Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айгул апай шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320.15 Кб
Скачать
  1. Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістеріне сиапттама беріндер

  2. Халықты ұйымдастыру мен аудандық жоспарлау пәнінің негізгі зерттеу әдістеріне талдау жасандар

  3. Аумақ - мемлекеттің негізгі даму факторы ретінде ұғымына сипаттама беріп талдау жасандар

  4. ҚР және дүние жүзі елдерінің табиғат жағдайы мен ресурсына сипаттама келтіріндер

  5. Аудандастыру негізінде табиғат жағдайы мен адам қарым қатынасына салыстырмалы талдау жасандар

  6. Негізгі демографиялық көрсеткіштер және халықтың құрылымы ұғымдарына тоқталып өтіндер

  7. Өндіргіш күштерді орналастыру мен халықтың оңтайлы қоныстануына талдау жасандар

  8. Механикалық көші – қон: миграциялық баланс, ішкі және сыртқы миграция көрсеткіштерін сипаттандар

  9. Халықтың этникалық құрылымы, халық орналастырудағы этникалық процесстерге анықтама беріндер.

  10. ҚР тілдік және діндік құрамына сипаттама беріндер.

  11. Халықты орналастыру негіздері. Геодемография. Локалитет және локалитет типтеріне анықтама беріндер.

  12. Халықты орналастыру сызбаларындағы ғылыми концепцияларға тоқталып өтіндер

  13. Қоныстану тораптарының даму факторлары мен негізгі мәселелеріне сипаттама беріндер.

  14. ҚР еңбек ресурсы және халықтың жұмыспен қамтылуы ұғымдарына талдау келтіріндер.

  15. Жұмыспен қамтамасыздандырудың негізгі мәселелеріне сипаттама беріндер

  16. Шаруашылықтың дамуындағы негізгі перспективалары. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстарына талдау жасандар

  17. Қоғамның өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуын талдап статистикалық көрсеткіштер келтіріндер.

  18. Халықты орналастырудағы негізгі дамыған ғаламдық аудандар, жартылай шет және шет аймақтарға сипаттама беріндер.

  19. Қоршаған ортаны қорғау. Тарихи ескерткіштер және мәдениет. Бүкіләлемдік мұра ұғымдарына салыстырмалы талдау жасандар.

  20. Халықты орналастырудағы этносаяси кикілжіндер, жікжілдік терминдеріне тоқталып өтіндер.

  21. Дүниежүзі және Қазақстан халықтарының орналасуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторларна сипаттама беріндер

  22. Дүниежүзі халықтарының серпіні. Өндірістік процесстерге әсерін тигізетін факторларға анықтама келтіріндер.

  23. Халықтың туылуы, өлім жітімі, табиғи өсүі. Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенті көрсеткіштеріне сипаттама беріндер

  24. Адам нәсілдері, типтері, белгілері және географиялық орналасуына сатылай талдау жасандар

  25. Этнография және этногеография негіздері. Этникалық процесстер. Дүниежүзі халықтарының классификация принциптері. Шетелдердің этникалық құрамына сипаттама беріндер

  26. Әлеуметтік құрылыс және әлеуметтік стратификация. Вебер және Маркс бойынша әлеуметтік стратификация. Қазіргі халықтар стратификациясына анықтама беріндер

  27. Халықтың территориялық қозғалыс көрсеткіштері. Демографиялық саясат. «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдерін талдап өтіндер.

  28. Халық тығыздығы. Қалалық мекеннің ерекшеліктері. Ауыл және қала мекенінің географиясына сипаттама келтіріндер.

  29. Геоурбанистика ғылымы, әлем қалаларының типологиясы, мегаполис және агломерация ұғымдарына сипаттама беріндер.

  30. Шаруашылық тораптарын орналастыруда әсе ететін негізгі факторларға тоқталып өтіндер.

  31. Дүние жүзі елдерінің еңбек ресурстар балансының құрамын қарастырып талдау жасандар

  32. Ішкі және сыртқы миграция саны, дүниежүзіндегі сальдо миграциясына анықтама беріндер

  33. Дүние жүзі елдерінің шаруашылық ұйымдастырылу ерекшеліктеріне тоқталып ҚР өндіргіш күштерінің орналасуымен салыстырындар

  34. Дүниежүзінің діндер географиясы (ислам, индуизм, христиан және т.б.)

