
- •Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістеріне сиапттама беріндер
- •2. Халықты ұйымдастыру мен аудандық жоспарлау пәнінің негізгі зерттеу әдістеріне талдау жасандар
- •3. Аумақ - мемлекеттің негізгі даму факторы ретінде ұғымына сипаттама беріп талдау жасандар
- •4. Қр және дүние жүзі елдерінің табиғат жағдайы мен ресурсына сипаттама келтіріндер
- •5. Аудандастыру негізінде табиғат жағдайы мен адам қарым қатынасына салыстырмалы талдау жасандар
- •6. Негізгі демографиялық көрсеткіштер және халықтың құрылымы ұғымдарына тоқталып өтіңдер
- •7. Өндіргіш күштерді орналастыру мен халықтың оңтайлы қоныстануына талдау жасандар
- •8. Механикалық көші – қон: миграциялық баланс, ішкі және сыртқы миграция көрсеткіштерін сипаттандар.
- •9. Халықтың этникалық құрылымы, халық орналастырудағы этникалық процесстерге анықтама беріндер.
- •10. Қр тілдік және діндік құрамына сипаттама беріндер.
- •11. Халықты орналастыру негіздері. Геодемография. Локалитет және локалитет типтеріне анықтама беріндер.
- •14. Қр еңбек ресурсы және халықтың жұмыспен қамтылуы ұғымдарына талдау келтіріндер.
- •16. Шаруашылықтың дамуындағы негізгі перспективалары. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстары.
- •17. Қоғамның өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуы.
- •19. Қоршаған ортаны қорғау. Тарихи ескерткіштер және мәдениет.
- •20. Халықты орналастырудағы этносаяси кикілжіндер, жікжілдік.
- •21. Дүниежүзі және Қазақстан халықтарының орналасуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторлар
- •22. Дүниежүзі халықтарының серпіні. Өндірістік процесстерге әсерін тигізетін факторлар.
- •23. Халықтың туылуы, өлім жітімі, табиғи өсүі. Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенті
- •24. Адам нәсілдері, типтері, белгілері және географиялық орналасуы.
- •25. Этнография және этногеография негіздері.
- •26. Әлеуметтік құрылыс және әлеуметтік стратификация. Вебер және Маркс бойынша әлеуметтік стратификация. Қазіргі халықтар стратификациясына анықтама беріндер
- •27. Халықтың территориялық қозғалыс көрсеткіштері. Демографиялық саясат. «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдерін талдап өтіндер.
- •28. Халық тығыздығы. Қалалық мекеннің ерекшеліктері. Ауыл және қала мекенінің географиясына сипаттама келтіріндер.
- •29. Геоурбанистика ғылымы, әлем қалаларының типологиясы, мегаполис және агломерация ұғымдарына сипаттама беріндер.
- •31.Дүние жүзі елдерінің еңбек ресурстар балансының құрамын қарастырып талдау жасау
- •32. Ішкі және сыртқы миграция саны
- •34. Дүниежүзінің діндер географиясы
- •36 Дүниежүзі елдерінің халық тығыздығының көрсеткіштеріне талдау жасандар (Экстремум мемлекеттер)
- •37 Ауыл және қала мекенінің географиясы. Халықтардың ауданаралық қоныстану ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер.
- •38 Қр және тмд елдерінің өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуына сипаттама келтіріндер
- •39 Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлау негізінде туындайтын экологиялық мәселелерге анықтама беріндер
- •Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану индексі, 2012
- •Өзендердің ластану индексі, 2012
- •40 Облысішілік, аймақішілік, республика ішілік аймақтарды жоспарлау жобасын қарастырындар
- •46.Жұмыспен қамтамасыздандырудың негізгі мәселелеріне тоқталып өтіндер қр және дүние жүзі бойынша салыстырмалы анализ жасандар
- •47.Шаруашылықтың негізгі және қазіргі жағдайда даму бағыттарына тоқталып өтіндер (ауыл шаруашылығы мысалында)
- •48.Шаруашылық салалары және қоршаған орта қарым қатынасына сипаттама келтіріндер
- •49.Өндіргіш күштердің халық қоныстану аймақтарына әсері және ықпалын бағалап жазындар
- •52. Аймақты инженерлік қамтамасыздандырудың дайындық жұмыстарын жүргізуді сипаттандар
- •53. Тарихи ескерткіштер мен мәдени орталықтарды қарастырып, оларға сипаттама беріндер
- •54. Дүниежүзі халықтарының аймақ бойынша динамикалық сандық анализі. Берілген мәліметтер бойынша үлгі – сызба немесе график құрастырындар
- •55. Дүниежүзі агломерацияларының картосхемасын құрастырындар, транспорттық тораптар мысалында анықтама келтіріндер (Еуропа және Азияның ірі қалалары).
- •56.Халық санағы бойынша дүниежүзі елдерінің халқын есепке алу көрсеткіштеріне талдау жасандар (таңдау бойынша әлем елдері).
