсті, бұл өсімнің 3/4-і 20 ғасырдың 2-жартысына келеді. Пайда болу уақытына қарай өнеркәсіптің барлық салалары, әдетте, 3 топқа бөлінеді. Бірінші топқа “дәстүрлі” салалар: көмір, тау-кен өндірісі, металлургия, темір жол көлігі, кеме жасау, тоқыма өнеркәсібі; екінші топқа жаңа салалар: автомоб. жасау, алюминий қорыту, пластмасса, химиялық талшықтар өндірісі; үшінші топқа ғылыми-зерттеу жұмыстарын қажет ететін “жоғары технология” салалары: микроэлектроника, есептеуіш техника, робот жасау, информатика индустриясы, атом және аэроғарыш өндірісі, органикалық синтез химиясы, микробиология өнеркәсібі жатады. АҚШ-та, ГФР-де, Ұлыбританияда, Францияда өңдеуші өнеркәсіптің жалпы өнімінің 35 — 40%-і осы 3 топтағы салаларға келеді.
Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстары. Табиғат жағдайларын сипаттауда жергілікті феномендері ретінде жағымсыз және қауіпті табиғат жағдайлары ескеріледі. Оларға белгілі бір аумақтағы болуы мүмкін табиғи апаттар қаупі және жұқпалы індеттердің табиғи ошақтары туралы ақпарат жатады. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстарын шығу тегі бойынша 5 бөледі:
1) гидрометерологиялық
2) геологиялық – геоморфологиялық
3) күн - ғарыштық (магниттік дауылдар, меториттердің құлауы және т.б)
4) биогеохимиялық (топырақтың тұздануы, сортандану)
5) биологиялық (індеттерді қоздыратын жәндіктердің немесе ауыл шаруашылығына зиян келтіретін жануарлардың көбеюі)
Бұл аталған құбылыстардың кейбіреулері (жер сілкіну, сырғымалар, қар көшкіндері, опырылмалар, карст құламалары, дауылдар, цунами және т.б) жедел және қысқа мерзімдік сипат алады. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы дамып, ақыр соңында өте көп шығынға алып келетіндері (эрозия, су басу және т.б) де бар.
49.Өндіргіш күштердің халық қоныстану аймақтарына әсері және ықпалын бағалап жазындар
География ғылымдарының бүкіл жүйесі үшін қазіргі кезде басты зерттеу мәселесінің бірі құрамның аумақтық ұйымдасуы проблемасы болып табылады. Ресейлік географтардың жүйелі зерттеулері аумақтық ұйымдасуға қатысты мынадай түсініктерді анықтауға мүмкіндік берді:
Орналасу (жер бетінде обьектілер мен олардың жүйелерінің нүкте, сызық және ареалдар түрінде шоғырлануы);
Аумақтық айырмашылықтар (жер бетінің кеңістіктік, құрылымдық және басқа сандық – сапалық белгілері бойынша жіктелуі),
Кеңістіктік қатынастар (обьектілердің өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін анықтайтын орналасу реті);
Кеңістіктік көлдеңен байланыстар (обьектілердің өзара әрекеттесу мүмкіндігін анықтайтын орналасу реті);
Аумақтық жүйелер (өндірістік байланыстары бар. бірақ бір бірінен оқшау орналасқан біртекті лбьектілердің топтары);
Аумақтық кешендер (белгілі бір жерлерде бір бірімен «вертикалді» байланыстарымен бірікен әртекті обьектілердің үйлесуі);
Аумақтық құрылымдар (аумақтық жүйелердің немесе кешендердің өзара орналасуы мен жіктелі тәсілдерді бейнелеудің құрылымдары); Мысалы; халық қоныстануының аумақтық құрылымы немесе елдің экономикалық аудандары;
Кеңістіктік процесстер (жер бетіндегі көлдеңен бағытта дамитын кез келген салыстырмалы түрде тұрақты өзгерістер); Мысалы; қоныстану, орналасу, игерілу, шоғырлану, стратификация және т.б.
Кеңістіктік морфология (жекелеген обьектілердің, жүйелер мен кешендердің пішіні мен конфигурациялары), Мысалы; қалалардың, өнеркәсіптің орналасу үлгілері.