  35. Халықтар көші-қоны, этнографиялық үрдістер мен халықты орналастыру мәселелеріне сипаттама беріндер

  36. Дүниежүзі елдерінің халық тығыздығының көрсеткіштеріне талдау жасандар (Экстремум мемлекеттер)

  37. Ауыл және қала мекенінің географиясы. Халықтардың ауданаралық қоныстану ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер.

  38. ҚР және ТМД елдерінің өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуына сипаттама келтіріндер

  39. Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлау негізінде туындайтын экологиялық мәселелерге анықтама беріндер

  40. Облысішілік, аймақішілік, республика ішілік аймақтарды жоспарлау жобасын қарастырындар

  41. Таңдау бойынша кез келген аймаққа жалпылама түсініктеме беріндер (аудан, мемлекет, қала, ауыл).

  42. Табиғат жағдайы және адамзат, олардың бір-бірімен байланыстылығын анықтап жазындар

  43. Тұрғылықты мекен жайға байланысты аймақтың жобалау схемасын құрастырындар.

  44. Дүниежүзі еңбек ресурстарының таралуы (таңдау бойынша: Америка, Африка, Австралия, Еуропа).

  45. Әлемнің кез келген аса ірі урбандалған аймағына сипаттама беріндер

  46. Жұмыспен қамтамасыздандырудың негізгі мәселелеріне тоқталып өтіндер ҚР және дүние жүзі бойынша салыстырмалы анализ жасандар

  47. Шаруашылықтың негізгі және қазіргі жағдайда даму бағыттарына тоқталып өтіндер (ауыл шаруашылығы мысалында)

  48. Шаруашылық салалары және қоршаған орта қарым қатынасына сипаттама келтіріндер

  49. Өндіргіш күштердің халық қоныстану аймақтарына әсері және ықпалын бағалап жазындар

  50. Халықтық бұқаралық демалысын ұйымдастыруды жүргізу, аймақ ішілік ұйымадыстыру мысалында

  51. Аймақтарда тұрақты дамуды қамтамасыздандырудың түрлеріне (таңдау бойынша) анықтама беріндер

  52. Аймақты инженерлік қамтамасыздандырудың дайындық жұмыстарын жүргізуді сипаттандар

  53. Тарихи ескерткіштер мен мәдени орталықтарды қарастырып, оларға сипаттама беріндер

  54. Дүниежүзі халықтарының аймақ бойынша динамикалық сандық анализі. Берілген мәліметтер бойынша үлгі – сызба немесе график құрастырындар

  55. Дүниежүзі агломерацияларының картосхемасын құрастырындар, транспорттық тораптар мысалында анықтама келтіріндер (Еуропа және Азияның ірі қалалары).

  56. Халық санағы бойынша дүниежүзі елдерінің халқын есепке алу көрсеткіштеріне талдау жасандар (таңдау бойынша әлем елдері).

  57. Екі елдің нәсілдік құрамына салыстырмалы талдау жасап Раса ұғымына сипаттама беріндер

  58. АҚШ, Жапония (не басқа ел) мысалында халықтарының аймақ ішілік орналасу ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер

  59. Шетелдік Азия, Африка, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, СНГ елдерінің этникалық құрамын талқылап өтіндер

  60. Таңдау бойынша бір мемлекеттің халық құрылымына (жастық-жыныстық құрлымы, ұлттық құрамы, отбасының жанұялық құрамы, тұрғылықты жері бойынша, діни құрамы, нәсілдік, этникалық, әлеуметтік т.б.) талдау жасандар

  1. Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістеріне сиапттама беріндер

Жердің халық игерген және қоғамдық өндіріске енгізілген бөлігі – бұл қоғам мен табиғаттың іс-әрекетінің сферасы. Табиғи және антропогенді кешендердің бір-бірімен үйлесуін адам өмірінің материалды негізін және қоғамдық қатынастарды құрайды.

