Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айгул апай шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320.15 Кб
Скачать

17. Қоғамның өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуы.

Қоғамның дамуының әртүрлі кезеңдерінде аумақтық ұйымдасу формалары әркелкі болды. Қоғам дамуының технологиялық тарихын әдетте мынадай ірі кезеңдерге бөлінеді:

- аграрлыққа дейінгі

- аграрлық

- индустриялық

- постиндустриялық

Олардың әрқайсысына тән өзіндік технологиялық құрылымдар бар.

Аграрлыққа дейіңгікезеңге экономиканың ресурс пайдаланушы типі (аңшылық, балық аулау, терімшілік) тән болды. Бұл экономика жыл сайын қалпына келетін ресурстарды пайдалану мен адамның бұлшық ет энергиясын қолдануға негізделеді, бұл кезеңде халық тығыздығы төмен болды ал тұрақты елді мекендер мен коммуникациялар мүлде болмады. Қоғамның аумақтық жіктелуі тек табиғат жағдайларының әркелкілігімен анықталады. Ақпарат жеткізу ауыекі сөйлесу деңгейінде болды.

Аграрлық революция кезеңдеэкономиканың алғашқы ресурс өндіруші типі қалыптасты. Оған табиғатты пайдаланудың аумақтық формасы тән болды, қоныстану орталықтанбаған сипат алды, халық жыртылған жерлерді көп аудандарға көбірек шоғырланды. Бастпақы көлік инфрақұрылымы қалыпстаса бастады, бұлшық ет энергиясы қатар жел, су энергиялары қолдыла бастады, жермен байланысты жұмыстарға негізделген аумақтық ұйымдасу пайда болды. Осы кезге өзіндік экономикалық орталықтар ретінде қалалар қалыптасты. Ақапараттық революция, жазудың пайда болуымен (Месопотамиядағы шумерлердің б.з.д 3250 жылғы саз тақталары), кітап басып шығарумен (15 ғасыр), алғашқы кітапханалардың құрылуымен, пошта, елшілік байланыстарының реттелуімен байланысты болды, яғни білім мен ақпарат жинақтаудың, алмасудың жаңа түрлері пайда болды. Көлік (мұхитта жүзуге мүмкіндік беретін кемелердің жасалынуы) және сауда (басқа дүние бөліктермен тауар алмасу мүмкіндіктері) революциялары мемлекеттер арасындағы өзара байланыстарды күшейтеді. Бұл экономика типі көптеген елдерде («аграрлық елдер») алі күнге дейін сақталып отыр.

Индустриялық кезеңге өнеркәсіп пен құрылыстың басымдылыққа ие болуы, яғни экономиканың екінші ресур пайдаланушы типінен қалыпстасуы тән болды. «Постиндустриялық даму» ұғымын ғылыми айналымға XXғ басында Азия елдерінің индустриялану кезеңіне дейіңгі дамуын зерттеген ғалым А.Кумарасвами енгізген болатын. Қазіргі мағынасында бұл термин XX ғасыр 50жылдарының соңына қарай қолданыла бастады. 1958 ж америкалық әлеуметтанушы Д, Рисман да бұл терминді қолданған болатын. Ал 1959 ж Гарвард университетінің профессоры Дэниел Белл Зальцбург қаласында халықаралық әлеуметтану семинарында жасаған баяндамасында технологияландыру әсерінен өнеркәсіп секторы өзінің жетекші маңызынан айырылып, ғылым негізгі өндіруші күшке айналатының, мұны постиндустриялық қоғам деп атауға болатының атап көрсетті.

Бұл экономика минералды шикізатты, энергиялық ресурстарды жаппай пайдалануға, бу энергиясын, іштен жанатын қозғалтқыштарды, электр энергиясын қолдануға, көлік инфрақұрылымының жасалуы мен байланыс құралдарын дамытуға негізделді. Осы кезде деректерді жеткізудің жүйелері (телеграф 1837ж, телефон 1875ж, радио 1895ж, кино 1895ж, теледидар 1926ж) жасалып, ақпарат жинақтау мен сақтаудың жаңа құрылымдары (аудио, видео дисктер) нақты обьектілерді көрсететін орындар (мұражай, зоопарктер, ботаникалық бақтар және т.б) пайда болды. Географиялық кеңістіктің шоғырлану және жіктелуі артқан сайын табиғатты пайдаланудың және қоғамның аумақтық ұйымдасуының аудандық және жергілікті формалары пайда болды. Адамзаттың басым бөлігі қазіргі кезде дәл осы кезеңге тән өмір салтымен өмір сүреді.

