
- •Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістеріне сиапттама беріндер
- •2. Халықты ұйымдастыру мен аудандық жоспарлау пәнінің негізгі зерттеу әдістеріне талдау жасандар
- •3. Аумақ - мемлекеттің негізгі даму факторы ретінде ұғымына сипаттама беріп талдау жасандар
- •4. Қр және дүние жүзі елдерінің табиғат жағдайы мен ресурсына сипаттама келтіріндер
- •5. Аудандастыру негізінде табиғат жағдайы мен адам қарым қатынасына салыстырмалы талдау жасандар
- •6. Негізгі демографиялық көрсеткіштер және халықтың құрылымы ұғымдарына тоқталып өтіңдер
- •7. Өндіргіш күштерді орналастыру мен халықтың оңтайлы қоныстануына талдау жасандар
- •8. Механикалық көші – қон: миграциялық баланс, ішкі және сыртқы миграция көрсеткіштерін сипаттандар.
- •9. Халықтың этникалық құрылымы, халық орналастырудағы этникалық процесстерге анықтама беріндер.
- •10. Қр тілдік және діндік құрамына сипаттама беріндер.
- •11. Халықты орналастыру негіздері. Геодемография. Локалитет және локалитет типтеріне анықтама беріндер.
- •14. Қр еңбек ресурсы және халықтың жұмыспен қамтылуы ұғымдарына талдау келтіріндер.
- •16. Шаруашылықтың дамуындағы негізгі перспективалары. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстары.
- •17. Қоғамның өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуы.
- •19. Қоршаған ортаны қорғау. Тарихи ескерткіштер және мәдениет.
- •20. Халықты орналастырудағы этносаяси кикілжіндер, жікжілдік.
- •21. Дүниежүзі және Қазақстан халықтарының орналасуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторлар
- •22. Дүниежүзі халықтарының серпіні. Өндірістік процесстерге әсерін тигізетін факторлар.
- •23. Халықтың туылуы, өлім жітімі, табиғи өсүі. Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенті
- •24. Адам нәсілдері, типтері, белгілері және географиялық орналасуы.
- •25. Этнография және этногеография негіздері.
- •26. Әлеуметтік құрылыс және әлеуметтік стратификация. Вебер және Маркс бойынша әлеуметтік стратификация. Қазіргі халықтар стратификациясына анықтама беріндер
- •27. Халықтың территориялық қозғалыс көрсеткіштері. Демографиялық саясат. «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдерін талдап өтіндер.
- •28. Халық тығыздығы. Қалалық мекеннің ерекшеліктері. Ауыл және қала мекенінің географиясына сипаттама келтіріндер.
- •29. Геоурбанистика ғылымы, әлем қалаларының типологиясы, мегаполис және агломерация ұғымдарына сипаттама беріндер.
- •31.Дүние жүзі елдерінің еңбек ресурстар балансының құрамын қарастырып талдау жасау
- •32. Ішкі және сыртқы миграция саны
- •34. Дүниежүзінің діндер географиясы
- •36 Дүниежүзі елдерінің халық тығыздығының көрсеткіштеріне талдау жасандар (Экстремум мемлекеттер)
- •37 Ауыл және қала мекенінің географиясы. Халықтардың ауданаралық қоныстану ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер.
- •38 Қр және тмд елдерінің өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуына сипаттама келтіріндер
- •39 Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлау негізінде туындайтын экологиялық мәселелерге анықтама беріндер
- •Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану индексі, 2012
- •Өзендердің ластану индексі, 2012
- •40 Облысішілік, аймақішілік, республика ішілік аймақтарды жоспарлау жобасын қарастырындар
- •46.Жұмыспен қамтамасыздандырудың негізгі мәселелеріне тоқталып өтіндер қр және дүние жүзі бойынша салыстырмалы анализ жасандар
- •47.Шаруашылықтың негізгі және қазіргі жағдайда даму бағыттарына тоқталып өтіндер (ауыл шаруашылығы мысалында)
- •48.Шаруашылық салалары және қоршаған орта қарым қатынасына сипаттама келтіріндер
- •49.Өндіргіш күштердің халық қоныстану аймақтарына әсері және ықпалын бағалап жазындар
- •52. Аймақты инженерлік қамтамасыздандырудың дайындық жұмыстарын жүргізуді сипаттандар
- •53. Тарихи ескерткіштер мен мәдени орталықтарды қарастырып, оларға сипаттама беріндер
- •54. Дүниежүзі халықтарының аймақ бойынша динамикалық сандық анализі. Берілген мәліметтер бойынша үлгі – сызба немесе график құрастырындар
- •55. Дүниежүзі агломерацияларының картосхемасын құрастырындар, транспорттық тораптар мысалында анықтама келтіріндер (Еуропа және Азияның ірі қалалары).
