
- •Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістеріне сиапттама беріндер
- •2. Халықты ұйымдастыру мен аудандық жоспарлау пәнінің негізгі зерттеу әдістеріне талдау жасандар
- •3. Аумақ - мемлекеттің негізгі даму факторы ретінде ұғымына сипаттама беріп талдау жасандар
- •4. Қр және дүние жүзі елдерінің табиғат жағдайы мен ресурсына сипаттама келтіріндер
- •5. Аудандастыру негізінде табиғат жағдайы мен адам қарым қатынасына салыстырмалы талдау жасандар
- •6. Негізгі демографиялық көрсеткіштер және халықтың құрылымы ұғымдарына тоқталып өтіңдер
- •7. Өндіргіш күштерді орналастыру мен халықтың оңтайлы қоныстануына талдау жасандар
- •8. Механикалық көші – қон: миграциялық баланс, ішкі және сыртқы миграция көрсеткіштерін сипаттандар.
- •9. Халықтың этникалық құрылымы, халық орналастырудағы этникалық процесстерге анықтама беріндер.
- •10. Қр тілдік және діндік құрамына сипаттама беріндер.
- •11. Халықты орналастыру негіздері. Геодемография. Локалитет және локалитет типтеріне анықтама беріндер.
- •14. Қр еңбек ресурсы және халықтың жұмыспен қамтылуы ұғымдарына талдау келтіріндер.
- •16. Шаруашылықтың дамуындағы негізгі перспективалары. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстары.
- •17. Қоғамның өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуы.
- •19. Қоршаған ортаны қорғау. Тарихи ескерткіштер және мәдениет.
- •20. Халықты орналастырудағы этносаяси кикілжіндер, жікжілдік.
- •21. Дүниежүзі және Қазақстан халықтарының орналасуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторлар
- •22. Дүниежүзі халықтарының серпіні. Өндірістік процесстерге әсерін тигізетін факторлар.
- •23. Халықтың туылуы, өлім жітімі, табиғи өсүі. Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенті
- •24. Адам нәсілдері, типтері, белгілері және географиялық орналасуы.
- •25. Этнография және этногеография негіздері.
- •26. Әлеуметтік құрылыс және әлеуметтік стратификация. Вебер және Маркс бойынша әлеуметтік стратификация. Қазіргі халықтар стратификациясына анықтама беріндер
- •27. Халықтың территориялық қозғалыс көрсеткіштері. Демографиялық саясат. «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдерін талдап өтіндер.
- •28. Халық тығыздығы. Қалалық мекеннің ерекшеліктері. Ауыл және қала мекенінің географиясына сипаттама келтіріндер.
- •29. Геоурбанистика ғылымы, әлем қалаларының типологиясы, мегаполис және агломерация ұғымдарына сипаттама беріндер.
- •31.Дүние жүзі елдерінің еңбек ресурстар балансының құрамын қарастырып талдау жасау
- •32. Ішкі және сыртқы миграция саны
- •34. Дүниежүзінің діндер географиясы
- •36 Дүниежүзі елдерінің халық тығыздығының көрсеткіштеріне талдау жасандар (Экстремум мемлекеттер)
- •37 Ауыл және қала мекенінің географиясы. Халықтардың ауданаралық қоныстану ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер.
- •38 Қр және тмд елдерінің өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуына сипаттама келтіріндер
- •39 Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлау негізінде туындайтын экологиялық мәселелерге анықтама беріндер
- •Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану индексі, 2012
- •Өзендердің ластану индексі, 2012
- •40 Облысішілік, аймақішілік, республика ішілік аймақтарды жоспарлау жобасын қарастырындар
- •46.Жұмыспен қамтамасыздандырудың негізгі мәселелеріне тоқталып өтіндер қр және дүние жүзі бойынша салыстырмалы анализ жасандар
- •47.Шаруашылықтың негізгі және қазіргі жағдайда даму бағыттарына тоқталып өтіндер (ауыл шаруашылығы мысалында)
- •48.Шаруашылық салалары және қоршаған орта қарым қатынасына сипаттама келтіріндер
- •49.Өндіргіш күштердің халық қоныстану аймақтарына әсері және ықпалын бағалап жазындар
- •52. Аймақты инженерлік қамтамасыздандырудың дайындық жұмыстарын жүргізуді сипаттандар
- •53. Тарихи ескерткіштер мен мәдени орталықтарды қарастырып, оларға сипаттама беріндер
- •54. Дүниежүзі халықтарының аймақ бойынша динамикалық сандық анализі. Берілген мәліметтер бойынша үлгі – сызба немесе график құрастырындар
- •55. Дүниежүзі агломерацияларының картосхемасын құрастырындар, транспорттық тораптар мысалында анықтама келтіріндер (Еуропа және Азияның ірі қалалары).
- •56.Халық санағы бойынша дүниежүзі елдерінің халқын есепке алу көрсеткіштеріне талдау жасандар (таңдау бойынша әлем елдері).
