
- •Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістеріне сиапттама беріндер
- •2. Халықты ұйымдастыру мен аудандық жоспарлау пәнінің негізгі зерттеу әдістеріне талдау жасандар
- •3. Аумақ - мемлекеттің негізгі даму факторы ретінде ұғымына сипаттама беріп талдау жасандар
- •4. Қр және дүние жүзі елдерінің табиғат жағдайы мен ресурсына сипаттама келтіріндер
- •5. Аудандастыру негізінде табиғат жағдайы мен адам қарым қатынасына салыстырмалы талдау жасандар
- •6. Негізгі демографиялық көрсеткіштер және халықтың құрылымы ұғымдарына тоқталып өтіңдер
- •7. Өндіргіш күштерді орналастыру мен халықтың оңтайлы қоныстануына талдау жасандар
- •8. Механикалық көші – қон: миграциялық баланс, ішкі және сыртқы миграция көрсеткіштерін сипаттандар.
- •9. Халықтың этникалық құрылымы, халық орналастырудағы этникалық процесстерге анықтама беріндер.
- •10. Қр тілдік және діндік құрамына сипаттама беріндер.
- •11. Халықты орналастыру негіздері. Геодемография. Локалитет және локалитет типтеріне анықтама беріндер.
- •14. Қр еңбек ресурсы және халықтың жұмыспен қамтылуы ұғымдарына талдау келтіріндер.
- •16. Шаруашылықтың дамуындағы негізгі перспективалары. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстары.
- •17. Қоғамның өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуы.
- •19. Қоршаған ортаны қорғау. Тарихи ескерткіштер және мәдениет.
- •20. Халықты орналастырудағы этносаяси кикілжіндер, жікжілдік.
- •21. Дүниежүзі және Қазақстан халықтарының орналасуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторлар
- •22. Дүниежүзі халықтарының серпіні. Өндірістік процесстерге әсерін тигізетін факторлар.
- •23. Халықтың туылуы, өлім жітімі, табиғи өсүі. Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенті
- •24. Адам нәсілдері, типтері, белгілері және географиялық орналасуы.
- •25. Этнография және этногеография негіздері.
- •26. Әлеуметтік құрылыс және әлеуметтік стратификация. Вебер және Маркс бойынша әлеуметтік стратификация. Қазіргі халықтар стратификациясына анықтама беріндер
- •27. Халықтың территориялық қозғалыс көрсеткіштері. Демографиялық саясат. «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдерін талдап өтіндер.
- •28. Халық тығыздығы. Қалалық мекеннің ерекшеліктері. Ауыл және қала мекенінің географиясына сипаттама келтіріндер.
- •29. Геоурбанистика ғылымы, әлем қалаларының типологиясы, мегаполис және агломерация ұғымдарына сипаттама беріндер.
- •31.Дүние жүзі елдерінің еңбек ресурстар балансының құрамын қарастырып талдау жасау
- •32. Ішкі және сыртқы миграция саны
- •34. Дүниежүзінің діндер географиясы
- •36 Дүниежүзі елдерінің халық тығыздығының көрсеткіштеріне талдау жасандар (Экстремум мемлекеттер)
- •37 Ауыл және қала мекенінің географиясы. Халықтардың ауданаралық қоныстану ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер.
- •38 Қр және тмд елдерінің өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуына сипаттама келтіріндер
- •39 Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлау негізінде туындайтын экологиялық мәселелерге анықтама беріндер
- •Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану индексі, 2012
- •Өзендердің ластану индексі, 2012
- •40 Облысішілік, аймақішілік, республика ішілік аймақтарды жоспарлау жобасын қарастырындар
- •46.Жұмыспен қамтамасыздандырудың негізгі мәселелеріне тоқталып өтіндер қр және дүние жүзі бойынша салыстырмалы анализ жасандар
- •47.Шаруашылықтың негізгі және қазіргі жағдайда даму бағыттарына тоқталып өтіндер (ауыл шаруашылығы мысалында)
- •48.Шаруашылық салалары және қоршаған орта қарым қатынасына сипаттама келтіріндер
- •49.Өндіргіш күштердің халық қоныстану аймақтарына әсері және ықпалын бағалап жазындар
- •52. Аймақты инженерлік қамтамасыздандырудың дайындық жұмыстарын жүргізуді сипаттандар
- •53. Тарихи ескерткіштер мен мәдени орталықтарды қарастырып, оларға сипаттама беріндер
- •54. Дүниежүзі халықтарының аймақ бойынша динамикалық сандық анализі. Берілген мәліметтер бойынша үлгі – сызба немесе график құрастырындар
- •55. Дүниежүзі агломерацияларының картосхемасын құрастырындар, транспорттық тораптар мысалында анықтама келтіріндер (Еуропа және Азияның ірі қалалары).