- •57.Екі елдің нәсілдік құрамына салыстырмалы талдау жасап Раса ұғымына сипаттама беріндер
- •58.Ақш, Жапония (не басқа ел) мысалында халықтарының аймақ ішілік орналасу ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер
- •59.Шетелдік Азия, Африка, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, снг елдерінің этникалық құрамын талқылап өтіндер
3. Аумақ - мемлекеттің негізгі даму факторы ретінде ұғымына сипаттама беріп талдау жасандар
Мемлекеттік аумақ – жер шарының белгілі-бір мемлекеттің иелігіндегі бөлігі. Мемлекеттік шекараны білдіретін меже ішіндегі әуе кеңістігі мен жер қойнауы, су түбі де сол мемлекеттің аумағына кіреді. Осы кеңістікке тұтастай мемлекеттің билігі жүреді, оған өзге күштердің рұқсатсыз кіруіне мемлекет тыйым салып, өзге мемлекеттерден қорғайды. Сондай-ақ мемлекеттік аумақ - мемлекеттің бес белгісінің бірі, яғни мемлекет болуы үшін оның тәуелсіздігі, билеуші органдары мен әскері, алым- салық жүйесі, құқық жүйесі, сондай-ақ өз аумағы болуы керек. Халықаралық құқық бойынша өзге мемлекет аумағына ешбір мемлекеттің қол сұғуға хақысы жоқ. Мемлекеттер арасындағы соғыс та, негізінен, осы жер үшін таластан туындайды. Сол себепті өз аумағын қорғау - кез келген мемлекеттің басты міндеті. ҚР Конституциясына сәйкес, Қазақстан аумағын қорғау - Республиканың әрбір азаматының қасиетті борышы әрі парызы.
Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиеттері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен — орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.
Тиісті аумақта орналастырылған нысанның орналасу факторы болған ресурс. Ол сол аймақтың даму факторы болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл осы аумақтың құзырлы құрылымының дамуына (немесе өзгеруіне) әсер ететін таксонның ішкі ресурсы.
Аумақ факторы. Аумақ – қоғамның географиялық ортасының маңызды элементтерінің бірі. Әдетте, оның көлемі неғұрлым үлкен болса, табиғат байлықтары да соғұрлым бай және алуан түрлі, халық пен өндірісті орналастыру үшін түрлі нұсқалар да соғұрлым көп.
Бұның бәрінен бұрын Ресейге, Канадаға, Бразилияға, Аустралияға, АҚШ-қа, Қытайға, Үндістанға, Қазақстанға қатысы бар. Бұл алып елдер әдетте жеке ірі бөліктерге: экономикалық зоналарға, макроаймақтарға, аймақтарға бөлінеді.
Аумақ көлемінің үлкендігі белгілі-бір мөлшерде адамның психологиясына әсер ететіндігі туралы белгілі. Соның бірі Қазақстан Республикасының әнұранында «Ұрпаққа жол ашқан, кең байтақ жерім бар» деген сөздер.
Салыстырмалы түрде шағын аумақты елдерде алысқа тасымалдау онша қиын мәселе туғызбайды, өзінің аумақтық құрылымының «жетілуіне» тезірек жетеді, экономикалық интеграция үшін қолайлы алғышарттары мол болады. Екінші жағынан олардың көпшілігі енді аумақтың «тапшылығын» сезіне бастады. Кейде шаруашылықтың аумақтық құрылымына аумағының пішіні, оның тұтастық дәрежесі де айтарлықтай әсер етеді.
4. Қр және дүние жүзі елдерінің табиғат жағдайы мен ресурсына сипаттама келтіріндер
Табиғат жағдайлары деп табиғи орта құрам бөліктерінің немесе жергілікті табиғаттың өзіндік жай-күйінің негізгі ерекшеліктерін бейнелейтін аумақтың басты табиғи сипаттамаларының жиынтығын атайды.
Табиғат жағдайы сипаттайтын маңызды құрам бөліктерге жер бедері мен геологиялық орта, беткі және жер асты сулары, топырақ және биота жатады. Осы құрам бөліктерді жеке сипаттап, олардың өзіндік жиынтығын бағалау негізінде ландшафт ортасын бағалау жүзеге асырылады. Жергілікті жердің табиғат жағдайларының өзіндік сипаты оның белгілі бір табиғат зонасында орналасуымен, онда табиғи ландшафтылардың өзіндік үйлесімінің болуымен анықталады.
Табиғи жағдайлар тұрғын халықтың өмірінің барлық жақтарына: өмір салтына, тұрмысы мен демалысына, денсаулығына, шаруашылық мамандануына және бейімделу мүмкіндіктеріне әсер етеді. Табиғат жағдайларын баға берудің жиынтығы олардың адам үшін жайлылық деңгейімен анықталады. Оны анықтау үшін жалпы саны 30-ға жуық көрсеткіштер пайдаланылады: климаттық кезеңдердің (жыл мезгілдері) ұзақтығы, температуралардың контрастылығы, ылғалдылық, жел режимі, жұқпалы індеттердің ошақтарының болуы және т.б.
