
- •Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістеріне сиапттама беріндер
- •2. Халықты ұйымдастыру мен аудандық жоспарлау пәнінің негізгі зерттеу әдістеріне талдау жасандар
- •3. Аумақ - мемлекеттің негізгі даму факторы ретінде ұғымына сипаттама беріп талдау жасандар
- •4. Қр және дүние жүзі елдерінің табиғат жағдайы мен ресурсына сипаттама келтіріндер
- •5. Аудандастыру негізінде табиғат жағдайы мен адам қарым қатынасына салыстырмалы талдау жасандар
- •6. Негізгі демографиялық көрсеткіштер және халықтың құрылымы ұғымдарына тоқталып өтіңдер
- •7. Өндіргіш күштерді орналастыру мен халықтың оңтайлы қоныстануына талдау жасандар
- •8. Механикалық көші – қон: миграциялық баланс, ішкі және сыртқы миграция көрсеткіштерін сипаттандар.
- •9. Халықтың этникалық құрылымы, халық орналастырудағы этникалық процесстерге анықтама беріндер.
- •10. Қр тілдік және діндік құрамына сипаттама беріндер.
- •11. Халықты орналастыру негіздері. Геодемография. Локалитет және локалитет типтеріне анықтама беріндер.
- •14. Қр еңбек ресурсы және халықтың жұмыспен қамтылуы ұғымдарына талдау келтіріндер.
- •16. Шаруашылықтың дамуындағы негізгі перспективалары. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстары.
- •17. Қоғамның өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуы.
- •19. Қоршаған ортаны қорғау. Тарихи ескерткіштер және мәдениет.
- •20. Халықты орналастырудағы этносаяси кикілжіндер, жікжілдік.
- •21. Дүниежүзі және Қазақстан халықтарының орналасуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторлар
- •22. Дүниежүзі халықтарының серпіні. Өндірістік процесстерге әсерін тигізетін факторлар.
- •23. Халықтың туылуы, өлім жітімі, табиғи өсүі. Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенті
- •24. Адам нәсілдері, типтері, белгілері және географиялық орналасуы.
- •25. Этнография және этногеография негіздері.
- •26. Әлеуметтік құрылыс және әлеуметтік стратификация. Вебер және Маркс бойынша әлеуметтік стратификация. Қазіргі халықтар стратификациясына анықтама беріндер
- •27. Халықтың территориялық қозғалыс көрсеткіштері. Демографиялық саясат. «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдерін талдап өтіндер.
- •28. Халық тығыздығы. Қалалық мекеннің ерекшеліктері. Ауыл және қала мекенінің географиясына сипаттама келтіріндер.
- •29. Геоурбанистика ғылымы, әлем қалаларының типологиясы, мегаполис және агломерация ұғымдарына сипаттама беріндер.
- •31.Дүние жүзі елдерінің еңбек ресурстар балансының құрамын қарастырып талдау жасау
- •32. Ішкі және сыртқы миграция саны
- •34. Дүниежүзінің діндер географиясы
- •36 Дүниежүзі елдерінің халық тығыздығының көрсеткіштеріне талдау жасандар (Экстремум мемлекеттер)
- •37 Ауыл және қала мекенінің географиясы. Халықтардың ауданаралық қоныстану ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер.
- •38 Қр және тмд елдерінің өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуына сипаттама келтіріндер
- •39 Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлау негізінде туындайтын экологиялық мәселелерге анықтама беріндер
- •Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану индексі, 2012
- •Өзендердің ластану индексі, 2012
- •40 Облысішілік, аймақішілік, республика ішілік аймақтарды жоспарлау жобасын қарастырындар
- •46.Жұмыспен қамтамасыздандырудың негізгі мәселелеріне тоқталып өтіндер қр және дүние жүзі бойынша салыстырмалы анализ жасандар
- •47.Шаруашылықтың негізгі және қазіргі жағдайда даму бағыттарына тоқталып өтіндер (ауыл шаруашылығы мысалында)
- •48.Шаруашылық салалары және қоршаған орта қарым қатынасына сипаттама келтіріндер
- •49.Өндіргіш күштердің халық қоныстану аймақтарына әсері және ықпалын бағалап жазындар
- •52. Аймақты инженерлік қамтамасыздандырудың дайындық жұмыстарын жүргізуді сипаттандар
- •53. Тарихи ескерткіштер мен мәдени орталықтарды қарастырып, оларға сипаттама беріндер
- •54. Дүниежүзі халықтарының аймақ бойынша динамикалық сандық анализі. Берілген мәліметтер бойынша үлгі – сызба немесе график құрастырындар
- •55. Дүниежүзі агломерацияларының картосхемасын құрастырындар, транспорттық тораптар мысалында анықтама келтіріндер (Еуропа және Азияның ірі қалалары).
- •56.Халық санағы бойынша дүниежүзі елдерінің халқын есепке алу көрсеткіштеріне талдау жасандар (таңдау бойынша әлем елдері).
