Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айгул апай шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320.15 Кб
Скачать

20. Халықты орналастырудағы этносаяси кикілжіндер, жікжілдік.

Халықтың орналастыруының географиялық ерекшелігі Қазақстан халқының саны аумағынын, үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұымдастыруга баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады. Халықты орналастыру - халықты мемлекет, облыс көлемінде, аймақ бойынша орналастыру. Халықтың қоныстануы - халықты елді мекендер бойынша орналастыру. Бұлардың бір-бірімен тығыз екендігін дәлелде. Қалалық және ауылдық елді мекендер, соған байланысты қала мен ауыл халқы деп белінеді.

Этносаяси кикілжіңдер.Дүние жүзіндегі жартысына жуығында негізгі ұлттан басқа бес немесе одан да көп ұлт өкілдері тұрады. Жалпы алғанда, дүние жүзінде 8 мыңға жуық ұлттар бар. Мұның өзі этностық негізде қақтығыстардың болу мүмкіндігін анықтап береді. Ұлтаралық қақтығыстар тіпті дамыған демократиялық елдердің (Канада, Франция, Ұлыбритания) өзінде көрініс береді. Америкалық зерттеуші Тед Роберт Гарр ұлтаралық қақтығыстардың болу мүмкіндігін анықтайтын факторларды атап көрсеткен:

Елдегі этностық немесе діни шағын топтардың бұрынғыдан үлкенірек автономияны талап етуі, көп жағдайда бұл талаптар саяси немесе экономикалық әдістермен шешіледі.

Елдегі шағын ұлттардың бұрын – соңды өз мемлекеті болған болса, әскери әрекеттер мүмкіндігі 60%-ға артады. Жеке мемлекеттің қашан, қай жерде болғаны бұл жерде маңызды емес. Мысалы, Канаданың Квебек провинциясының француздары тәуелсіздікті талап етуін бұрын Канада француз отары болуымен түсіндіреді.

Тәуелсіздікті талап етіп отырған топтардың ұйымдасуы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олардың қарулы күресті бастау мүмкіндігі жоғары болады. Мысалы, Солтүстік Ирландияның негізгі халқын біріктіретін ұйымдасқан орталықтың болмауы католиктік топтардың протестанттық Ұлыбританиядан бөлінуін талап еткен әрекеттері нәтиже бермей отыр.

Өз тәуелсіздігін алғысы келетін аймақтарда инфрақұрылым мен ақпараттық технологиялар жетілген сайын, қарулы қақтығыстар болу қаупі артады.

Этностық немесе діни топта туу деңгейі жоғары болған сайын, оның тәуелсіздік үшін күресті бастау мүмкіндігі артады.

Белгілі бір этностық немесе діни топ орталық ұкіметтен неғұрлым аз қысым көрсе, соғұрлым қарулы күресті бастау мүмкіндігі зор болады. Шындығында да, тәуелсіздікті талап еткен топтардың көпшілігі демократиялық мемлекеттерде тұрады, және елдің демократиялық режимге көшуі көп жағдайда жекелеген топтардың тәелсіздікті талап етуге алып келеді.

Әскери әрекеттердің болу мүмкіндігі белгілі бір діни немесе этностық топ өкілдері бұрын тәуелсіздік үшін күрес жүргізген жағдайда арта түседі.

Ұлтаралық қақытығыстар әсіресе ұлы державалар ыдыраған кезеңге сәйкес келеді. XXғ 90 жылдарында көп ұлтты мемлекеттер болып саналатын КСРО мен Югославия ыдырады, әсіресе соңғысында қарулы қақтығыстар орын алды. 1992 жылдан бері дүние жүзі елдерінің 1/3- інде этностық негіздегі кикілжіңдер орын алды.

Жікшілдік немесе сепаратизм (лат. separatus - жеке) жаңа тәуелсіз мемлекет құру мақсатында немесе өте кең құқықты автономия мәртебесін алу үшін мемлекет аумағының жеке бөлігін оқшаулап, бөліп алуға бағытталған саясат пен әрекеттерді атайды. Жікшілдік мемлекеттің егемендігінің, бірлігінің және аумақтық біртұтастығының бұзылуына алып келдеі.

Жішілдікке белгілі бір халықтардың, діни топтар мен шағын ұлт өкілдерінің құқықтарының бұзылуы себеп болады. Жікшілдік қазіргі кезде кейбір дамыған (Канада, Испания және т.б) және дамушы елдер (Үндістан, Пәкстан, Ирак, Африка елдері) үшін күрделі мәселе болып отыр.

Жәкшіл топтар өз дегеніне сирек жағдайда ғана жетеді. Өте тиімді аяқталған жікшілдік қорытындысы ретінде Сингапур, Бангладеш, Эритреяны атауға болады.

Жікшілдікті ғалымдар 6 географиялық типке бөледі:

1) Батысеуропалық (8 ошақ)

2) Шығысеуропалық (12 ошақ)

3) Исламдық (6)

4) Азиялық (14)

5) Африкалық (6)

6) Америкалық (4)

Көп ұлтты және тарихы тереңге кеткен Қытай мемлекетінде де жікшілдік орын алған. Жалпы алғанда, дүние жүзі бойынша, жікшілдіктің 50 шақты негізгі ошағы бар, олардың 20-ға жуығында қақтығыстар болып тұрады. Жікшілдік ошақтары жалпы 12,7 млн км² аумақты алып жатыр, мұнда 220 млн халық тұрады.

Сонымен, қазіргі дүниеде аймақтық, жергілікті кикілжіңдер орын алған. Оларға кқптеген факторлар ықпал етеді. Мәдени, экономикалық, демографиялық және т.б өзгешеліктер қақтығыстардың болу мүмкіндігін арттырады. Қазіргі кезеңде жаһанданумен қатар, дамуға кері әсер ететін жікшілдік, лаңкестік тәрізді құбылыстар байқалады. География ғылымының мүмкіндіктері мен аумақтық заңдылықтарын анықтауда аса зор.