- •56.Халық санағы бойынша дүниежүзі елдерінің халқын есепке алу көрсеткіштеріне талдау жасандар (таңдау бойынша әлем елдері).
- •57.Екі елдің нәсілдік құрамына салыстырмалы талдау жасап Раса ұғымына сипаттама беріндер
- •58.Ақш, Жапония (не басқа ел) мысалында халықтарының аймақ ішілік орналасу ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер
- •59.Шетелдік Азия, Африка, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, снг елдерінің этникалық құрамын талқылап өтіндер
37 Ауыл және қала мекенінің географиясы. Халықтардың ауданаралық қоныстану ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер.
Қазіргі уақытта әлем халқының орналасуын қалалық және ауылдық деп бөледі.
1.Ауылдық қоныстанудың екі түрі бар,олар:
-топтаса немесе ауылдана қоныстану (Орталық және Оңтүстік Еуропаға, Ресейге, Жапонияға және дамушы елдердің көбіне тән).
-шашырай немесе ферма түрінде қоныстану (АҚШ, Канада, Австралия, Солтүстік Еуропа елдеріне тән).
2.Агломерация -бұл қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақта ықшам топтаса орналасып, әр түрлі де, күрделі қарқынды байланыстармен бірігуі.
Қазіргі уақытта әлемде халықтың қоныстануында қалалардың саны көбейіп, олардың іріленуі байқалуда немесе урбанизациялану үрдісі қарқындай түсуде.Мысалы, 20 ғасырда қала халқының үлесі 14%-дан 45 %-ға артты, ал ауыл тұрғындары 86%-дан 55 %-ға төмендеді.
Қала халқы: қала — агломерация — мегаполис. Кез келген мемлекеттің даму барысында шешуші рөлді қалалар атқарады. Әсіресе ірі қалалар. Қалаларда адамдар көп шоғырланып, өте мықты экономикалық және интеллектуалды әлуетті қалыптастырады. Бұл процесс қалалардың өсуіне және ауыл шаруашылығының дамуына себебін тигізеді. Өнеркөсіп, ғылым, білімнің өркендеуі ірі қалалардың экономикалық есуінің діңгегіне айналды. Қалалар және оларды қосатын жолдар аумақтың сүйенетін қаңқасы тәрізді. Ірі қалалар - адамның шығармашылық әлуетін дамытуға мүмкіншілік береді. Қалалықтар қызмет түрінің көптеген түрлерін пайдаланып, жайлы қоныстанған және мәдениеттілігі жоғары болып келеді. Сондықтан болар, дүние жүзінің барлық елдеріне тән үрдіс - адамдардың қалаға жылжуы.
Қалалардың қалыптасуын және дамуын урбандалу деп атаймыз (лат. urbanus - қалалық).
1) қаланың және халқының өсуі;
2) қалалық тіршіліктің өркендеуі;
3) орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.
Қалалық орналасудың тарихи қалыптасқан 3 формасы бар. Қала, қалалық агломерация және мегаполис.
