Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айгул апай шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320.15 Кб
Скачать

24. Адам нәсілдері, типтері, белгілері және географиялық орналасуы.

Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы.

Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:

- экваторлық, (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер),

- еуропалық,

- моңғолоид.

Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр.Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.

Монголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдыгы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.

Негроидтік нәсілдердің шаштары бүйра әрі кара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпак, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған.

Раса (араб. рас — бас, бастау, шығу тегі) — бір антропологиялық түрге жататын, шығу тегі белгілі бір географиялық ареалда таралған адамдар тобы. Раса термині 17 ғ-дан бастап Еуропа халықтарында тарай бастады. ЮНЕСКО шешімі бойынша (1966 ж.) Р. мәселесінің биол. аспектісі туралы арнайы декларация қабылданған. Онда Р. туралы мынадай негізгі ғыл. қағидалар айтылған:

  • Бүгінгі әлемдегі барлық адам баласы жалпы биол. бір түрге, яғни Homo sapіens-ке жатады және ол бір түбірден тарайды;

  • адамзат топтасуында (папуляциясында) көптеген генетик. айырмашылықтар бар. Оны бірыңғай папуляция тұрғыдан алып қарағанның өзінде адамзат тобында таза раса жоқ;

  • адамзаттың нәсіл заңдылықтарына орай оның физ. ерекшеліктері шартты түрде үлкен Расаларға, одан кейін кіші расаларға ажыратылады. Жалпы адамзат кем дегенде үш үлкен расаға жүйеленеді; ешқандай халық, ұлт, тіл, дін, мәдени топ өзінше жеке Раса құрай алмайды. Расаның мән-мағынасын тұжырымдаған декларацияда бүкіл әлемдегі адамзаттың барлығының биол. мүмкіншіліктері бірдей екендігі айтылады.

Географиялық таралуы.Антропологиялык белгілер ұзак уақыт бойы белгілі бір табиғат жағдайларына бейімделу нөтижесінде қалыптасқан. Нәсілдік белгілерге әлеуметтік-экономикалық жағдайлар да әсер етуі мүмкін, соңғы 30 жыл ішінде халықтың әл-ауқатының жақсаруы нөтижесінде жапондыктардың бойы орташа есеппен 10 см-ге ұзарған. Жер шары халқы негізінен үш үлкен нәсілге жатады. Негізгі нәсілдердің үлесіне дүниежүзі халқының 70%-ға жуығы тиесілі

Тарихи-географиялық жағдайларға байланысты нәсілдер арасында араласу болған. Ұзақ уақыт бойы нәсілдердің қарқынды байланыс жасауы нәтижесінде айрықша аралық және аралас нәсіл топтары қалыптасқан. Олар дүниежүзі халқының 30%-ын құрайды. Аралық нәсіл топтары ертеректе үлкен нәсілдердің түйісу аймақтарында қалыптасқан. Мысалы, еуропалық нәсілдің оңтүстік тармағы мен африкалықтардың аралығында бет-әлпеті мен бас сүйегі еуропалықтарға, ал түсі мен шашы қара нәсіл өкілдеріне ұқсайтын эфиоптар пайда болған. Мадагаскарлықтар, полинезиялықтар мен меланезиялықтар да аралық нәсіл тобының өкілдері болып табылады. Кейбір зерттеушілер қазақтарда еуропалық және моңғол тектес нәсілдердің белгілері қатар кездесетінін атап көрсетеді.

Аралас нәсіл топтары әртүрлі нәсілдердің кейінгі уақытта араласуы нәтижесінде қалыптасқан. Аралас нәсіл топтары, әсіресе Латын Америкасында кеңінен таралған. Қазіргі кезде Мексика мен Венесуэлада метистер, Бразилия мен Кубада мулаттар көп тұрады. Сыртқы айырмашылықтары болганымен, нәсілдердің биологиялық жөне әлеуметтік-мәдени тұрғыдан алғанда тең екендігі ғылым жүзінде дәлелденген. Сондықтан ақыл-ойы жоғары немесе төмен нөсілдер болатындыры жөніндегі нәсілиіілдік көзқарастар негізсіз болып табылады. Дегенмен өлі күнге дейін кейбір елдерде нөсілдік кемсітушілік жағдайлары кездеседі.