- •56.Халық санағы бойынша дүниежүзі елдерінің халқын есепке алу көрсеткіштеріне талдау жасандар (таңдау бойынша әлем елдері).
- •57.Екі елдің нәсілдік құрамына салыстырмалы талдау жасап Раса ұғымына сипаттама беріндер
- •58.Ақш, Жапония (не басқа ел) мысалында халықтарының аймақ ішілік орналасу ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер
- •59.Шетелдік Азия, Африка, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, снг елдерінің этникалық құрамын талқылап өтіндер
29. Геоурбанистика ғылымы, әлем қалаларының типологиясы, мегаполис және агломерация ұғымдарына сипаттама беріндер.
Геурбанистика ғылымы. Геоурбанистика – қалалардың қызмет етуі және дамуымен байланысты проблемаларды кешенді түрде талдап,мзерттейтін география саласы. Қалалардың өсуі нәтижесінде оның маңындағы елді мекендері де дамиды; үлкен қала осы серіктес қалалар енетін агломерацияның орталығына айналады. Ірі қалалардың маңының жылдам өсіп өркендеуін субурбандалу деп атайды. Біртіндеп қалалық өмір салтының оның маңындағы елді мекендерге таралуын рурбандалу деп атайды. Бұл құбылыс әсіресе табиғат ресурстарын пайдаланумен тығыз байланысты. Еуропадағы алғашқы агломерациялар пайдалы қазбалары игеріліп жатқан аудандарда қалыптастқан.
Қазіргі кезеңде көптеген агломерациялар әлемдік қалалар болып табылады. Қазіргі заманғы әлемдік қала ұғымы әлемдік экономиканың маңызды бөлігі болып табылатын, қаржы – басқару, іскерлік, қызметтеріне маманданған және ақпаратты «өндірумен» айналыстын, бірнеше миллион тұрғындары бар алып қалаларға қатысты қолданылады. Әлемдік қалалардың рейтингтері олардың белгілі бір саладағы маңызына қатысты да құрастырылады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша, рейтингте 9 көрсеткіш ескерілді (1 кесте).
Мысалы, Мұмбай (1995 ж дейін Бомбей деп аталған) халық тығыздығы жөнінен әлемде 1 – орын алады (1км² - 21 665 адам). Ал Дубайдағы шетелдіктер үлесі 73%-ды құрайды. Әлемдегі еі қымбат қала мәртебесіне 2012 ж Цюрих ие болды. Метросы арқылы ең көп жолаушы тасымалдайтын қала Токио (жылына 3 млрд 174 млн адам). Ал метрополитен ұзындығы жөнінен әлемде Шанхай 1-ші орын алады (420 км). Әуе тасымалы жөнінен әлемде Атланта қаласы 1-ші орын алады, мұндағы Хартсфилд әуежайы арқылы 2011 ж 92,4 млн жолаушы тасылған. Миллиардерлер саны бойынша 2012 ж Мәскеу қаласы 1 орнын сақтап қалды: мұнда 78 миллиардерлер тұрады (1210 миллиардер бар). Қазақстанға бұл тізімге 2012 ж 5 адам енді.
Агломерация, елді мекендер агломерациясы – экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты елді мекендердің (әсіресе қалалардың) шағын аумаққа топтануы, шоғырлануы. Урбандалу процестерінің бірі және негізінен индустралдықаймақтарға ғана тән құбылыс. Агломерация көбінесе жеке ірі қаланың (ядроның) төңірегінде қалыптасады; кейде бірнеше ядролы Агломерация да болады.Агломерация өнеркәсіп өндірісі мен еңбек ресурсының аумақтық шоғырлануын сипаттайды, яғни мұнда өнеркәсіп, инфрақұрылым, ғылым және білім беру ісінің салалары қатар дамиды, соған байланысты халық тығыз қоныстанады. Агломерация өзінің төңірегіндегі аймақтың экономикалық және әлеуметтік жағынан өркендеуіне үлкен ықпалын тигізеді.
31.Дүние жүзі елдерінің еңбек ресурстар балансының құрамын қарастырып талдау жасау
Еңбек ресурстары-еңбек іс-әрекеті үшін қажетті физикалықжағынан дамыған және денсаулығы бар мемлекет халқының бөлігі. Еңбек ресурсын есептеуде ең бірінші жас ерекшелігіне көңіл бөлінеді.
Бірінші компонент- жасы 15-ке жеткен жасөспірімдер. (Еңбек кодексі бойынша ата-анасы рұқсат берген жағдайда) олардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.Сонымен бірге олар еңбекке кабілетті жас кезеңінің алдында тұр.
Екінші компонент - еңбекке жарамды жас кезеңіндегі еңбекке қабілетті адамдар. Еңбек ресурсының ең саны көбі де осы Қазақстандағы еңбекке жарамды жас, оның төменгі шекарасы 16 жас, ал жоғарғы деңгейі, жасына қарай зейнетке шығу (ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 58 жас) жасы. Олай болса еңбекке жарамды жас ерлер арасында 16-63, әйелдер арасында 16-57. Бұл жастағы кейбір адамдар жұмысқа жарамсыз (ауруына байланысты және мүгедектер). Олар еңбек ресурсы қатарына жатқызылмайды.
Үшінші компонент - жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер. Еңбек ресурсы - ұдайы қозғалыста болғандықтан оның мөлшері халықтың жас ерекшелігіне және жұмыс істейтін зейнеткерлерге байланысты.
Негізгі еңбек ресутарының құрамына еңбекке жарамды жастағы халықты, өндірістен қол үзіп білім алушылар және әскерге алынғандар кіреді, тек мүгедектер мен жеңілдігі бар зейнеткерлер саналмайды.
Қосымша еңбек ресурстарына жұмыс істейтін жасөспірімдер (14-16жас) мен жұмыс істейтін зейнеткерлер жатады.
Еңбекке жарамды жас шегі әр мемлекеттің заңымен қабылданады.
Жұмысшылар мен жұмыссыздар бірігіп экономикалық белсенді халық деп аталады (ЭБХ). Экономикалық еңбекке қабілетсіз халық саны салыстырмалы түрде өте аз.
Экономикалық белсенді халық өзінің жұмыс күшін жұмысқа арнайды. Жұмыс күшіне деген сұранысты - жұмыс берушілер - кәсіпкерлер мен мемлекет анықтайды. Жұмыс күшіне деген сұранысты қалыптастыру мен ұсынысты еңбек нарығы деп атайды. Егерде жұмыс орны мен (сұраныс) жұмысшылар саны (ұсыныс) бірдей болса жұмыс нарығында тепе-теңдік қалыптасады, яғни экономикалық белсенді халық толығымен жұмыспен қамтамасыз етіледі. Егерде сұраныс ұсыныстан артық болса жұмыс күші жетіспейтін жағдай туындайды. Керісінше жағдайда, сұраныс ұсыныстан кем болса, жұмыссыздык, пайда болады. Қазақстанның еңбек нарығындағы ұсыныс - 8 , 5 млн экономикалық белсенді халық. Бұл дегеніміз қомақты жөне сапалы жұмыс күші.
Оның 2/3 бөлігі нағыз жұмысқа жарамды жаста (25-49 жас аралығы), жартысынан астамы жоғары білімді жөне арнайы мамандығы бар адамдар. Жартысынан астамы ер адамдар. Жұмыс күшіне деген сұранысты Қазақстан экономикасының тірегі, ірі жөне орташа кәсіпорындар орындайды. Оларда 3,5 млн жұмыс орны бар. Қалған 5 млн экономикалық белсенді халық жұмыссыз қалған сияқты. Бірақ нарықтық экономика - экономикалық, еңбек етуге бостандық берілген (заңға қайшы келмесе кез келген жұмыс түрімен шұғылдануға болады). Нәтижесінде адамдарда алға ұмтылыс, кәсіпкерлік нышандары қалыптасады. Бұрынғы кеңестік өкіметтегі жоспарлы экономикадағыдай емес жұмыстың басқа түрлері, әсіресе орта жөне кіші кәсіпкерліктер қалыптасады. Бұл салада 2 млн адам жұмыс істейді (жеке кәсіпкерлер, фермерлер, кіші кәсіпорын жұмысшылары).
Мемлекетіміз қоғамның дамуына, оның баюына мүмкіншілік беру үшін кіші және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. Еңбекші халықтың көп бөлігі - өзіне жұмыс істейтін жеке жұмысшылар. Мұндай жұмыс ұдайы пайда әкелмейді. Бірақ тұрмыс тіршілігіне байланысты әр түрлі іспен шұғылдануына тура келеді. Қазақстан нарығындағы жұмыс күшіне дегенбәсекелестік (конкуренция) шетелден келетін жұмысшылар тарапынан да болуда. Экономиканың қарқынды даму жолдарында гастарбайтерлер (шетелден келген жұмысшылар) саныглобализациялау деген ұғымның нәтижесінде күрт көбейіп кетті. Жұмыс орындарының және түрлерінің көбейгеніне қарамастан жұмыс орнына деген сұраныс көбеюде. Экономикалық белсенді халықтың 7%-ға жуығы (0,5 млн адамнан астам) әлі күнге дейін жұмыссыздар.
Қазақстандық жұмыссыздардың бүгінгі күнгі көрінісі мынадай: жасы 16-29 аралығындағы, жалпы орта білімі бар, бір жылдан артық уақыттан бері жұмыссыз отырған қала тұрғыны. Жұмыс нарығына елеулі әсер етуші мемлекет, оған жұмыс орнының 1/4 бөлігі тиесілі.