Халықты аумақтық ұйымдастыру және аудандық жоспарлау пәні табиғи жағдайды, өндіріс күштерінің орналасуын, халықтың қоныстануын, халықтың аумақтық ұйымдастырылуын қарастыра отырып, қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының және оның аудандарының экономикалық мәселелерінің шешу жолдарын қарастырады.

Бұл пән аумақ бойынша халықтың қоныстану ерекшелігін және оның себептерін анықтай отырып, соған байланысты шаруашылық салаларының даму заңдылықтарын анықтайды.

Зерттеу обьектісі: халық, аймақтар, халық шаруашылығы.Мемлекет, аудан (адам, халық) тұрғындары материалдық құндылықтарды негізгі өндірушілер мен тұтынушылар болып саналады. Халық - өте маңызды әрі қиын зерттеу обьект, оны көптеген ғылым салалары зерттейді.

Аудандық жоспарлауда халықты аудан бойынша орналастыру мен қайта қоныстандыру процесі сол ауданның жоспарлануының басты принциптеріне байланысты жүргізіледі. Және өндіргіш күштерді орналастырумен тікелей байланысты.

Халықты ұйымдастыру мен аудандық жоспарлау" пәні, аймақ және көпсатылы деңгейі бойынша халықтың орналасу ерекшеліктерін, қоныстанулардың алуантүрлілігі мен олардың байланыстарын, шаруашылық зоналарының орналасу заңдылықтарын және дүние жүзі бойынша таралуын зерттейді. Ол біздің еліміздегі халықтың орналасуының кеңістіктік аспектілерін зерттеумен айналысады. Аталған мақсаттырдың жетістігін бағамдау түсініктер жүйесі, негізіг мағлұматтар, факторларды, ғылыми зерттеулердегі әдістемелік амалдардың меңгерілуі болып табылады. Аталған пән үлкен кәсіби және дүниетанымдық маңызы бар. Халық (синоним – «халықорналасу») – қоғамның негізгі өндіргіш күші. Дәл халық, экономикалық, әлеуметтік және ұлттық факторлармен бірге қоғам дамуының негізі болып саналады.

Дәрістердің бағдарламалық курсы негізінде халықтың табиғи қозғалысындағы айырмащылықтарының, жастық және жыныстық құрылымда, ҚР еңбек ресурстары мен халық саны, халықты қоныстандыру типтері мен формаларының, олардың миграциясының географиялық аспектілері қарастырылады. Халықты орналастыруда маңызды сипатқа ие табиғат жағдайы мен ресурстарына экономикалық бағалау беріледі. Өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығына және олардың салаларының орналасуы мен ауданаралық ұйымдастырылуының негізгі ерекшеліткері айқындалады.

Еңбек ресурстарының саны және олардың орналасу ерекшелігі кез-келген ауданның экономикалық потенциалымен, өндіргіш күштердің дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Кез-келген аумақты халықты ұйымдастыруда әлеуметтік мақсат негізгі болуы шарт. Яғни халықтың қажеттілігі мен қызығушылығын ескеру қажет. Халықты территориялық ұйымдастыруда халықтың орналасуы мен қоныстануының келесідей әртүрлі аспектілерін қарастыру керек:

  1. Физикалық-географиялық;

  2. Этно-конфессиалды;

  3. Тарихи-мәдени;

  4. Демографиялық;

  5. Саяси;

  6. Әлеуметтік-экономикалық;

  7. Экологиялық.

"Аудандастыру" термині келесі мағынада түсіндіріледі. Біріншіден, оқшауландыру обьектісі ретінде (мысалы, халықты орналастырудағы елді мекенді тандау); екіншіден, локализация обьектісінің соңғы шешімі ретінде (қоныстану тораптары). Халықты аумақ бойынша орналастыру мен қайта қоныстандыру процесі сонымен қатар таралу деп те атауға болады. Яғни, "орналастыру" атты статикалық термин "кеңейту" атты динамикалық терминмен жаңаратылады. Кеңейту немесе таралу обьектілердің қоныс аудару кезінде және бір географиялық нүктеден екіншісіне ауысу кезінде қолданумен байланысты.