Табиғи ресурстар дегеніміз – адам мен қоғамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық өнідіріс барысында пайдаланылатын табиғи денелер мен күштердің жиынтығы. Оларды басқару саласында мынадай негізгі топтарға ажыратады:
Жаратылысы бойынша: минералды немесе қазба ресурстар және биосфера ресурстары (жер, су және биологиялық);
Сарқылу деңгейіне қарай: 1) сарқылатын, соның ішінде қалпына келетін (жер, су, биологиялық) және қалпына келмейтін (минералды) ресурстар; 2) сарқылмайтын (күн энергиясы, ағын су энергиясы);
Пайдалану тәсіліне қарай: материалдық өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.б) және өндірістік емес саланың (рекреациялық, туристік) ресурстары.
Осы ресурстарымен қамтамасыз етілуін аумақтың табиғи – ресурстық әлеуетін анықтайды. Аумақтың, халықтың табиғи – ресурстық әлеуеті дегеніміз – шаруашлықты пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғат ресурстарының жиынтығы, оның шартты мөлшері ретінде аумақтағы жекелеген ресурс түрлерінің әлеуеті жинақталған күйде алынады.
Кез келген аумақтың табиғат ресурстарын бағалаудың әртүрлі әдістемелері бар. Солардың арасында ресейлік географ А.Ю Скопин ұсынған 5 баллдық жүйені қарастырайық. Мұнда:
0 балл – ресурс мүлде жоқ;
1 балл – ресурстың тек жергілікті маңызы бар;
2 балл – ресурстың аймақтық маңызы бар;
3 балл – ресурстың ұлттық (мемлекеттік) маңызы бар;
4 балл – ресурстың халықаралық маңызы бар.
Ресурстар арасында ең алдымен бағаланатынның бірі – минералдық ресурстар. Минералды ресурстарды кейде пайдалы қазбалар деп атайды. Оларды отын – энергетикалық (мұнай, көмір, табиғи газ, уран кендері, жанғыш тақтатас, торф), кенді (қара және түсті металлдар, сирек және бағалы металлдар), химиялық шикізат (фосфориттер, алатиттер, калий және басқа тұздар), табиғи құрылыс материалдары мен кенсіз пайдалы қазбалар (әктас, әшекей, техникалық, асыл тастар және т.б) деп бөледі.
Қазақстанның табиғи – ресурстық әлеуетін анықтауда ең алдымен Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы бар екендігі аталады. Олардың 70-нің қорлары анықталған, 60-тан астамы өндірісте пайдалануда. Қазіргі кезде 1225 минералды шикізат түрін өндіретін 493 кен орны белгілі.
Экономикалық тиімділігі бойынша көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш, хромит, алтын, марганец, уран қорларының маңызы зор. Мысалы, Қазақстанда барланған уран қоры әлемдік қордың 21% - ын (1,69 млн т) құрайды, ол Аустралиядан кейінгі 2 орын алғанымен, 2009 жылдан бастап, бұрын 1-ші орын алып келген Канададан озды (13,5 мың т). 2010 ж еліміз 17,8 мың тонна уран өндіреді. Ал сирек кездесетін металлдар (барлығы 17) қоры 30-дан астам кен орындарында анықталды. 2010 ж Қазақстанның сирек металлдар экспорты жалпы 13,8млн долларды құрады.
Әлемдегі ең қымбат металл – калифорний (Cf), 1 грамы 6,5 млн доллар. Оның табиғаттағы қоры шамамен 5 г болуы мүмкін, бірақ оның изотопын қазіргі кезде жасанды жолмен өндіреді: плутонийді (Pu) ядролық реакторда нейтрондармен ұзақ уақыт бойы сәулелендіру арқылы алуға болады. Калифорний алғаш рет 1950ж Калифорния универстиетінде жасанды жолмен алған, ол қатерлі ісіктерді сәулелендіруге қолданылады. Екінші орында осмий металының изотопы – осмий-18. Оны әлемдік нарыққа шығаратын бірден бір ел Қазақстан болып табылады. Бағасы 1 грамм – 200мың доллар.
Жер ресурстары – шаруашылық мақсатта пайдаланылатын немесе пайдалануға жарамды, табиғи қасиеттері бойынша айырмашылық жасайтын жерлер. Жер шарындағы жер ресурстардың қоры мен құрылымы алуан түрлі болады, осы ретте «тиімді аумақ» деген ұғым пайдаланылады, бұл шаруашылық игеруге қолайлы аумақты қамтиды. Әлемдегі тиімді аумағы ең көп елдер:
Бразилия – 8,1млн км² (8,5млн км²)
АҚШ – 7,9 млн км² (9,4 млн км²)
Қытай – 6,0 млн км ² (9,6 млн км²)
Ресей – 5,5 млн км² (17,1 млн км²)
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің деректері бойынша, еліміздің жер қоры 272,5 млн.га, жан басына шаққанда – 16,5 га. Жер қорының көпшілік бөлігі (81,6%) ауыл шаруашылық алқаптары, оның көпшілігі жайылым.
Әлемде ең бағалы жер санатына өңделетін жерлер жатады, олардың үлесі дүние жүзі жер қорының 11%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш шетелдің Еуропада 27%, Оңтүстік Америкада – 8%. Қазақстанда шамамен 8%. Дүние жүзі бойынша жайылымдар үлесі 23% болса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 69%.