18. Ғаламдық аудандар, жартылай шет және шет аймақтар.

Қазіргі әлемнің экономикалық үлгісін әйгілі америкалық экономист және геосаясаткер Иммануил Валлерстайн өзінің әлемдік жүйе концепциясы арқылы түсіндірген. Оның «Современная мирсистема» деп аталатын геізгі еңбегінде әлемдік экономикалық жүйелер геосаясат тұрғысында берілген. Қазіргі дүниенің қарқынды өзгеруіне негізделе отырып, ғалым әлемдік экономикалық кеңістікті 3 бөлікке бөледі:

1. орталық (әлемдік ядролар);

2. периферия (шет аймақтар);

3. жартылай периферия (жапсарлас өтпелі аймақтар)

Халық саны дамыған елдерде өмір сүріп отырған қазіргі дүниенің ғаламдық орталықтары – АҚШ, ЕО және Жапония. Жартылай периферия немесе өтпелі аймақтарға ғалым Балқан түбегі елдерін, Португалия, Ирландия, Оңтүстік – Шығыс Азия, бұрынғы КСРО мемлекеттерін жатқызған. Жартылай периферия елдері орталықтармен салыстырғанда, технологиялық жеңгейі төмен өнім өндіреді және орталықтардың жоғары технологияларын сатып алуға мәжбүр, бірақ периферия елдерімен саудада өздерінің басымдылықтарын көрсетеді. Ал периферияны әлемдік орталықтарға экономикалық, саяси тәуелділіктері басым болатын Азия, Латын Америкасы мен Африканың, Мұхит Аралдарының артта қалған елдері құрайды.

Сонымен ғаламдық экономиканы біркелкі кеңістік ретінде қарауға болмайды, оның экономикалық дамудың қарқындылығын анықтайтын интеллектуалды және ғылыми – техникалық орталықтары болады. Дәл осы орталықтар әлемдік экономикаға жаңа технологиялар мен жаңа білім беріп, перифериямен (шет аймақтар) тең емес айырбас барысында ақыл – ой рентасын алуға мүмкіндік береді. Бұл орталықтарда әлемдік валюталар мен эмиссия жасайтын ақша монополиясы болады. Осы орталықтардың пайдасы үшін неғұрлым аз дамыған елдер синди раш (cindy rush)төлеуге мәжбүр болады, барлық эмиссиялық табыс әлемдік экономиканың орталықтарына құйылады және перифериялық елдердің валюталары «орталық валютаға» байланыстырылады. Осылайша орталық өзінің экономикалық қана емес, мәдени – идеологиялық гегемониясын жүзеге асырады, яғни қалған дүниеге өзінің даму үлгісін, болып жатқан құбылыстарға өз көзқарасын таңады. Осы арқылы орталық өзіне қолайлы мәдени матрицаны бүкіл әлемге қалыптастыра бастайды.

Орталықтарда ғаламдық эмиссиялық негіз ретінде валюталық емес сызба жұмыс істейді. АҚШ-тың федералдық қор жүйесі долларды америкалық қазына арқылы эмиссия жасайды, сонымен қатар доллармен сәйкестендірілген құнды қағаздарды шығарады. Ал Жапония иенасы Оңтүстік - Шығыс Азия елдері үшін басты эмиссиялық валюта болып табылады. Еуро қазіргі кезде аймақтық валюта деңгейінен әлемдік валюта деңгейіне шығып, көптеген елдер үшін дәл осы рөльді атқаруда. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 57%-ын доллар, 23%-ын еуро, қаоған 20% ,басқа валюталар құрайды. Бұл эмиссиялық ориалықтар әлемдік нарықтағы сұранысқа қарай валюта шығарып, ешқандай шектеусіз әрекет ете береді. Жалпы алғанда америкалық доллардың 60%-ы шетелдер үшін басып шығарылады. Осының арқасында доллар әлемдік валюта мәртебесін сақтауда және бүкіл әлем АҚШ-тың федералдық қор жүйесіне эмиссиялық табысты төлеуге мәжбүр болып отыр. АҚШ қаржыны үстемемен қарызға береді. Америка валютасын пайдаланғаны үшін елдер жылына 4-5%, ал кейбір перифериялық аймақтар 15% үстеме төлейді. Периферия бұл үлкен үстемені төлеуге шамасы жетпейді, сондықтан жаңа несие алуға мәжбүр, осылайша долларға сұраныс одан әрі өсе түседі. Бұл жаңа эмиссияға мүмкіндік береді.