кеңістіктік басқару (аумақтық ұйымдасудың жоғарыда атлған аспектілерінің барлығына қатысты мақсаты, бағытталған шаралар қолданудың жиынтығы).
Қоғамның аумақтық ұйымдасуын зерттеу негізінде қазіргі заманғы қоғамдық географияды мұндай заңдылықтар анықталған:
Адамдардың тіршілік әрекетінің аумақтық жіктелуі. Адмадар шаруашылық әрекеті нәтижесінде табиғи ортамен өзара қатынастрға түседі және бұл қатынастар кеңістік бойынша жіктеледі.
Қоғам өмірінің аумақтық шоғырлануы және бытырауы. Қоғамдық өмірдің аумақтық шоғырлануы мен интеграциялануы әлеуметтік – экономикалық аудандардың, тораптардың , орталықтардың пайда болуынан қалалар саны мен елді мекен тұрғындарының артуынан, ішкі байланыстардың нығаюынан көрінде. Бұл процесс екінші бір жердегі бытырауымен қатар жүреді.
Аумақтық ұйымдасу формалары. Қоғамның дамуының әртүрлі кезеңдерінде аумақтық ұйымдасу формалары әркелкі болды. Қоғам дамуының технологиялық тарихын әдетте мынадай ірі кезеңдерге бөлінеді:
- аграрлыққа дейінгі
- аграрлық
- индустриялық
- постиндустриялық
Олардың әрқайсысына тән өзіндік технологиялық құрылымдар бар.
Аграрлыққа дейіңгі кезеңге экономиканың ресурс пайдаланушы типі (аңшылық, балық аулау, терімшілік) тән болды. Бұл экономика жыл сайын қалпына келетін ресурстарды пайдалану мен адамның бұлшық ет энергиясын қолдануға негізделеді, бұл кезеңде халық тығыздығы төмен болды ал тұрақты елді мекендер мен коммуникациялар мүлде болмады. Қоғамның аумақтық жіктелуі тек табиғат жағдайларының әркелкілігімен анықталады. Ақпарат жеткізу ауыекі сөйлесу деңгейінде болды.
Аграрлық революция кезеңде экономиканың алғашқы ресурс өндіруші типі қалыптасты. Оған табиғатты пайдаланудың аумақтық формасы тән болды, қоныстану орталықтанбаған сипат алды, халық жыртылған жерлерді көп аудандарға көбірек шоғырланды. Бастпақы көлік инфрақұрылымы қалыпстаса бастады, бұлшық ет энергиясы қатар жел, су энергиялары қолдыла бастады, жермен байланысты жұмыстарға негізделген аумақтық ұйымдасу пайда болды. Осы кезге өзіндік экономикалық орталықтар ретінде қалалар қалыптасты. Ақапараттық революция, жазудың пайда болуымен (Месопотамиядағы шумерлердің б.з.д 3250 жылғы саз тақталары), кітап басып шығарумен (15 ғасыр), алғашқы кітапханалардың құрылуымен, пошта, елшілік байланыстарының реттелуімен байланысты болды, яғни білім мен ақпарат жинақтаудың, алмасудың жаңа түрлері пайда болды. Көлік (мұхитта жүзуге мүмкіндік беретін кемелердің жасалынуы) және сауда (басқа дүние бөліктермен тауар алмасу мүмкіндіктері) революциялары мемлекеттер арасындағы өзара байланыстарды күшейтеді. Бұл экономика типі көптеген елдерде («аграрлық елдер») алі күнге дейін сақталып отыр.