Ауылдық халықтың орналасуы. Ауыл халқының негізгі тыныс-тіршілігі егін егу және мал бағу. Сондықтан да олар осы ресурстарға тәуелді орналасқан. Ауылдар егін аймақтарынан және жайылымнан алшақтамау үшін кішігірім мекендер болып келеді. Олардың үлкендігі және тығыздығы орналасқан жерінің өнімділігіне де байланысты. Ауылдардың басым кепшілігі — ауыл шаруашылығына негізделген. Бірақ көптеген ауылдарда өндіріс орындары - сүт, қант, балық, ет және кекеніс консервілеу зауыттары бар. Сонымен бірге кейбір ауылдар - темір жол стансасы, курорт, орман шаруашылығы, қорықтар маңында да пайда болған. Ауылдық елді мекендер кебінесе табиғи жағдайларға байланысты, әсіресе аймақ ерекшелігіне қарай орналасқан.
Геурбанистика ғылымы. Геоурбанистика – қалалардың қызмет етуі және дамуымен байланысты проблемаларды кешенді түрде талдап,мзерттейтін география саласы. Қалалардың өсуі нәтижесінде оның маңындағы елді мекендері де дамиды; үлкен қала осы серіктес қалалар енетін агломерацияның орталығына айналады. Ірі қалалардың маңының жылдам өсіп өркендеуін субурбандалу деп атайды. Біртіндеп қалалық өмір салтының оның маңындағы елді мекендерге таралуын рурбандалу деп атайды. Бұл құбылыс әсіресе табиғат ресурстарын пайдаланумен тығыз байланысты. Еуропадағы алғашқы агломерациялар пайдалы қазбалары игеріліп жатқан аудандарда қалыптастқан.
Халықтың орналасуы: шекаралас аудандарға шоғырлану. Сендер білетіндей халықтың орналасуы - кеңістіктегі халықтың қоныстануы. Негізгі әсер етуші процесс - табиғат, тарихи-экономикалық жағдайы. Алғашында өмір сүруге қолайлы аудандарға қоныстану басталды. Техниканың дамуына сай және халықтың көбеюіне байланысты қолайсыз аудандарда біртіндеп игеріле бастады. Қазақстанда тарихи қалыптасқан екі қоныстану аймағы бар. Солтүстік және Оңтүстік Алтай тауының етегінде бірігіп негізгі қоныстану белдеуі болып есептелінеді. Негізгі белдеуі 1 / 3 аумақты және халықтың 90%-ын алып жатыр. Негізгі экономикалық дамыған аудандар да осы белдеуде орналасқан (солтүстік, оңтүстік). Бұл белдеуде басты үлкен қалалар ауыл шаруашылық жерлері және өңдеуші өнеркөсіптер орналасқан. Қазақстанның ішкі аймақтары маусымдық, вахталық (ауыспалы күзет) және кішігірім жерлерге шоғырланып қоныстану басым. Ең ірі ресурстар осы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде салыстырмалы түрде табиғат жағдайының қолайсыздығынан өмір сүру қиын. Соңғы жылдары халық негізгі белдеуде жинақталуда. Бұл белдеуге ішкі және сыртқы көшіп келушілер де орналасуда. Болашақтағы агломерациялар негізгі белдеуде қалыптасады. Нәтижесінде барлық еңбек әлуетін мемлекетті модернизациялау бойынша жұмылдыруға мүмкіншілік жасайды. Ендігі жерде халықтың облыстар және ірі аудандар бойынша орналасуына көңіл бөлейік. Аймақтардағы халықтың орналасуы біркелкі емес. Оның өзі халықтың тығыздығымен де бірдей емес екендігін көрсетеді. Орташа тығыздық мемлекетімізде 6 адам/км²-нан келеді. Маңғыстау облысында 3 адамнан артық болса, Оңтүстік Қазақстан облысында 20 адамға жетеді.
Мегалаполис- жақын орналасқан ірі қалалық агломерациялардың даму барысында бірігіп, жоғары урбанизацияланған, жолақ пішінді кеңістіктік құрылым.
Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М.Шоқайдың шет ел баспасөзінде, М.Тынышбаевтың 1924 ж. «Сана» журналының 2–3-сандарында жарияланған деректерін, т.б. статистикалық еңбектерді атауға болады. Республикада бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М.Б.Тәтімов, Ұ.М.Ысқақов, Ә.Б.Ғали, М.Сембин, Е.Мұсабеков, С.Қарасаев, А.Елемесова, Н.Ермекова, А.Әлжанова, т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді.