- •Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістеріне сиапттама беріндер
- •2. Халықты ұйымдастыру мен аудандық жоспарлау пәнінің негізгі зерттеу әдістеріне талдау жасандар
- •3. Аумақ - мемлекеттің негізгі даму факторы ретінде ұғымына сипаттама беріп талдау жасандар
- •4. Қр және дүние жүзі елдерінің табиғат жағдайы мен ресурсына сипаттама келтіріндер
- •5. Аудандастыру негізінде табиғат жағдайы мен адам қарым қатынасына салыстырмалы талдау жасандар
- •6. Негізгі демографиялық көрсеткіштер және халықтың құрылымы ұғымдарына тоқталып өтіңдер
- •7. Өндіргіш күштерді орналастыру мен халықтың оңтайлы қоныстануына талдау жасандар
- •8. Механикалық көші – қон: миграциялық баланс, ішкі және сыртқы миграция көрсеткіштерін сипаттандар.
- •9. Халықтың этникалық құрылымы, халық орналастырудағы этникалық процесстерге анықтама беріндер.
- •10. Қр тілдік және діндік құрамына сипаттама беріндер.
- •11. Халықты орналастыру негіздері. Геодемография. Локалитет және локалитет типтеріне анықтама беріндер.
- •14. Қр еңбек ресурсы және халықтың жұмыспен қамтылуы ұғымдарына талдау келтіріндер.
- •16. Шаруашылықтың дамуындағы негізгі перспективалары. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстары.
- •17. Қоғамның өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуы.
- •19. Қоршаған ортаны қорғау. Тарихи ескерткіштер және мәдениет.
- •20. Халықты орналастырудағы этносаяси кикілжіндер, жікжілдік.
- •21. Дүниежүзі және Қазақстан халықтарының орналасуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторлар
- •22. Дүниежүзі халықтарының серпіні. Өндірістік процесстерге әсерін тигізетін факторлар.
- •23. Халықтың туылуы, өлім жітімі, табиғи өсүі. Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенті
- •24. Адам нәсілдері, типтері, белгілері және географиялық орналасуы.
- •25. Этнография және этногеография негіздері.
- •26. Әлеуметтік құрылыс және әлеуметтік стратификация. Вебер және Маркс бойынша әлеуметтік стратификация. Қазіргі халықтар стратификациясына анықтама беріндер
- •27. Халықтың территориялық қозғалыс көрсеткіштері. Демографиялық саясат. «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдерін талдап өтіндер.
- •28. Халық тығыздығы. Қалалық мекеннің ерекшеліктері. Ауыл және қала мекенінің географиясына сипаттама келтіріндер.
- •29. Геоурбанистика ғылымы, әлем қалаларының типологиясы, мегаполис және агломерация ұғымдарына сипаттама беріндер.
- •31.Дүние жүзі елдерінің еңбек ресурстар балансының құрамын қарастырып талдау жасау
- •32. Ішкі және сыртқы миграция саны
- •34. Дүниежүзінің діндер географиясы
- •36 Дүниежүзі елдерінің халық тығыздығының көрсеткіштеріне талдау жасандар (Экстремум мемлекеттер)
- •37 Ауыл және қала мекенінің географиясы. Халықтардың ауданаралық қоныстану ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер.
- •38 Қр және тмд елдерінің өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуына сипаттама келтіріндер
- •39 Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлау негізінде туындайтын экологиялық мәселелерге анықтама беріндер
- •Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану индексі, 2012
- •Өзендердің ластану индексі, 2012
- •40 Облысішілік, аймақішілік, республика ішілік аймақтарды жоспарлау жобасын қарастырындар
- •46.Жұмыспен қамтамасыздандырудың негізгі мәселелеріне тоқталып өтіндер қр және дүние жүзі бойынша салыстырмалы анализ жасандар
- •47.Шаруашылықтың негізгі және қазіргі жағдайда даму бағыттарына тоқталып өтіндер (ауыл шаруашылығы мысалында)
- •48.Шаруашылық салалары және қоршаған орта қарым қатынасына сипаттама келтіріндер
- •49.Өндіргіш күштердің халық қоныстану аймақтарына әсері және ықпалын бағалап жазындар
- •52. Аймақты инженерлік қамтамасыздандырудың дайындық жұмыстарын жүргізуді сипаттандар
- •53. Тарихи ескерткіштер мен мәдени орталықтарды қарастырып, оларға сипаттама беріндер
- •54. Дүниежүзі халықтарының аймақ бойынша динамикалық сандық анализі. Берілген мәліметтер бойынша үлгі – сызба немесе график құрастырындар
- •55. Дүниежүзі агломерацияларының картосхемасын құрастырындар, транспорттық тораптар мысалында анықтама келтіріндер (Еуропа және Азияның ірі қалалары).
- •56.Халық санағы бойынша дүниежүзі елдерінің халқын есепке алу көрсеткіштеріне талдау жасандар (таңдау бойынша әлем елдері).
- •57.Екі елдің нәсілдік құрамына салыстырмалы талдау жасап Раса ұғымына сипаттама беріндер
- •58.Ақш, Жапония (не басқа ел) мысалында халықтарының аймақ ішілік орналасу ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер
- •59.Шетелдік Азия, Африка, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, снг елдерінің этникалық құрамын талқылап өтіндер
36 Дүниежүзі елдерінің халық тығыздығының көрсеткіштеріне талдау жасандар (Экстремум мемлекеттер)
Халықтың орналасуы мен тығыздығына табиғат жағдайлары, тарихи-демографиялық және өндіргіш күштер факторлары өте үлкен ықпал етеді. Дүние жүзінде халық әркелкі орналасқан.Шығыс жарты шарда халықтың 85%-ы, ал батыс жарты шарда 15%. Жалпы халықтың 80%-ы теңіз деңгейінен 500 м-ден аспайтын өңірлерін мекендейді.Дүние жүзі халқының орташа тығыздығы 1км2-ге 45 адамнан келеді. Сонымен қатар халықтың орналасуы мен тығыздығына, оның саны мен құрамына көші-қон үлкен әсерін тигізеді.
Қоныстану тығыздығы– халықтың белгілі бір аумақта қоныстану деңгейі, аумақ өлшеміне (әдетте 1 километр квадрат) шаққандағы тұрғылықты халық саны. Өндіріс орындарының ашылуы, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы, кен байлықтарының табылуы, т.б. факторлар халықтың аумақта әркелкі орналасуына, қоныстану тығыздығына әсер етеді.
2003 жылы дүние жүзінде адам мекендейтін құрлықтағы орташа тығыздық 1 километр квадрат аумаққа шаққанда 35 адамнан келді. Ең жоғары тығыздық Бангладеш мемлекетінде. Мұнда 1 километр квадрат аумаққа 800-ге жуық адам қоныстанған. Ал Еуразия және Америка құрлықтарының бірқатар шөлді далаларында, биік таулы аймақтарында халық сирек қоныстанған. Онда 1 километр квадрат аумаққа 1 адамнан келеді. Қазақстанның өндірісі өркендеген қалаларында, маңызы жөнінен қалаға жақын кенттерде, халық біршама тығыз орналасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағындағы өзен аңғарларында суармалы егін шаруашылығымен айналысатын өңірлерде қоныстану тығыздығы 50 – 100 адамнан келеді. Батыс Қазақстан өңірінде халық сирек қоныстанған. Мыс, Маңғыстау облысында 1 километр квадратқа аумақта 2,1, Ақтөбе облысында – 2,4, Атырау облысында – 3,8 адамнан келеді. Қазақстанда халық тығыз қоныстанған қалалар: Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Астана.
Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды.
Қазіргі дүниеде халық саны 100 млн адамнан асатын 11 мемлекетті бөліп қарайды, халық саны ең аз мемлекеттерге Ватикан, Монако, Сан – Марино т.б жатады.
Халық саны жөнінен экстремум - мемлекеттер, 2011ж
№ |
Халық саны ең көп мемлекеттер |
Халық саны, млн адам |
Халық саны ең аз мемлекеттер |
Халық саны, мың адам |
1 |
Қытай |
1.339 |
Ватикан |
1,0 |
2 |
Үндістан |
1.184 |
Тувалу |
12,4 |
3 |
АҚШ |
309,6 |
Науру |
14,0 |
4 |
Индонезия |
243,0 |
Палау |
20,8 |
5 |
Бразилия |
196,8 |
Сан - Марино |
30,3 |
6 |
Пәкстан |
185,5 |
Монако |
33,0 |
7 |
Бангладеш |
156,1 |
Лихтенштейн |
34,8 |
8 |
Нигерия |
152,2 |
Сент – Китс және Невис |
40,1 |
9 |
Ресей |
141,0 |
Маршалл Аралдары |
64,5 |
10 |
Жапония |
126,8 |
Доминика |
72,7 |
«Демографиялық дағдарыс» - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, мемлекеттің демографиялық саясаты т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 - 22) бірінші Демографиялық дағдарысқа ұшырады. Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы жылдарында шаруашылықтың күйзеліске, халықтың ашаршылыққа душар болуынан елдегі халықтың 19% - і (яғни 950 мың қазақ) оапт болды. Сонымен қатар, шет елдерге (Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия) 400 мың халық біржола қоныс аударды. Екінші Демографиялық дағдарыс 1931-32 ж басталды. 1932 жылғы ашаршылықтың кесірінен 2 млн 300 мың адам өлді. Осы кезде 900 мың қазақ жан сақтау үшін шет аймаққа көшті. Ал 2 – дүниежүзілік соғыста 600 мыңдай қазақ шығын болды. Сөйтіп үш рет соққан Демографиялық дағдарыстың салдарынан Қазақстаннан біржолата көшіп кеткендерді қоса есептегенде, қазақ халқы 4,5 млн адамға кеміген. Демографтардың топшылауы бойынша, егер мұндай Демографиялық дағдарыс болмаса, қазақ халқының саны бұл күнде 25 млн-ға жеткен болар еді.
«Демографиялық жарылыс» кезеңінде өлімнің азаюы тууыдың азаюынан асып түсіп жатады да, ал халың санының қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық жағдайларға тәуелсіз түрде – ақ жедел өсуіне алып келеді. Дүние жүзіндегі халық санының өте тез өсуі 20 ғасырдың 2 жартысынан басталады. Мыс, жер шары халқының жыл сайынғы абсолют өсуі 20 ғасырдың басында 40-50 млн-ға ғасырдың соңында 90 млн адамға жетті. Дүние жүзінің түрлі аймақтарында халық санының өсуі әр түрлі. Қазіргі кезде Демографиялық дүмпуді басынан өткеріп отырған елдерде бүкіл планета халқының ¾ бөлігі тұрады. Оның ішінде Азияның хылқы жыл сайын шамамен 55 млн адамға, Африканың халқы 20 млн адамға, Латын Америкасында 10 млн – нан астам адамға өсіп отырады. Демографиялық дүмпудің әсері Қазақстанда да қарқынды сипат алды. Әсіресе 20 ғасырдың 2-жартысында халық саны тез өсті. Нәтижесінде, халық саны 9,3 млн –нан астам (1959) 16,5 млн-ға (2009) дейін ұлғайды.