Индустриялық кезеңге өнеркәсіп пен құрылыстың басымдылыққа ие болуы, яғни экономиканың екінші ресур пайдаланушы типінен қалыпстасуы тән болды. «Постиндустриялық даму» ұғымын ғылыми айналымға XXғ басында Азия елдерінің индустриялану кезеңіне дейіңгі дамуын зерттеген ғалым А.Кумарасвами енгізген болатын. Қазіргі мағынасында бұл термин XX ғасыр 50жылдарының соңына қарай қолданыла бастады. 1958 ж америкалық әлеуметтанушы Д, Рисман да бұл терминді қолданған болатын. Ал 1959 ж Гарвард университетінің профессоры Дэниел Белл Зальцбург қаласында халықаралық әлеуметтану семинарында жасаған баяндамасында технологияландыру әсерінен өнеркәсіп секторы өзінің жетекші маңызынан айырылып, ғылым негізгі өндіруші күшке айналатының, мұны постиндустриялық қоғам деп атауға болатының атап көрсетті.
Бұл экономика минералды шикізатты, энергиялық ресурстарды жаппай пайдалануға, бу энергиясын, іштен жанатын қозғалтқыштарды, электр энергиясын қолдануға, көлік инфрақұрылымының жасалуы мен байланыс құралдарын дамытуға негізделді. Осы кезде деректерді жеткізудің жүйелері (телеграф 1837ж, телефон 1875ж, радио 1895ж, кино 1895ж, теледидар 1926ж) жасалып, ақпарат жинақтау мен сақтаудың жаңа құрылымдары (аудио, видео дисктер) нақты обьектілерді көрсететін орындар (мұражай, зоопарктер, ботаникалық бақтар және т.б) пайда болды. Географиялық кеңістіктің шоғырлану және жіктелуі артқан сайын табиғатты пайдаланудың және қоғамның аумақтық ұйымдасуының аудандық және жергілікті формалары пайда болды. Адамзаттың басым бөлігі қазіргі кезде дәл осы кезеңге тән өмір салтымен өмір сүреді.
51.Аймақтарда тұрақты дамуды қамтамасыздандырудың түрлеріне (таңдау бойынша) анықтама беріндер
Аймақтардың тұрақты дамуы жалпы ел экономикасының тұрақты дамуының негізін құрайды. Сондықтан тиімді аймақтық саясат жүргізу елдің шаруашылық жүйесін басқарудың маңызды стратегиялық буыны болып табылады.Мемлекеттің аймақтық саясаты – елдің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси дамуын, кеңістіктік, аймақтық аспект бойынша басқару, мемлекет пен аймақтар арасындағы, сондай-ақ аймақтардың ӛзара қатынастарын кӛрсетуші іс-әрекеттер аясы. Аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін артыру арқалы, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуді ӛзінің басты
мақсаттары ретінде қарастырады. Нарықтық қатынастарды жетілдіруде аймақтық саясатта аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуының үйлесімділігі мен кешенділігі мәселесіне ерекше мән берілуде.
Егемендік алған бастапқы жылдарда елде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижелерін талдау аймақтардың экономикалық дамуындағы тұрақсыздықтың басымдылығын кӛрсетті.
Аймақтарда қалыптасқан жағдайға, негізінен ондағы әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әлеуеттерді ӛсіру жеткілікті болмағандығы және оларды пайдаланудың тӛмен деңгейде екендігі себеп болды.
Қоршаған ортада қалыптасқан ӛзгерістермен байланысты қоғамның қазіргі кезеңдегі даму тиімділігін анықтау критерийлеріне кӛзқарастардың ӛзгеруіне алып келді. Биосфераның нашарлауына ықпал кӛрсеткен, кеңінен қолдануда болған, экономикалық ӛсуге баламалы түрде тұрақты даму концепциясы қарастырылды. Тұрақты даму –бұл болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне қауіп тӛндірмей, қоғамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағатандыру мүмкіндігін беретін даму. Тұрақты даму стратегиясының мәні әлеуметтік-экономикалық және табиғи үрдістердің ӛзара қатынастарының үйлестірілуінде, себебі қоғамда басқада маңызды мәселелерді шешу қажеттілігі кезінде, экологиялық проблемаларға немқұрайлық таныту тәжірибеде жиі кездесетін жағдай. Аймақты дамытудың басты мақсаты – адамдардың лайықты ӛмір сүруі, ӛзін-ӛзі дамыта алатын, ӛзіне тән әлеуметтік-экологиялық-экономикалық аумақтық жүйені қалыптастыру, мәдени байлықтарды сақтап қалу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету және басқада шаруашылық қызметтерін дамыту негізінде тұрақты дамуға кӛшу болып табылады. Тұрақты даму мәселесіне қазіргі таңда ғылыми және қоғамдық ұйымдар тарапынан үлкен кӛңіл бӛлінуде. Бұл мәселелер қалалар мен елді мекендердің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан әр бір аймақ ӛзінің әлеуеттерін ұтымды пайдалана отырып, тиімді және үйлесімді дамуға бағытталған, ӛзіндік даму концепциясын әзірлеуі қажет. Аталған концепция қоныстандыру және ӛндірістік, энергетикалық, кӛліктік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды, қайта ӛңдеу кәсіпорындарын құру бойынша билік 4 органдарының ӛзара әрекеттінің оңтайлы жүйесін қалыптастырудың негізін құрайтын болады. Бүгінгі таңда экономикалық дамуды мықты ғылыми, инновациялық, ӛнеркәсіптік әлеует құру арқалы күшейту мүмкінігін дамыған елдер тәжірибесі дәлелдеп отыр. Әлемдік экономикада Қазақстанның да ӛзіндік орны айқындалып отыр. Егемендік алғанан кейінгі бастапқы кезеңдерде жалпы қоғамдағы сияқты аймақтарда да ғылыми- технологиялық әлеует әлсіреді, ғылымды қажетсінетін ӛндірістер дағдарысқа ұшырады, кәсіорындардың инновациялық белсенділігі тӛмендеп, ғылыми нәтижелерге сұраныс құлдырады. Сондықтанда бәсекелестікке қабылетті 50 елдің қатарына қосылу үшін, тұрақты экономикалықдамуды және экологиалық тиімді ӛндірісті қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустиалды-инновациалық даму Стратегиясы» қабылданды. Елбасының 2012 жылғы Жолдауында «Бұл бағдарлама экономиканы әртараптандырудың басты бағдары болып қалады» деп кӛрсетілген.Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды жасау –республиканың барлық аймақтарының жалпы міндеттері ретінде қарастырлады. Аймақтардың ерекшіліктерін және олардың табиғи-экономикалық, демографиялық,экологиялық жағдайларын әртарапты қатаң түрде есепке алу, тұрақты дамудың негізгі міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру мүмкіндігін береді.Әдетте, ―тұрақты даму‖ кең мағанада жалпы адамзаттық проблема ретінде қарастырылады оның шешімі кең кӛлемдегі қауымдастықты талап етеді, осы тұрғыдан алып қарағанда жеке дара алынған аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес.Дегенімен, әр бір аймақ ӛзінше ерекшеленеді, сондықтан олардың жүйеде алатын белгілі бір орны болады. Аймақтың тұрақты даму концепциясын дайындау кезінде, әлеуметтік кепілдіктерді сақтай отырып, шаруашылықтардың аумақтық ұйымдастыруын әзірлеу, табиғи және әлеуметтік ресурстарды бағалау, аймақтың даму басымдықтарын анықтау, тұрақты дамуға кол жеткізудің саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, ақпараттық механизмдерін, тиімді интеграциялық қатынастарды қалыптастыру ӛте маңызды мәселе болып табылады. Мұндай концепцияны әзірлеу, даму стратегиясы үшін дайындықтары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындарға ие аймақтарда біршама жеңіл шешімін табады. Аймақтар
ӛздерінің барлық әлеуетті мүмкіншіліктерін толығымен пайдалануы қажет. Аймақтарда қарастырылатын негізгі әлеуеттер:
ресурстық әлеует – аймақтың географиялық орны, табиғи және климаттық
жағдайының сипаттамасы, жер реурстары, аймақтың негізгі капиталы, еңбек ресурстары мен жоғары білікті жұмыс күші;
ӛмір сапасы әлеуеті – әлеуметтік қорғау деңгейі мен аймақтағы тұрғындар ӛмір сүру қауіпсіздік дәрежесі, аймақта жастардың ӛмір сүру келешегі, салауаты ӛмір сүру салтының қалыптасуы;
қаржылық әлеует – аймақтың бюджеттік мүмкіндіктері, банктік, қаржылық, сақтандыру мекемелерінің, инфрақұрылымның даму деңгейі;5
экологиялық әлеует – аймақтағы су ресурстарының сапасы, қоршаған ортаның жағдайы. Айта кететін жай, қоғамның дамуымен экологиялық тұрақтылық факторының маңызы арта түседі;
ұйымдастыру әлеуеті - аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылық, аймақтық және жергілікті басқару құрылымының тиімділігі, ақпараттандыру және электронды басқару принціптерін енгізу, аймақтық маркетингті пайдалану және т.б. Қарастырылған әлеуметтерді бағалау, оларды пайдалану тиімділігін арттыру мүмкіндігін береді және даму деңгейінің жоғарлауына ықпал етеді.
Аймақтың әлеуетін артыру, оның ұзақ мерзімдегі даму болашағын анықтайтын - табиғи, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, техникалық, институционалдық артықшылықтарын тиімді пайдалануына байланысты болады. Осы тұрғыдан әр бір аймақ ӛзінің жеке ―бастапқы капиталына‖ ие бола отырып тұрақты дамудың белгілі бір үлгісін құруы мүмкін.
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету барысында, орындалатын жергілікті іс-әрекеттер жоспарларының негізі болып, аумақтың ұзақ мерзімді дамуына қызығушылық танытушы жергілікті органдарға, бизнеске, азаматтық секторға құқықтық жағдайлар жасалуы және оларды ынталандыруды қарастыру қажет. Қазіргі кезде аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайды және халықтың ӛмір сүру, еңбек ету жағдайларын жақсартуы аймақтар дамуының жалпы мақсаты болып, оған қол жеткізу мемлекеттік және жеке секторлардың бірлескен шараларына, техникалық ынтымақтастық саласындағы қызметтерге негізделген болуы тиіс. Сонымен қатар бұл мәселелер бойынша шешімдер қабылдау үрдісінде әр түрлі ұжымдық топтардың қатысу-да ескерілуі қажет. Осындай кӛзқарастар тұрақты даму бойынша ұлттық стратегия принциптерінің негізін құраушы ретінде қарастырылады. Бұл стратегияда келесідей бағдарламалы бағыттар қарастырылуы мүмкін: қоршаған ортаны қорғаудың кешенді инфрақұрылымын жаратуға жәрдемдесу; елді мекендерді басқаруды жетілдіру; елді мекендерде сенімді энергетикалық және кӛліктік жүйелерді жасауға жәрдемдесу; елді мекендердің дамуы үшін әлеуеттерді жарату және адамдық ресурстарды дамытуға жәрдемдесу; құрлыс секторының тұрақты қызмет етуіне кӛмек кӛрсету.
Елді мекендердегі экологиялық қауіпсіз инфрақұрылымды қалыптастыруға кешенді кӛзқарас тұрақты дамуға үлкен үлес қосады. Бұның нәтижесінде адамдардың ӛмір сүру сапасы жоғарылайды, еңбек ӛнімділігі артады, адамдардың ден-саулығы нығайып, емделу және кедейшілікпен байланысты шығындар азаяды. Аймақтың тұрақты даму үлгісіне ӛту үшін қажетті нормативті-құқықтық және әдістемелік қамтамасыздандыруды қалыптастыру қажет. Тұрақты дамудың қанатқақты жобаларын жасау үшін тӛмендегілер қажет болады:
Әлеуметтік-экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау бойынша әрекеттегі заңнамалық актілерді талдау, жасау және түзету енгізу;
Субъектілерге тұрақты даму жүйесін қалыптастыруда ғылыми-әдісемелік кӛмек кӛрсету;
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін қажетті нормативті-әдістемелік базаны әзірлеу;
Жаңа экономикалық жағдайда жұмыс істеу үшін кадрлар дайындауды қамтамасыз ету.
Қорыта айтқанда, тұрақты дамуға кӛшу қазіргі кезеңнің объективті талабы, ол ұлттық экономиканың даму переспективасын белгілеп береді. Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын аймақтар дамуының деңгейі мен қарқыны толығымен айқындайды.