- •57.Екі елдің нәсілдік құрамына салыстырмалы талдау жасап Раса ұғымына сипаттама беріндер
- •58.Ақш, Жапония (не басқа ел) мысалында халықтарының аймақ ішілік орналасу ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер
- •59.Шетелдік Азия, Африка, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, снг елдерінің этникалық құрамын талқылап өтіндер
25. Этнография және этногеография негіздері.
Этнография, этнология (гр. etnos – тайпа, халық, grapho – жазу) – қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.
Этникалық процестер, этникалық үрдістер – этникалық қауымдастықтардың өзгеруіне алып келеді. Қоғамда түрлі жағдайлар әсерінен қалыптасқан Этникалық процестерді этноэволюц. және этнотрансформац. деп бөлуге болады. Алғашқысы бойынша этн. қауымдастықтар әлеум.-экон. жағынан дамиды да, көрші халықтармен байланысқа түсе отырып, ең алдымен, мәдениет пен тұрмыстың өзгеруіне алып келеді. Келесісі бойынша этн. қауымдастықтар немесе олардың жекелеген бөліктері басқаларға қосылады да, этн. санасы өзгерістерге ұшырайды. Мұндай жағдайда көбінесе бір этнос жойылып, басқасы қалыптасады. Оған консолидац. үрдістер мен этносаралық интеграциялар жатады. Соңғысы көп ұлтты мемлекеттерде дамиды және халықтардың өзара кірігуіне, жекелеген ұлттардың басым болуына алып келеді. Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады.
Әлем халықтарының негізгі класификациясы.
1.Географиялық класификация.
2.Антропологиялық класификация. Антропологиялық нышан белгілеріне қарап, дүние жүзі халықтарының еуропоидтық, монғолдық және негроидтық деп үш үлкен топқа бөлуге болады. Жер шарындағы халықтарды өзара нәсілге бөлгенде, олардың ерте заманнан бері ата – бабасынан сақталып келген сыртқы көріністерінің ерекшеліктеріне қарайды.
3.Лингвистикалық класификация.
Халықтарды топтастырудағы есепке алатын негізгі ерекшеліктердің бірі – тіл. Ол басты этникалық белгілердің бірі. Осы белгілерге қарай отырып, халықтардың арасындағы тарихи өзара байланысын, туысқандығын, әрі шығу тегінің жақын – алыстығын, шаруашылық, мәдени ұқсастығын байқауға болады. Осы сияқты жан – жақты жақындық байланыстарды тосыннан пайда болған құбылыс деуге болмайды. Олар халықтардың ғасырлар бойғы қарым – қатынастарының негізінен келіп шыққан.
Жер шарындағы халықтар екі мыңнан астам тілде сөйлейді. Тілші ғалымдар барлық халықтардың тілдерін морфологиялық және генеологиялық принциптеріне негіздеп тіл семьяларына бөледі.
Морфологиялық жолмен жіктегенде дүние жүзіндегі барша халық тілі грамматикалық құрылысының ұқсастығы бойынша бірнеше топқа бөлінеді. Бірақ морфологиялық жағынан тілді топтау әлі күнге дейін жеткілікті дәрежеде зерттеліп бітпеген іс. Себебі тілдердің грамматикалық құрылыстың ұқсастығын, олардың өзара туыстық қарым – қатынастың қайдан, қалай шыққандығын толық белгілеу мүмкін болмай келеді.
Генеологиялық (қандас, туысқандық) жағынан тілді топтау бір тіл мен екінші тілдің туысқандық байланыстарын ғана көрсетіп қоймай, бір халық пен екінші халықтың арасындағы тарихи туысқандық жақындығын айқын ашып көрсететін белгілердің бірі. 4.Шаруашылық – мәдени класификация.
Барлық халықтардың мәдени –шаруашылығы жағынан ұқсастығына қарап топтауға болады. Бір табиғи – географиялық аймақта бірнеше тілдерде сөйлейтін ұлттардың мекендеуі мүмкін. Олардың тілдері бір –біріне ұқсас болмағанымен шаруашылықтары, тұрмыстары және заттай мәдениеттері ұқсас немесе мүлдем жақын болып келуі мүмкін.Шаруашылық – мәдени ерекшеліктерінің барлығы бір уақытта емес, олар әр түрлі жағдайда, әр түрлі кезеңдерде пайда болған. Кейбір халықтарда мәдени – шаруашылықтың дамуы алғашқы заманнан бастап қалыптасса, қайсы біреулерінде кейінірек пайда болған. Сөйтіп, дүние жүзін мекендеуші халықтарды шаруашылық – мәдени тұрмыс белгілерінің ұқсастығына қарай отырып, төмендегішіне топтауға болады. Олар: қарапайым аңшылар мен терімшілер, ірі өзендердің жағалауындағы отырықшылар мен балықшылар, тундраның бұғышылары, қоңыржай және тропиктік аймақтың егіншілері, көшпелі малшылар тағы басқа болып жіктеледі.
Халықтарды жоғарыдағы тоқталып өткен этнографиялық тұрғыдан топтаудың осындай жүйелерінен басқа да бірнеше топқа жіктеп бөлушілік белгілері бар.