
- •Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістеріне сиапттама беріндер
- •2. Халықты ұйымдастыру мен аудандық жоспарлау пәнінің негізгі зерттеу әдістеріне талдау жасандар
- •3. Аумақ - мемлекеттің негізгі даму факторы ретінде ұғымына сипаттама беріп талдау жасандар
- •4. Қр және дүние жүзі елдерінің табиғат жағдайы мен ресурсына сипаттама келтіріндер
- •5. Аудандастыру негізінде табиғат жағдайы мен адам қарым қатынасына салыстырмалы талдау жасандар
- •6. Негізгі демографиялық көрсеткіштер және халықтың құрылымы ұғымдарына тоқталып өтіңдер
- •7. Өндіргіш күштерді орналастыру мен халықтың оңтайлы қоныстануына талдау жасандар
- •8. Механикалық көші – қон: миграциялық баланс, ішкі және сыртқы миграция көрсеткіштерін сипаттандар.
- •9. Халықтың этникалық құрылымы, халық орналастырудағы этникалық процесстерге анықтама беріндер.
- •10. Қр тілдік және діндік құрамына сипаттама беріндер.
- •11. Халықты орналастыру негіздері. Геодемография. Локалитет және локалитет типтеріне анықтама беріндер.
- •14. Қр еңбек ресурсы және халықтың жұмыспен қамтылуы ұғымдарына талдау келтіріндер.
- •16. Шаруашылықтың дамуындағы негізгі перспективалары. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстары.
- •17. Қоғамның өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуы.
- •19. Қоршаған ортаны қорғау. Тарихи ескерткіштер және мәдениет.
- •20. Халықты орналастырудағы этносаяси кикілжіндер, жікжілдік.
- •21. Дүниежүзі және Қазақстан халықтарының орналасуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторлар
- •22. Дүниежүзі халықтарының серпіні. Өндірістік процесстерге әсерін тигізетін факторлар.
- •23. Халықтың туылуы, өлім жітімі, табиғи өсүі. Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенті
- •24. Адам нәсілдері, типтері, белгілері және географиялық орналасуы.
- •25. Этнография және этногеография негіздері.
- •26. Әлеуметтік құрылыс және әлеуметтік стратификация. Вебер және Маркс бойынша әлеуметтік стратификация. Қазіргі халықтар стратификациясына анықтама беріндер
- •27. Халықтың территориялық қозғалыс көрсеткіштері. Демографиялық саясат. «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдерін талдап өтіндер.
- •28. Халық тығыздығы. Қалалық мекеннің ерекшеліктері. Ауыл және қала мекенінің географиясына сипаттама келтіріндер.
- •29. Геоурбанистика ғылымы, әлем қалаларының типологиясы, мегаполис және агломерация ұғымдарына сипаттама беріндер.
- •31.Дүние жүзі елдерінің еңбек ресурстар балансының құрамын қарастырып талдау жасау
- •32. Ішкі және сыртқы миграция саны
- •34. Дүниежүзінің діндер географиясы
- •36 Дүниежүзі елдерінің халық тығыздығының көрсеткіштеріне талдау жасандар (Экстремум мемлекеттер)
- •37 Ауыл және қала мекенінің географиясы. Халықтардың ауданаралық қоныстану ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер.
- •38 Қр және тмд елдерінің өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуына сипаттама келтіріндер
- •39 Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлау негізінде туындайтын экологиялық мәселелерге анықтама беріндер
- •Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану индексі, 2012
- •Өзендердің ластану индексі, 2012
- •40 Облысішілік, аймақішілік, республика ішілік аймақтарды жоспарлау жобасын қарастырындар
- •46.Жұмыспен қамтамасыздандырудың негізгі мәселелеріне тоқталып өтіндер қр және дүние жүзі бойынша салыстырмалы анализ жасандар
- •47.Шаруашылықтың негізгі және қазіргі жағдайда даму бағыттарына тоқталып өтіндер (ауыл шаруашылығы мысалында)
- •48.Шаруашылық салалары және қоршаған орта қарым қатынасына сипаттама келтіріндер
- •49.Өндіргіш күштердің халық қоныстану аймақтарына әсері және ықпалын бағалап жазындар
- •52. Аймақты инженерлік қамтамасыздандырудың дайындық жұмыстарын жүргізуді сипаттандар
- •53. Тарихи ескерткіштер мен мәдени орталықтарды қарастырып, оларға сипаттама беріндер
- •54. Дүниежүзі халықтарының аймақ бойынша динамикалық сандық анализі. Берілген мәліметтер бойынша үлгі – сызба немесе график құрастырындар
- •55. Дүниежүзі агломерацияларының картосхемасын құрастырындар, транспорттық тораптар мысалында анықтама келтіріндер (Еуропа және Азияның ірі қалалары).
- •56.Халық санағы бойынша дүниежүзі елдерінің халқын есепке алу көрсеткіштеріне талдау жасандар (таңдау бойынша әлем елдері).