- •57.Екі елдің нәсілдік құрамына салыстырмалы талдау жасап Раса ұғымына сипаттама беріндер
- •58.Ақш, Жапония (не басқа ел) мысалында халықтарының аймақ ішілік орналасу ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер
- •59.Шетелдік Азия, Африка, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, снг елдерінің этникалық құрамын талқылап өтіндер
21. Дүниежүзі және Қазақстан халықтарының орналасуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторлар
Халықтың орналасуы мен тығыздығына табиғат жағдайлары, тарихи-демографиялық және өндіргіш күштер факторлары өте үлкен ықпал етеді. Дүние жүзінде халық әркелкі орналасқан.Шығыс жарты шарда халықтың 85%-ы, ал батыс жарты шарда 15%. Жалпы халықтың 80%-ы теңіз деңгейінен 500 м-ден аспайтын өңірлерін мекендейді.Дүние жүзі халқының орташа тығыздығы 1км2-ге 45 адамнан келеді. Сонымен қатар халықтың орналасуы мен тығыздығына, оның саны мен құрамына көші-қон үлкен әсерін тигізеді. Халықтың көші –қон немесе механикалық қозғалысы өз сипатына қарай: сыртқы және ішкі болып бөлінеді .
Қазіргі уақытта әлем халқының орналасуын қалалық және ауылдық деп бөледі.
1.Ауылдық қоныстанудың екі түрі бар,олар:
-топтаса немесе ауылдана қоныстану (Орталық және Оңтүстік Еуропаға, Ресейге, Жапонияға және дамушы елдердің көбіне тән).
-шашырай немесе ферма түрінде қоныстану (АҚШ, Канада, Австралия, Солтүстік Еуропа елдеріне тән).
2.Агломерация -бұл қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақта ықшам топтаса орналасып, әр түрлі де, күрделі қарқынды байланыстармен бірігуі.
Қазіргі уақытта әлемде халықтың қоныстануында қалалардың саны көбейіп, олардың іріленуі байқалуда немесе урбанизациялану үрдісі қарқындай түсуде.Мысалы, 20 ғасырда қала халқының үлесі 14%-дан 45 %-ға артты, ал ауыл тұрғындары 86%-дан 55 %-ға төмендеді.
Урбанизация ( латын т. урвз- қала)- бұл қалалардың тарихи тұрғыдан маңызы артып, қалалық өмір сүру салтының, қалалық мәдениеттің, қоғамның өмірдегі маңызының артуы, жалпы олардың әлеуметтік- экономикалық даму орталықтарында шоғырлану үрдісі. Әлемдік урбанизациялау картасында, оның негізгі үш ошағы бар, олар: АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония.
Мегалаполис- жақын орналасқан ірі қалалық агломерациялардың даму барысында бірігіп, жоғары урбанизацияланған, жолақ пішінді кеңістіктік құрылым.
Қалалар және қоршаған орта. Қалаларда халықтың, өнеркәсіп пен көлік жүйелерінің шамадан тыс шоғырлануы табиғат ресурстарын неғұрлым қарқынды пайдалануға алып келеді. Қала аумағының артуы ауыл шаруашылық жерлердің ауданының қысқаруына, үй және жол құрылысы жер бедерінің адам танымастай өзгеруіне, халық пен өндіріс орындарын сумен қамтамасыз ету қарқынының артуы су қорының азайып, табиғи су режімінің бұзылуына, көлік пен өнеркәсіптің қоршаған ортаға зиянды заттарды бөліп шығаруы ауа мен топырақтың шамадан тыс ластануға себепші болуда.
Елдің экономикалық-әлеуметтік дамуында халықтың саны ғана емес, құрамы мен құрылымының да маңызы зор. «Құрам» мен «құрылым» түсініктері бір-біріне жақын, оларды көбінесе синоним ретінде қарастырады. Дегенмен, олардың арасында айырмашылықтар да бар. Көп жағдайда құрам - құрамдас бөліктердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Құрылым - цифрлармен берілетін салыстырмалы шамалар. Халықтар географиясы қоғамдық ұдайы өндіріс және қоршаған ортамен өзара әрекеттесу процесінде қарастырылатын халықтардың санын, құрамын және орналасуын оқып зерттейді. География халықтың жыныстық және жас ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын, кәсіби деңгейін, этникалық құрамын және діни көзқарастарын зерттейді.
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен, сонымен қатар материалдық өндірістің әлеуметтік – экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. Сондықтан да, өндіргіш күштерді орналастыру мен тиімді дамыту бұл мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және аймақтың потенциалын тиімді пайдалану мен мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шешуші міндет. Өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылығымен және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Аймақта ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды орналастыру арқылы халық шаруашылығын дамыта аламыз, олар қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, талабына сай сапалы өнімдер өндіруге мүмкідік береді. Сондықтан, аймақтың өндіргіш күшін тиімді орналастыру экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешуге, сонымен қатар, мемлекеттің соның ішінде аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуының, өркендеуінің, негізгі жолы болып табылады.