- •57.Екі елдің нәсілдік құрамына салыстырмалы талдау жасап Раса ұғымына сипаттама беріндер
- •58.Ақш, Жапония (не басқа ел) мысалында халықтарының аймақ ішілік орналасу ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер
- •59.Шетелдік Азия, Африка, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, снг елдерінің этникалық құрамын талқылап өтіндер
47.Шаруашылықтың негізгі және қазіргі жағдайда даму бағыттарына тоқталып өтіндер (ауыл шаруашылығы мысалында)
Ауыл шаруашылығы - шаруашылықтың ежелгі әрі кең тараған саласы. Дүние жүзінде ауыл шаруашылығымен және оған шектес орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналысатын салаларда 1,1 миллиард адам еңбек етеді. Ауыл шаруашылығының барлық жерде таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Олар үлкен екі топқа біріктіріледі. Біріншісі — дамыған тауарлы ауыл шаруашылығы. Оған ауыспалы егістігі бар интенсивті егіншілік, мал азығын дайындау қоса жүргізілетін интенсивті мал шаруашылығы, сондай-ақ, тыңайған жері және жайылымдық мал шаруашылығы бар экстенсивті егіншілік жатады. Екіншісі — дәстүрлі тұтынушы ауыл шаруашылығы. Ол артта қалған соқалы-теселі егіншілікті, жайылымдық мал шаруашылығын, көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруді, сондай-ақ, бұдан да қарапайым терімшілікті, аңшылық пен балық аулауды қамтиды. Ауыл шаруашылығының басты саласы — өсімдік шаруашылығы. Оның ішінде дәнді дақылдар — дүниежүзілік ауыл шаруашылының негізі, дүние жүзінде өңделетін бүкіл жер аумағының 50%-інен астамын қамтиды. Дәнді дақылдардың дүниежүз. өндірісі бірте-бірте өсіп келеді. Жылына 1,9 миллиард. тоннаға дейін астық жиналады. Дәнді дақылдар, яғни астық шаруашылығын құрайтын үш дақыл — бидай, күріш және жүгері жалпы түсімнің 80%-ін береді және адамдардың бүкіл тамақ энергиясының 50%-ке жуығын қамтамасыз етеді. Бидай — дәнді дақылдардың ең негізгісі және дүние жүзіндегі адам баласының жартысының басты азығы. Ол 70-ке тарта елде өсіріледі. Бірақ жалпы өнімнің басым бөлігі (миллион тонна есебімен): АҚШ (75), Канада (30), Австралия (16), Ресей (45), Қазақстан (17), Украина (20), Қытай (95), Үндістан (50), Франция (32) елдерінің үлесіне тиеді. Күріш — адамзат баласының бидайдан кейінгі негізгі тағамы. 20 ғасырдың аяғында күріш өсірумен жүзге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік түсімінің 90%-ін Азияның “күрішті” елдері береді. Ірі күріш өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Қытай (180), Үндістан (110), Бангладеш (20), Таиланд (21), Индонезия (45). Дүние жүзіндегі суармалы жерлердің 60 — 65%-іне күріш егіледі. Жүгері өндіру Мексикада басталып, кейін дүние жүзінің басқа аудандарына да тарады. Қазіргі кезде жүгеріні негізгі өндіруші елдер — АҚШ, Қытай және Бразилия. Әлемдік рынокқа дүние жүзінде өндірілетін астықтың, негізінен, бидай мен жүгерінің 10 — 15%-і түседі.
Майлы дақылдар астық дақылдарынан кейінгі 2-орында. Дүние жүзінде соя жинаудан 1-орынды АҚШ (50%-тен астамы), жер жаңғағы жөнінен — Үндістан, зәйтүннен — Италия алады. Дүние жүзінде жыл сайын 100 миллион тоннадан астам қант өндіріледі. Оның 60%-і қант құрағынан (Бразилия, Үндістан, Қытай, Куба), 40%-і қант қызылшасынан алынады. Қант құрағы Америкада, тропиктік және субтропиктік аудандарда көп өсіріледі. Қант қызылшасы — қоңыржай белдеудің дақылы. Оның басты өндірушілері — Ресей, Украина, Бат. Еуропа мен Солт. Америка елдері. Сергітпе дақылдардың (шай, кофе және какао) барлығы дерлік тропиктік елдерде өсіріледі. Өсімдік шаруашылығындағы талшықты дақылдардың ең маңыздысы — мақта. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі — 20 миллион тонна Егісінің аумағы және жинау жөнінен мақта өсірудің негізгі ауданы — Азия. Басқа талшықтардан — зығырдың, әсіресе, сизаль мен джуттың таралу ареалы анағұрлым шектелген. Дүние жүзі бойынша зығыр өндірудің 75%-і Ресей мен Беларуське, джут өндіруден Бангладешке тиеді. Табиғи каучуктің 85%-і — Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, әсіресе, Малайзия, Индонезия және Таиландта өндіріледі. Ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі — мал шаруашылығы. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдердің негізгі бөлігін қоңыржай белдеудің елдері береді. Дүние жүзінде мал басының жалпы саны 4 миллардтан асады. Балық аулау адамзаттың ең ежелгі кәсіптерінің бірі. Қазіргі кезде ол — кемінде 15 миллион адамның күнкөрісін қамтамасыз етіп отыр. Дүние жүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 миллион тоннадан алады (2000). Оның шамамен 90%-ін теңіздер мен мұхиттардан, 10%-ін тұщы судан ауланатын балық құрайды. Балық аулау барлық жерде таралғанымен, бүкіл дүние жүзінде ауланатын балықтың 50%-тен астамы 6 елдің — Жапонияның, Қытайдың, Ресейдің, АҚШ-тың, Чили мен Перудің үлесіне тиеді.